Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет128/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
маңдайынан бiр атып, сiлейте салайын. Қанша дәу болса да, оққа 
айла табар ма екен.
— Ойбай, көтек, Сүлеймен ғой бұл. Мұны өлдi дегендерiң 
қайда? — деп әйел шар етiп, үйге зып бердi.
— А-а-а, шынымен Сүлейменбiсiң? Апырау, бауырым, аман-
есен бармысың өзi? — деп Құлтан дереу даусын жұмсарта, 
момақанси қалды. Бiр жағы қатты қорқып қалғаны да бiлiнгендей.
— Ойпырмай-ә. Қашаннан берi бауырым деп қалдың? Баяғыда 
менi түрмеге тыққаның есiңде ме? Сондағы қысастығың үшiн, 
қазiргi елге iстеп жатқан зорлығың үшiн кек алуға келдiм сенен.
— Қой, қой, Сүке. Ескi нәрсенi қозғап, не қыласың? Одан 
да үйге кiрiп, қонақ бол. Ә, жаныңда серiктерiң бар екен ғой. 
Кiрiңдер бәрiң. Өй, мынау Тәңкi ме? Тәңкi, жiгiттердiң аттарын 
байласайшы, — деп демнiң арасында басқаша сөйледi.
— Үйiме кiргiзiп, жақсылап сыйлап жiберсем, құтыламын деп 
тұрсың ба, менен? Сен түлкiнiң мiнезiн бiлем мен. Сен айтпасаң 
да, бүгiн осында қонақ боламыз. Саған көресiнi ертең жұрттың 
көзiнше көрсетем.
Сүлеймен оның жағасынан жiбермеген қалпы үйiне итерiп 
кiргiздi. Үйi екi-үш бөлмелi, кең, әрi жасаулы екен. Төрде екi 
жерде үлкен орыс шырағы жанып тұр. Еденде қалың қалы кiлем. 
Қос-қос көрпешелер жаюлы жатыр.
— Айналаңдағы жұрттың күйi — анау. Ал өзiң болыс үйiндей 
там салып, төбе бидей өмiр сүресiң. Осы үй-мүйiңмен қосып, 
өртеп жiберейiн бе?
— Қой, Сүке. Үйдiң мүлкi жақсы болса, ол өкiметтiң арқасы 
да. Жұрт маған ұқсап, жұмыс iстейдi деймiсiң. Осыдан да олар, 
жалқаулығынан деймiн де, күн көре алмай жүргендерi…
— Не оттап тұрсың?! Жұмыс iстеп, адалдығыңмен байығыш 
болсаң, кешегi Ордабектiң кезiнде неге осындай тұрмысқа 
қол жеткiзе алмадың? Елдi тонап, атып-асып, қорқытумен, 
бiреудiң еңбегiн пайдаланып жинаған дәулетiңдi қалай өкiмет 
пен жұмыстың арқасы деп айтып тұрсың? — деп Сүлеймен 
желкесiнен қойып қалды.


269
Сүлеймен қарақшы
Құлтан серейген күйi мұрны жер сүзе құлады. Қатыны: 
“ойбай, өлтiрдiң, өлтiрдiң”, — деп сыңси жылап, оны сүйемелдеп, 
көтеруге талпынды.
— Төрекелдi белiңдегi арқанды шешiп, Тәңкi екеуiнiң 
арқаларын тiрестiрiп, қосақтап байла. Түнде қашып кетiп 
жүрмесiн. Сен, қатын, сыңси бермей, тұр да, бiзге ет ас. Жаңа 
байың айтты ғой, “қонақ болыңдар” деп. Қалың көрпешенiң 
үстiнде жатып, қонақ болайық. Ажан, мына қатын далаға шықса, 
сен де шық. Үйге кiрсе, сен де кiр. Бiр елi жанына қалушы болма. 
Бiзге жақсылап қызмет қылсын. 
Қорқып кеткен Нәзия ас қамына кiрiстi. Төрекелдi Тәңкi мен 
Құлтанды қосақтап байлап тастады. Содан ас дайын болғанша, 
төртеуi байлаулы екеудi әбден мазақ қылып, келемеж етiп 
отырысты.
— Байланып, амалсыз қалған қандай қиын-ә, Құлтан. Жұртты 
қинаудың азап болатынын ендi түсiнген шығарсың. Айтшы, оқу 
қуып, өсейiн деп ойлаған бас көтерер жiгiттердi неге “халық 
жауы” деп ұстатып жiбере бересiң? Қанша азаматтың обалы 
бар мойныңда? Бәрiнен де бұрын Ордабек болыс пен Нарымбет 
байды, мiлиса бастығы болып жүрген Ноғайды, тiлмәш Тәжiбай 
мен Сыдықты, Естеместiң Мәуленiн қайда айдатып жiбердiң?
— Сыдықты НКВД-ның адамдары ұстаған. Тәжiбай мен 
Ноғайды, Мәулендi солар қудалаған. Ал Ордабек пен Нарымбеттi 
Оралға жер айдатқан да мен емес — өкiмет.
— Құралбайды он жылға, Есенбектi жетi жылға соттатқан
Абылайды ату жазасына, кестiрген, Тұрлыбектi “мiлисаға қол 
көтерiп, мылтығын тартып алмақ болды” деп татар солдатына 
атқызған, одан қалса, қаншама жiгiттердi көпе-көрнеу жазаға 
тартқызған да, сен емес шығарсың. Бәрiн айт та, бiрiн айт, өз 
ауылдастарың мен жамағаттарыңның малдарын тартып алуға 
қалай дәтiң барды? Бала-шаға, кемпiр-шал аштан өлiп жатқанда, 
мынадай үйде тұрып, тамақ iшуге қалай арланбайсың?
— Елдiң малын алған да мен емес. Өкiмет солай бұйырған. 
Мына Тәңкi бiледi, жұрттың малдарын сонау Шымкенттен, 
Кеөргiптен келген солдаттар тартып алған.


270


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет