296
Сүлеймен қарақшы
— Бауыздай қоятын қоныштарында қанжарлары дайын
деймiсiң.
— Кiм бiледi, Сүлеймен. Бiр ұйықтасаң үстiңнен арба өтсе де
бiлмей ұйықтайсың. Шын қастық ойлаған адамға бiреуге ажал
құштырудың амалы көп емес пе?
— Онда құс ұйқылы Аязбек бәрiмiзге қарауыл болсын. Есiттiң
бе, Аязбек? Жан-жақтың ау-жайын байқап отыр...
— Жарайды, Сүке. Вагон тақылынан естiмей қалмасам, әудем
жердегi құс қанатының сусылын құлағым шалушы едi. Мен
бiлсем, бұлар ендi тырп ете алмайды.
— Тағы бiрдеңенi шығаратын болса, жұлындарын жұлып,
миларын шашып тастаймын.
Бiр айдан аса уақыттан берi қапас
өмiрге көндiге бастаған
Сүлеймен, ештеңе айтпай, беймарал ұйқыға кiрiстi. Ертеректе
қыр мен сайдың төсiнде бауырына тоқым жайып,
басына ер
қоя салып, ұйықтап жүрген жан емес пе. Сондай шыңдаудан
өтiп, бөрi мен қырандай тағы өмiр сүрiп үйренген оған вагон
iшiнде қабырғаға арқа сүйеп, аяғын жаза отырып ұйықтау мамық
төсектен кем соқпады. Осылай отырып-ақ ұзақ ұйықтады. Ешкiм
оятпады. Бiр кезде көзiн ашып қалса, вагон iшi жап-жарық.
Пойыз тоқтап тұр. Айналадағылардың
бiразы әлi ұйықтап, ал
бiреулерi өзара күбiрлесiп, жәй сөйлесiп отыр. Кешегi қазақша
бiлгiш орыс мұның оянғанын көрдi:
— Қалай, атаман? Жақсы демалдың ба? Мiне, кешегi айтқан
Шамалғанға да келiп тұрмыз. Осы жерде үстiмiзге тағы бiреулердi
кiргiзбесе болғаны.
Сүлеймен оның жанындағы серiктерiне қараса, кешегi өзi
ұрған орыстардың бет-аузынан түк жоқ. Мұның басы тиген
әне бiреуiнiң жалпақ
бетiне бет қосылып кеткендей, мұрны
мен көздерi iсiктен көрiнбейдi. Бiреуiнiң қастары айырылып
кеткен бе, көзiнiң үстiнде кiшкене-кiшкене алмадай екi iсiк iлiне
қалыпты. Үшiншiсiнiң ернiнiң домбығып кеткенi соншалық,
мұрын астына үлкен басты айғырдың аузын тiгiп қойған секiлдi.
Ал дәу орыстың ұзын шаштарының
ұштары мен жағасына
қатқан қан iрi-iрi жара сияқты, көзге қораш көрiнедi. Өзi басын
қос қолдап сығып, қиналып отыр. Соққыдан миы шайқалған-ау