Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет244/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Бұл өкiметтiң осындай думаны жүдә көп қой. Ертеңгiсi қай 
мейрамы?
— Ертең жетiншi қараша. Кеңес өкiметiнiң орнағанына 
жиырма жыл толыпты. Шаһардағы өкiметтiң ұлықтары мен 
дөкейлерi соған орай кәтта мейрам ұйымдастырып отыр.
— Сол ұлықтар мұндай даңғаза думанды ұйымдастырғанша, 
шаһардағы адам жегiш жөйiттер мен қашқарлық ұры-қарыларды, 
сарттың қанiшерлерi мен қарақшыларын құртса қайтедi? 
Құрбашы-басмашылардан қалған залым сiлiмтiктер әлi шаһарды 
билеп-төстеп жүргендерiн олар неге көрмейдi?
— Бiлмеймiн ғой. Мен де осыған таңмын. Базар сайын үш-
төрт әйел, болмаса үш-төрт бала жоғалады. Қайда кеттi? Жан 
адам бiлмейдi. Анада былтыр мiлисаға нәшәндiк болып келген 
орысты үйiнде әйел, бала-шағасымен қоса бауыздап кеттi. Оны 
кiмдер iстегенiн де таба алмады бұл өкiмет. Анау, Құдай секiлдi 
көрiнбейтiн, бiрақ атынан жұрттың иманы ұшатын Бекаба 
деген жөйiт өлмей, тыныштық жоқ мұнда. Кейде ойлаймын
“сол Бекаба деген бар адам ба, жоқ адам ба? Әлде қарақшылар 
оны ойларынан құрап, елдi қорқытып жүр ме?” деп. Әйтпесе, 
өзiң ойлашы, Бекаба бар болса, неге оны бiр адам көрмейдi? 
Iнiнде жатып, қарақшы жұмсап, оларға барлық айтқанын iстетiп 
отыратын ол қандай патша?! Әй, патша да ел көзiне көрiнедi ғой.
— Менiң Бекабаның талай адамдарымен жұдырықтасуыма 
тура келдi. Ал өзiн еш кездестiре алмай жүрмiн.
— Ол жоқ адам болса, қалай кездеспексiң?
— Ол — бар адам. Көзiн көргендер маған оның қандай екенiн 
сипаттап та берген. Бiрақ нақты қай жерде тұратынын бiлмей, 
дал болған жоқпын ба? Әрi оны iздейтiн бiр кеңiрек уақыт та 
болмады. Ендi ғой, Мамажанның айтуымен шаһарда қайта еркiн 
жүре бастағаным... Айтпақшы, бүгiн қайтпасам, екеумiз кешке 
дейiн бiр жерге барып қайтайықшы.
— Қай жерге?
— Қарақамыс орамында Құрақ деген танысым бар едi. Осыдан 
бес-алты жыл бұрын оны Бекабаның адамдары әбден азаптап
төсектен тұра алмайтын етiп тастаған едi. Онымен қоймай, 
қатынын әкетiп қалыпты. Сол мiскiннiң жағдайы не болды екен? 
Тәшкенге келгелi берi үйiне барудың еш ретi түспедi. Жүршi, 
соған барып, қайтайық.
Тағай арбасына қос өгiз жектi. Екеуi мимырт жүрiстi 
өгiзарбамен Қарақамысқа жеткенше түс те қайтты. Сүлеймен 


518
Сүлеймен қарақшы
қиқы-жиқы үйлердiң арасынан Құрақтың мекенiн жаңылмай, тез 
тапты. Дауыстап едi, үйден он алты-он жетi жастағы бiр бозбала 
шықты.
— Кiмнiң баласысың? 
Бұлармен амандасқан бозбала Сүлейменге қарап тұрды.
— Сiз баяғыда бiздiң үйде болған едiңiз-ә? 
— Егер Құрақтың баласы болсаң, осы үйде болғанмын. Әкең 
қайда? Жағдайы қалай өзiнiң?
Бозбала төмен қарады. Сәлден соң басын көтердi. Жүзi мұңды.
— Көкемнiң өлгенiне бiр жыл болды.
— Алда, жазған-ай! Ойбүй, шырағым-ау, оны естiмеппiз. 
Иманды болсын. Жүр-ей, Тағай, үйге кiрiп құран оқып шығайық.
Сүлеймен үйге кiргенде жаман иiстi сездi. Үй iшi бұрынғыдан 
жүдеу. Тағай күбiрлеп, құран оқыды. Ол болған кезде Сүлеймен 
бозбалаға бұрылды:
— Iлгерiде бiр келгенiмде сендер екi-үшеу сияқты едiңдер. 
Iнi-қарындастарың қайда? Далада ойнап жүр ме?
— Ата-ау, бұл үйде мен жалғыз қалғам. Әкем төсекте көп жыл 
жатты. Денесi шiрiп, иiстенiп жатты. Сол иiстен бе, жоқ әлде 
басқадан ба, iнiм мен қарындасым бiрiнен соң бiрi қатты ауырып, 
өле бердi. Көкем өлгенде жерлесуге келген көршiлер денесiн 
ұстай алмады. Қай жерiн ұстаса да, үзiлiп кете бердi. Атаңа нәлет 
Бекаба, осының бәрi соның кесiрi.
Бозбала қыстығып жылап жiбердi. Сүлеймен не дерiн бiлмедi. 
Тағай тапқан сөзiн айтып, оны жұбатты. Жүрегi шымырлап, 
iшiндегi Бекабаға деген кек одан бетер қатайған Сүлеймен терең 
бiр күрсiндi.
Айналайын-ау, жалғыз қалған екенсiң-ау. Жә, тағдырға 
не амал бар. Өзiң ендiгi үлкен жiгiт болып қалыпсың. Әкеңнiң 
отын сен жағарсың бұдан былай. Қамыға берме, шырағым. Мә, 
қарағым, мынаны ал. Күнкөрiсiңе жаратарсың, — деп белбауына 
қыстырулы тұрған бiр буда ақшаны бозбаланың алдына тастады.
Қанша дегенмен жас жiгiт емес пе. Ақшаны көргенде қамыққан 
жүзiнде қуаныш табы байқалды.
— Рахмет ата, рахмет!
— Айтпақшы, шешелерiң сол күйi оралмады ма?
— Оралмады. Бекаба сұм оны да өлтiрiп қойған шығар.


519


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет