Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет250/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
бұл атып тұрды. Бұл кезде Қосыл орнынан дереу көтерiлiп, там 
төбесiне тырмысып шығып кетуге әрекет еттi. Сүлеймен оң 
қолымен құлақ шекесiнен бар күшiмен қойып жiбердi. Анау ес-
түссiз күйi лақтырылған қаптай, арба үстiнен ұшып барып, жерге 
құлады.
— Жақсылық жақпайтын бұл не деген адамдар өзi, — дедi 
Сүлеймен өзiне-өзi сөйлеп. 
Сосын балағын түре аяғының дызылдаған жерiн қолымен 
сипады. Қан ағып тұр. Бiрақ пышақ терең кiрмеген сияқты. 
Жердегi Қосылдың шапанын түрiп жiберiп, көйлегiнiң омырау 
тұсын дар еткiзiп айырып, аяғын таңды. Одан соң осы көше 
Салар өзенi жаққа бiр апарар деген оймен арбаға отырып, аттарға 
қамшы басты.
Қос ат жегілген арбаның божысын өзі ұстаған Сүлеймен 
шығысқа қарай ұзақ жүрді. Бір уақытта екі қапталын бір-біріне 
жалғасқан тамдар орналасқан тар көшенің басына да шықты. 
Айсыз тас қараңғы түнде қай жерге келгенін аңдау әсте мүмкін 
емес. Бір байқағаны – алдыңғы жақ тегіс дала сияқты. Бағана 
осы көше Салар өзені жаққа бір апарар деген ойы енді әдірем 
қалғандай. Өйткені алдыңғы жақтан не судың сарылы, не 
үрген иттің дауысы естілмейді. Меңіреу тыныштық. Сүлеймен 
шаһардың бір шетіне шығып кеткенін енді аңдағандай болды. 
Сөйтті де, ат басын кері бұрып, келген ізіне түсті. Әлгі тар 
көшемен бір сағаттай жүрді. Әлден уақытта арбаға жегілген 
аттар қалт тоқтап, осқырынып аяқтарын алға баспай қойды. 
Олардың бұл қылығын түсінбеген Сүлеймен «шу-шулеп» 
аттарды қамшылады. Аттар сонда да жүрмеді. Аттарға жыны 
келген Сүлеймен өз-өзіне күбірлеп, арбадан түсті:
–Маңқа келіп қырылғыр бұ хайуандарға не көрінді-ей, тегіс 
жерде кібіртіктеп...
Аттардың алдына шығып төмен үңілсе, жерде көлденең 
сұлаған біреу теңкиіп жатыр. Аттар содан аттамай тұр екен. 
Оның мына жатысына таңқалып, иығынан түрткіледі:
– Ей, не қылған адамсың? Өзің өлісің бе, тірісің бе? Әлде 
мас болып құлаған адамбысың?


531
Сүлеймен қарақшы
Анау қарғып тұрды. Қарғып тұрды да, мұның жағасынан 
ала кетті. 
–Ит қазақ! Мені өлтіріп кеттім деп ойладың ба?! Мені 
кезінде Бекаба да өлтіре алмаған. Сенің де өлтіру қолыңнан 
келмейді. Бағана мені қорқақ екен деп ойладың ғой. Жоқ, мен 
қорқақ емеспін...
Бетпақтана ұмтылған ол, көкбет қатын тәрізденіп, Сүлейменді 
беталды сабалай жөннелді. Бұл оның кім екенін енді аңдады. 
Аңдады да, ашуы қайта қозды:
–Ей, сен, опасыз Қосыл, мана тірі қалып па едің?! Енді осы 
жолы тірі қалмайсың! 
Тістеніп тұрып, басынан қойып қалды. Заматта жерге бұрқ 
түскен Қосылдың үні өшті. Жерде жатқанды ұрмайтын әдетіне 
басқан Сүлеймен оны жағасынан тартып, тік көтерді:
–Әлі тірімісің?! 
Қосыл былқ-сылқ етіп тұр. Демек, өлмеген. Сүлеймен тағы 
бір рет ұруға ұмтылды да, дереу өз-өзін тежеп, Қосылды арбаға 
сүйреп әкелді. Арбада жатқан месті алып, ішіндегі суын оның 
басына сарқырата құйды. Анау қиқылдап-шиқылдап, әйтеуір тірі 
екенін білдірді.
–Екіжүзді сұм, жаның сондай бекем екен-ау. Бағана сонша 
ұрғанымнан қалай аман қалдың,?! Әлде талып қалып, осында 
жата бердің бе?! 
Қосыл қатты соққыдан әлі есін жинай алмағандай, сұлқ 
күйде. Аз ғана уақыттан соң Қосыл тілге келіп, тағы мүләйімси 
қалды.
–Әлгінде ұрғаныңызда миымды шайқап жібергенсіз бе, 
тентек адамдай не істеп, не қойғанымды білмеймін. Жаңа тағы 
ұрдыңыз. Содан басым бұрынғыдан да қатты айналып, өлерге 
келдім. Енді ұрмаңызшы. 
–Сені сілейтіп кеткеніме талай уақыт болды ғой, сорлы. 
Мен мына көшенің сонау басына дейін барып қайттым. Қайтып 
келе жатсам, әлі жатырсың. Неге осы уақытқа дейін қараңды 
батырмағансың?! Жоқ, ажалыңды күтіп жатырсың ба?!
Қосыл өзін әлдекімдер құтқарып қалатындай, жан-жағына 
алақ-жұлақ қарады.


532


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет