Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Дислалияның негізгі түрлерін атаңыздар.
2. Әр түрлі дыбыстардың бұзылыстарын атаңыздар.
Дислалия кезінде логопедиялық жұмыстың әдістемесі
Дислалияда логопедиялық жұмыстың негізгі мақсаты тіл дыбыстарын дұрыс айту дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Тіл дыбыстарын (фонемаларды) дұрыс айту үшін бала келесіні білуі тиіс: дыбысты акустикалық белгілері бойынша тану; бұзылып айтылған дыбысты дұрыс нұсқасынан ажырату; өз сөзін есту арқылы бақылау және оған сапалы баға беру; қажетті артикуляциялық позицияларды келтіру; сөйлеудің кезкелген түрінде қажетті дыбысты қолдана білу.
ДЫБЫС АЙТУ КЕМШІЛІКТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ,
ТҮЗЕТУ ТӘСІЛДЕРІ
Дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс
кезеңдері.
Арнайы әдебиеттерде дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдерінде әртүрлі пікір айтылады. Мысалы, Ф.ф.Рау екі кезеңге бөлсе, О.В.Правдина, О.Ф.Токарева үш, ал М.Е.Хветцев төрт кезеңге бөледі. Кезең саны әртүрлі болғанмен олардың негізгі максаты бір болып келеді. Логопедиялық түзету жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты төмендегідей кезеңдерге бөлу тиімді:
Дайындық кезеңі
Дыбысты қою кезеңі
Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі
Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі
Аталған кезеңдердің арасында айқын шекара жоқ - біріншісінің аяқталуы екіншісінің басталуына ұласып кетеді.
Дайындық кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі мақсаттары:
- баланы түзету жұмысына ынталандыру,
- саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету,
- зейінін, тыңдау есте сақтау ойлау қабілетін дамыту,
- артикуляцияны дұрыс калыптастыру,
- дыбысты қабылдау, ажырату жатады.
Дыбыстарды қою кезеңі.
Фонемалардың дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру немесе қою кезеңінде негізгі үш тәсіл қолданылады.
Бірінші тәсіл еліктеуге негізделген. Бала естуді, көруді, тактильді-тербелісті, бұлшық ет түйсігін пайдалана отырып фонеманың дыбысталуы мен артикуляциясын қабылдайды, сапалы түрде сөйлеу органдарының қажетті қимылын, қажетті дыбыстарды қайталауға талаптанады. Бұл жағдайда дыбыстардың тікелей есітіп қабылдау, сөйлеу мүшелелерінің қимылдарын көру арқылы кабылдау, оның ішінде өзінің /айнаға қарау көмегімен/ ішінен шығатын ауа ағынын, көмекей дірілін қолымен сезіну, түрлі құралдардың көмегімен сөйлеу мүшелерінің жұмысын бейнелеп көрсетумен толықтырылуы мүмкін.
Екінші тәсіл кұралдардың /шпатель, зондтар/ немесе саусақтың көмегімен сөйлеу органдарына механикалық ықпал жасауды көздейді. Бұл жағдайда белгілі бір бастапқы артикуляция пайдаланады, соның негізінде сөйлеу органдары механикалық жолмен, баяу түрде қажетті қалпы, қозғалысы қалыптастырылады.
Таза күйіндегі осы тәсілге тән нәрсе-механикалық әсердің нәтижесінде алынатын артикуляция бастапқы кезде баланың талабына сай келмеуі мүмкін. Мәселең, Қ дыбысының айтылуын механикалық тәсілмен түзету кезінде оған та-та-та буындарын айту ұсынылады және осы кезде тілдің алдындағы бөлігі шпательмен басып қойылады. «Та» буынын ұмытпаған бала оны -тя түрінде, ал шпательмен тілді артқа ақырын жылжытып итерген жагдайда -кя, сосын -ка түрінде айта бастайды.
Үшінші - аралас тәсіл. Бұл тәсіл бойынша сөйлеу тілі механикалық ықпал жасаудың мақсаты-еліктеу және аузша түсіндіру арқылы қажетті артикуляцияны мейлінше толық және дәл меңгеруге көмектесу. Бұған баланың қажетті артикуляцияны еркін меңгере алмаған жағдайда /төменгі тіс сигматизмін түзетуді қараңыз/, тілдің ұшын астыңғы тістін артқы жағына түсіріп тұру үшін зонд пайдалану мысал бола алады.
Дыбыс айтуды машықтандыру кезенінің негізі мақсаты қойылған дыбысты ауызекі сөйлегенде дұрыс айту болып саналады. Қойылған дыбысты бекіту, немесе дұрыс айтуға машықтандыру жұмысы керекті жүйелікпен және кезектілікпен жүргізуді талап етеді. Қойылған дыбысты алдымен буында (ашық, жабық, ортада), сосын сөздің басында, ортасында, аяғында, сөз тіркестерінде, сөйлемде, байланыстырып сөйлеуде дурыс айтуға машықтандыру керек.
Қойылған дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңіндегі логопедиялық жұмыс, дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңіндегідей жүйемен жүргізіледі, яғни жеке дыбысты ажырату, сосын дыбысты, буында сөзде, сөйлемде ажырату. Дыбыстың бұзылуын түзету барысында Г.С. Оразаеваның зерттеу жұмысындағы ғылыми тұрғыдан негізделген ұлттық ойындар түрлерін логопед өз тәжірибесінде кеңінен қолдануына болады.
Сөйлеуді көзбен бақылауға /фиброскоп «Двин»/ немесе сөйлеу мүшелеріне механикалық әсер етуге арналган түрлі жаңа приборлар мен құралдар шыққан сайын, олар да жабдықтар жиынтығына өтуге тиіс.
Бұндай әсердің қажеттігін логопед пен дәрігер /стоматолог, отоларинголог/ бірлесіп шешед
Достарыңызбен бөлісу: |