«Дыбыс айту бұзылысы және ринолалия кезіндегі түзету жұмысы» пәнінен дәріс материалдары Дислалия


ҮНДІ ДАУЫССЫЗДАРДЫҢ АЙТЫЛУ КЕМШІЛІКТЕРІ



бет5/19
Дата14.11.2022
өлшемі58.73 Kb.
#464843
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
1Дауыс, рино Дәріс 2

ҮНДІ ДАУЫССЫЗДАРДЫҢ АЙТЫЛУ КЕМШІЛІКТЕРІ
ЖӘНЕ ТүЗЕТУ ТӘСІЛДЕРІ.

Жасау әдісі мен орны түрліше, қатаң немесе жұмсақ үнді дыбыстарға ортақ тән кемшілік, олардың жұптық үнсіз дыбыс түрінде айтылуы. Бұл кейде есту кемістіктерінің салдарынан фонологиялық кемшілік түрінде қарастырылады. Ол жазу сауатына да әсер етеді.


Кемшілікті тиісті меңгерілуі жеңіл Ж және 3 дыбыстарынан басталғаны дұрыс. Негізі ретінде дұрыс, үнді айтылатын В дыбысын алу керек.
Логопед Ф дыбысын созып айтады да демді таратпастан В дыбысына көшеді. /Ф-В/. Баланың назары дыбыс ерекшелігіне аударылады және қолымен тербелісті бақылатады. Тербелісті виброскоптың көмегімен ажыратуға болады.
Келесі сәтте бала жаттығуды логопедпен бірге жасап, тербелісті бір қолымен өз тамағын, екінші қолымен логопедтің тамағын байқайды.
Осылай етіп С дыбысы айтылады да дауысты қосқанда 3 дыбысын береді /С-3/.
Фрикативтік дауыссыздар мен жұмыс Ж дыбысын қалыптастырудан басталады, ол да Ш дыбысын созып айтуда 3 дауысты қосуға негізделген /Ш-Ж/.
3 және Ж дыбыстары қалыптасқан соң буын, сөз жаттығулары жасалып, дыбыс бекітеді және жұбынан ажыратылады /3-С, Ж-Ш/.
Үнді Б, Д және Г дыбыстарын қалыптастырғанда елеулі қиындық туады.
Үлгі ретінде ба-ба-ба қатарында кездесетін Б дыбыстан бастау керек. Онда дыбыстың жабық ерінмен айтылатын сәтін біраз созу пайдалы. Буыннан буынға ауысқанда дауыс дірілдейді. Балаға буындарды естіп қабылдауына да, қолымен бақылауына да мүмкіндік беру керек. Кейде Б дыбысын ұртты толтырып айтып, осы артикуляцияны балаға үйрету керек. Дауыс пердесінің тербелісін тексеру үшін виброскоп пайдалануға болады.
Ол дұрыс айтылса да дербес айтқанда бастау керек және б дыбысы буын құрамында анық естілетін болсын. Одан соң дыбыс буында, сөзде бекітіледі.
Жоғарғы тістер сирек болса, ауа сол арқылы өтіп, тіс аралық Д алу қиындайды. Бұндайда тіс аралық Д дыбысынан тісарты Д дыбысына тікелей көшу керек. Д дыбысының дұрыс айтылуы үнді қопармалы Г дыбысына алғы шарт. Ол көбінесе айтулы бұрынғы сәйкестік бойынша мынадай буын жұптарын салыстырудан алынады: па-ба, та-да, ка-га.
Г дыбысын буын қатарларын айтумен талаптану да теріс емес /бадаға, дадаға/.
Барлық жаттығулар қолды тамаққа қойып, тербелісті бақылаумен жургізіледі.
Егер екі тәсіл де жарамаса шпательді пайдаланып Г дыбысын Д дыбысынан механикалық әдіспен алу керек.
Үнді қопармасы дауыссыздарды айтуды қалыптастырған соң оны түрлі буындар, сөз тіркестері арқылы бекітеді және жұбынан ажыратады /п-б, т-д, к-г/.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет