«Дыбыс айту бұзылысы және ринолалия кезіндегі түзету жұмысы» пәнінен дәріс материалдары Дислалия


ЫЗЫҢ ЖӘНЕ ЫСҚЫРЫҚ ДЫБЫСТАРДЫҢ АЙТЫЛУ



бет4/19
Дата14.11.2022
өлшемі58.73 Kb.
#464843
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
1Дауыс, рино Дәріс 2

ЫЗЫҢ ЖӘНЕ ЫСҚЫРЫҚ ДЫБЫСТАРДЫҢ АЙТЫЛУ КЕМШІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ ТӘСІЛДЕРІ

Дауыссыз /с,с'; з,з' мен ш, ж, ч, ш,/ дыбыстарының тіл мүкістіктері сигматизм деген терминмен аталады.






5-сурет С фонемасының артикуляциялық кескіні

Бір дыбыстың басқамен тұрақты алмастырылған жағдайы, /мысалы, Ш орнына - С немесе С орнына Ш/ парасигматизм деп аталады. С дыбысының жасалу механизмі төмендегідей. /1-сурет/.
Еріндер күлгендегідей сәл керіледі. Тістер қысылған немесе жақындасқан қалыпта болады. Тіл ұшы төменгі қызыл иекке тіреледі, ортасы дөңестеледі, бүйір шеттері жоғарғы азуларға, таңдайдың бүйір жақтауларына жабысады.

Жұмсақ С дыбысының артикуляциялық ерекшелігі тілдің үстіңгі жағының биігірек көтерілуі, оның біршама ілгері жылжып тіл мен тістің арасындағы қуысына жақындауы. Еріннің керілуі айқындала түседі. Бұнда да С дыбысына О, У тіркесіндегідей ерін дөңгелектенеді. Бұны - ся, се, си және се, се, сю буындарын айтып байқауға болады.


Алғашқы сәтте тіл үстінің алдыңғы бөлігі альвеолмен бірігеді. Тіл ұшы төменгі қызыл иекке тіреледі. Жұмсақ таңдай көтеріледі, дыбыс перделері ажырайды. Ізінше олардан ажырап тіл үсті альвеолаға С дыбысы артикуляциясына тән қалыпқа түседі /6-сурет/.





7-сурет. с фонемасынын еріндік - тістік сигматизм кезіндегі артикуляциялык кескіні (профилі)



Сигматизмнің негізгі 6 түрін атауға болады:
еріндік-тістік,
тіс аралық,
тіс төңіректік,
ысқырық,
бүйірлік,
мұрындық.




Кейде сигматизмнің бұл түрі С, Ц, 3 дыбыстары мен қатар Ш, Щ, Ж, Ч дыбыстарында камтиды.


Ызың сигматизм кезінде С, Ц, 3 дыбыстары азды көпті шу естілетін реңкке ие болады. Анық байқалған түрлерінде бұл кемшілік парасигматизм деп аталады. Бұл сигматизмде С дыбысы Ш дыбысымен Ц дыбысы Ч дыбысымен, 3 дыбысы Ж дыбысымен алмасады. Мысалы, сағат орнына «шағат» цирк орнына «чирк» деп айтылады /10-сурет/.
Олар сөйлеу танымның ең жоғарғы дыбыстарын естіп, оның С, Ц, 3 дыбыстарын Ч, Ш, Щ түрінде қабылдайды.
Мұрындық сигматизм түрлеріне жалпы тән қасиет С, Ц, 3 дыбыстары айтылуына тән шудан өзгешеленеді, одан кейінгі дауыстылар мұрындық реңкке ие болады. Мұрындық реңк жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы қабырғасы арасында елеулі қуыс болуы, соның салдарынан шығатын дем мұрын арқылы өтуі нәтижесінде пайда болады.
Жұмсақ таңдайдың бұндай қалпы сөйлеу қимыл процесінің белгілі бәсеңдігі жағдайында көршілес дауыстылардың артикуляциясына да тарайды /12-сурет/.
Шығатын дыбыстың аффрикативтік сипаттамасы осымен анықталады. 3 дыбысының айтылуы С дыбысынан айырмашылығы тек қана дауыс тонының бірігуі мен шудың біраз әлсіреуінде.
С, Ц, 3 дыбыстардың айтылуы қателігін С дыбысынан бастау керек. Жұмыс тәсілдерін таңдау сигматизмнің түрлеріне байланысты.
Еріндік-тістік сигматизм кезінде балаға ең алдымен С дыбысын айтқанда төменгі ерін жоғарғы күрек тіске түйіспеуі, немесе жақындамауы керек екенін көрсету қажет. Егер балаға айна арқылы көзбен бақылау жеткіліксіз болса, онда ерінді жалаңаштаған тіс тізбегіне тигізіп, айырып көрсетіп, қарапайым артикуляциялық гимнастиканы пайдаланған дұрыс. Қажет болғанда төменгі ерінді шпательмен немесе саусақпен төмен тартатын механикалық көмек қолдануға болады.
Үйреншікті тіс арасына тілдің шыға беруін тоқтату үшін буынмен, сөзбен жаттығуларды тістерді қысып тұрып жасау керек. Бұл әсіресе С дыбыс буын мен сөз басында келсе де ерекше маңызды. Алайда мүмкін болған сәтте-ақ мұндай «тістеніп» сөйлегенді тоқтатып, қалыпты айтуға көшу қажет. Жаттығу кезінде айна арқылы артикуляцияны көзбен бақылау қамтамасыз етіледі.
Егер тісаралық сигматизм тіс-жақ жүйесінін дұрыс құрылмауы, немесе сүт тістерінің түсу нәтижесіндегі алдыңғы тіс қалпына байланысты болса, кемшілікті түзетудің маңызды алғы шарты тіс қалпын түзету болмақ, бірінші жағдайда ол стоматология құралымен жасалады, екіншіде табиғи тұрақты тіс шығуымен түзеледі. Алайда ашық тіс қалпында тіл артикуляциясын түзету яғни тіл ұшын төменгі күрек тістің қызыл иегі астына шығару да тиімді.
Осы мақсатта № 4 зондта пайдаланады. Зонд, ол тіл ұшы көтеріліп күрек тістер арасындағы саңылауды жаппауы үшін төменгі ұшы тістерге көлденең қойылады.
Тіл икемділігі жетпегенде артикуляциялық жаттығулар елеулі көмек береді.
Ызың сигматизмде алдымен С дыбысының дұрыс, теріс айтылу ерекшеліктеріне назар аудару керек. Алайда бұл әдіс мақсатқа сирек жеткізеді. Себебі бекіп қалған ақаулық ызың-ысқырық дыбыстарын анық ажыратқан жағдайда да С дыбысының дұрыс артикуляциясын меңгеруін қамтамасыз етпейді. Сондықтан ауызды ашып отырып балаларға артикуляцияның дұрысын айнаның алдында және кемшілік артикуляцияның айырмашылығын, өз саусағымен өрнектеу арқылы сезінуге көмектесуі керек.
Бүйірлік сигматизмді түзету үшін тілмен ауыз қуысын жабу, оның ортасына жырашық жасау керек.
Демді қолға тиетін ауа ағымымен бақылауға болады. Соңынан тісті қысып тұрып, құрамында Т мен С анық естілетін Ц дыбысы айтылуға тиіс. Оны тек балаға білдірмеу керек, әсіресе, ол үшін Ц дыбысының үлгісін болдырмауға тиіс. Өйткені жағдайда үйреншікті алғашқы қате артикуляция қайталануы мүмкін.
Егер үрлегенде тіл бойында жырашық пайда болса пробирканы тілге тақағанда күшті шу естіледі, бұл тілдің дұрыс қалпын танытады. Тілде көрсетілген үлгідей жырашық пайда болмаса, ауа ауыздың бүйірінен шықса, № 1 зонды пайдалану дұрыс. Зонды тіл ортасына ұзынынан салып, тілге аздап қысу арқылы жырашық жасалады. Қажетті артикуляция қалыптасып болғанда, механикалық әсер тоқтатылады /18-сурет/.
Мұрындық сигматизмнің барлық түрлерін түзету үшін баланың мұрын қуысын жұмсақ таңдайды көтеру арқылы жағдайында ауа ағымын ауызға таратуды үйренуіне, тіл артикуляциясын бұрын меңгеруіне негізделген. Алайда бұл еңбекте ашық ринолалиямен байланысты айту қателіктері қарастырылмайды. Ол-тіл кемшілігінің дербес формасы. Қосып айтарымыз кейбір жағдайларда мұрындық сигматизм бүйірлік сигматизмде қолданыла-тын қарапайым тәсілдермен де /мысалы: т, -ф, -х дыбыстарына негіздеу/ түзетіледі.

Ц аффрикатына келетін болсақ, ол С дыбысының алдына Т қойылса /те, атс, тс-а, тс-а/ оңай алынады, ескертетін жай мұнда тіл ұшы төмеңгі тіске тіреліп айтылады. Бұл Ц дыбысы қопармалы фрикативті компоненттерін алуға болады.
Ц дыбысының айтылуын бекіткенде оны жабық буындардан /ац, оц, эц/ сол буындарға аяқталған сөздерден бастау керек. Себебі ашық буындарда /ца, цо, це/ және сөз басында/ мысалы: цирк /алғашқы кезде қопарма компонент қалыптасады /ца, цо орнына со, са/.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет