Дифференциалды психология пәнінен лекциялар жинағы глоссарий


Үйдесімді (гармонический) мінез типі



бет7/16
Дата28.09.2023
өлшемі328 Kb.
#478972
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Лекция Диффер психология (3)

Үйдесімді (гармонический) мінез типі - қорша-ған ортаға икемділігімен ерекшеленеді. Мұндай мінезді адамда ішкі қарама-қарсылықтар болмайды. ойлаған ойы мен істеген іс бір-біріне сай келеді. Көпшіл, ерік күші мол, қайсар, бір сөзді. Өмірдің барша қиын жағдайларында таңдаған бағыт-бағдарынан қайтпайды, көзқарас, талғамын ауыстырмайды. Мақсат-мұраттары мен принциптері үшін күреске дайын. Бүл адамдардың өмір сүру тәсілі жағдайға бағыну емес, оны өз қалауына орай өзгерту.

  • Іштей қарама-карсылықты, бірақ сырттай келісімді (внутренне конфликтный, но внешне согласованный) мінез адамы. Бүл типті адамның ішкі ниеттері мен сырт әрекет - кылығы арасында келіспестік бола түрып, өзінің қоршаған ортамен қатынасында әлеумет талаптарына ыңғай береді, іс-әрекетін соларға бағындырып, үлкен күшпен орындайды. Өзін ерік билігінен бірде босатпайды, жан, ой дүниесін сырттай болмыс шындығынан ажыратпаудың жол-дарын іздестіруге дайын түрады.

    Сыртқы дүниемен болған араздықты мүндай адамдар өздерінің ой-пікірлерін қайта қарастырумен, психологиялық қорғаныс іздестіру және әлеумет қолдамаған күн-делікті түрмыс күйбеңіне берілмеу жолдарымен шешуге бейім келеді. Қоғам мүшелері қабылдаған рухани кундылық-тарды мойындайды, бірақ сыртқы жағдайларды өзгертуге ынталы емес.
    3. Икемі кем, қарама-қарсылықты (конфликтный с пониженной адаптацией) мінез адамы: көңіл-күй, ниет-тері мен элеуметтік борыштары арасында үйлеспестік орын алған, шамданғыш, үнамсыз эмоциялары басым, тілдесу қабілеті нашар дамыған, іс-әрекетін ақыл сарабына сала бермейді. Бүл мінез адамдарына тән қасиет: қоршаған дүниемен арақатынасын нақты әрекет-қылық жүйесіне келтірмеген, өмір желісі қарапайым бағытты - тез өзгеріп түратын қажеттері, олар пікірінше, қандай да күш жүмса-май-ақ бір сәтте қанағаттандырылуы тиіс.
    Олар өмір үшін күреске дағдыланбаған, қажыр-сыз. Балалық шағында бүл адамдар шектен тыс мәпе-леніп, тәңірегіндегілердің орынсыз артық қамқорлығынан дербестік қалыпқа үйренбеген. Осыдан, әрқандай кедергіден қорқады, ойланып, жол іздестіруге шамасы жетпей-ді. Қиыншылықтарды абыржумен қабылдап, ырықсыз психологиялық қорғаныстармен (шарбаялық, қыңырлық, нәтижесіз армандау) айналып өтуге тырысады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет