Дифференциалды психология пәнінен лекциялар жинағы глоссарий


-Дәріс. Адамның мінездік ерекшеліктері



бет6/16
Дата28.09.2023
өлшемі328 Kb.
#478972
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Лекция Диффер психология (3)

6-Дәріс. Адамның мінездік ерекшеліктері

Жоспар:

  1. Мінездің дара ерекшеліктері.

  2. Мінез және темперамент.

  3. Даралалықты зерттеудегі мінез типологиясының маңызы.

Мінездің жалпыланған қасиеттері өздерінің диалектикалық қарама-қарсылықтарында көрінеді: күшті-әлсіз, қатал-жұмсақ, тыңғылықты- бейтарап және т.б. Мінез қаталдыңы өжеттік , тайсалмастықпен байланысты, ал жұмсақтықтан адам икемшіл, орнымен шегінеді, келісім жолдарын табуға ұмтылады. Мінездің тыңғылықтылығы мен қайшылығы мінез бітістерінің ішіндегі жетекші және екінші деңгейлі қасиеттердің дәрежесімен анықталады. Қасеттердің бәрі өзара үйлесімді келсе тыңғылықты мінез, ал бір қасиет екіншісімен үндеспесе – қайшылықты мінез орнығады. Адамның қызығушылықтары мен ұмтылыстарының, жан-жақты дамығандығы мен көп түрлілігі мінездің кеңдігін танытады.
Көп жағдайда мінез және темперамент салыстырылып түсіндіріледі. Темперамент пен мінездің өзара байланысы :

  1. Темперамент пен мінездің өзара тығыз байланысы (Кречмер);

  2. Мінез темпераментке қарсы шығуы мүмкін деген (антогоностикалық қатынас – Викторов, Левтитов);

  3. Темпераментті мінездің элементі ретінде;

  4. Темпераментті мінездің тума негізі ретінде мінездің қалыптасуының негізі деп мойындау.

Адам мінезі – адамның өмір бойы қалыптасқан дара ерекшеліктерінің жүйке жүйесінің қызыметінің тума қасиеттерімен байланысы. Оған дәлел ретінде шыншыл немесе мейірімді, өтірікші, зұлым болу темпераменттің кез келген типінде кездеседі. Бірақ мінездің кейбір ерекшеліктері темпераменттің нақты типтерінде неғұрлым жеңіл қабылданады. Қарым-қатынас жасаушылық әрине сангвиник және холерикке тиімді.
Біргелкі темпераментке ие адамдарда әрқилы мінез белгілері болуы мүмкін. Темперамент ерекшеліктері қайсыбір мінезді дамытып, басқаларына шектеу қояды. Мысалы, холерикке карағанда меланхоликтің өзіне жігерлілік пен жүректілікті дарытуы қиынға соғады. Ал холерик флегматик сияқты ұстамды бола алмайды, флегматик сангвиник ұқсап көпшілікпен тез тіл табысып кете алмайды, т.с.с.
Мінезі тұрақталған адамда темперамент дербес әрекет көрінісі болудан қалып, мінез бітістеріне сай әрекет-қылықтардың іске қосылу динамикасын айыруға көмектеседі. Мінез және темперамент бітістері адамның біртұтас келбет-кейпінде өзара байланысқа түсіп, тұлға дара-лығының интегралды сипаттамасын береді,
Мінез бен ерік арақатынасы өте тығыз. Осыдан көп жағдайда "мінезді адам" және "еркі күшті адам" сөз тіркестерін бір мәнде түсенеміз. Ерік, көбіне, мінез күшімен, қатаңдығымен, табандылығымен және т.б. байланысты. Адам мінезінің күштілігін айта отырып, ондағы еріктік сапалар мен мақсат беріктігін ескереміз. Бұл тұрғыдан адам мінезі ерік сапаларын қажет ететін қиын жағдайларда, үлкен кедергілерді жеңуде көрінеді. Алайда, мінез тек күш сипатымен айқындалмайды, онда әрқилы өмір жағдайына орай ерік әрекетінің қызметін бағыттаушы мазмұн бар. Бір жағынан, еріктік әрекеттерде мінез қалыптасады әрі көрінеді, адам үшін маңызды ситуацияларда ерік мінезге ауысып, турақты қасиет түрінде бекиді; кейін осы қасиет адам қылығы мен еріктік әрекеттеріне ықпал етеді. Ерікті әрекет әр уақыт мақсатына орай нық, турақты және табандылығымен ерекшеленеді. Екінші тараптан, еркі бос адамды көп жағдайда "мінезсіз" деп сипаттайды. Психологиялық турғыдан бұлай болмауы тиіс, еркі бос адамның да қандай да мінез бітістері баршылық: қорқақтық, жүрексіздік, сенімсіздік және т.б. Мінезі айқын болмағандықтан адамның іс-әрекет, қылығын алдын ала болжастыру мүмкін емес. Мұндай адамда оның қылық-әрекетіне жетекшілік еткендей дербес бағыт-бағдар жоқ. Оның әрекеттерінің бәрі өз билігінде болмай, тысқы ықпалдарға тәуелді.
Мінез ерекшеліктері адамның сезімдік процестерімен байланысты, әрі бұл байланыс өзара ықпалды. Бір тараптан, инабаттық, эстетикалық, интеллекттік сезімдердің даму деңгейі адамның іс-әрекеті мен қатынасына және бұлар негізінде қалыптасқан мінезге тәуелді. Екін-шіден, осы сезімдердің өздері тұлғаға тән турақты ерекшеліктерге өтіп, адам мінезін құрайды. Борыш сезіну, әзілді көтеру, т.с.с. күрделі сезімдердің болуы жоғары дамыған адамның сипатын танытады.
Адамның мінез бітістерінде ақыл-ой (интеллект) үлкен маңызға ие, Ой тереңдігі мен жүйріктігі, қалыптан тыс мәселелерді қоя біліп және оны дербес шешу, ой жұмысындағы ынта мен сенім - бәрі адам мінезінің ақылдық қорының белгісі. Ал осы ақыл қабілетін пайдалануда бағыт таңдау - тікелей мінезге байланысты. Тұрмыста ақылға кенде емес, бірақ (мінез жарамсыздығынан) жарытып, ештеңе өндірмейтін адамдар аз емес.
Мінез құрастырушы кептеген қасиеттер біртұтас, олар даралап, шектеуге келе бермейді (өшпенділік, күдікшілдік, сақилык, т.б.). Ал кейбір қасиеттер, мысалы, еріктік (жүректілік, дербестік т.б.), сезімдік (жайдарылық, кө-ңілділік т.б.), ақыл-саналық (ой терендігі, сындарлық т.б.) адам мінездерінің ерекше құрамды бөліктері ретінде талдауға келеді. Барша мінез бітістері өзара заңдылықты байланыскан: батыр адам - сақи да табанды; ашық адам - жайдарлы, сенімді, достыққа тұрақты т.б.
Мінез түрі әзінің құрамындағы бітістердің жалпы сипатына тәуелді келеді, ал бітістер негізгі немесе жетекші және қосалқы болып бөлінеді. Негізгілері адамның бағыт-бағдарын айқындауға ықпалын тигізіп, яғни адамның тұрақты мінезінің сипатын береді де, қосалқылары мінез қырларын толықтыра түседі. Мысалы, батылсыздық, қорқақтық және альтруистік бітістердің алғашқы екеуі жетекші мәнге ие болса, онда адам секемшіл мінезді келіп, біреуге жақсылық, яғни альтруистік қадамында жалтақшыл, күдікті болуынан көздеген ісіне бара алмайды. Керісінше, альтуристік қасиет басым келсе, алғы екі жағымсыз бітістерді қаймықпай басып, қайырымдылық ісінде батыл мінезді қадам жасайды.
Адам мінезінің белгілі турде калыптасуы оның коршаған дүниеге кдтынасына байланысты. Бул қатынастардың мәні адам араласып, байланысқа келген өмірлік
объекттердің маңызымен анықталады:

  1. Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл - өгірікші, әдепті - дөрекі т.б.).

  2. Орындалатын іс қызметіне орай (еңбеккер - еріншек т.б.)

  3. Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншыл-өзімшіл т.б.).

  4. Заттарға қатынасынан (сақи - ашкөз, үқыпты - салақ т.б.).

Аталған қатынастардың бәрінің де мінез түрінің қалыптасуында үлкен маңызға ие екені сөзсіз, дегенмен тұрақты, нақгы мінездің орнығуы ең алдымен адамның адаммен, қоғамға араласып, қатынасу дәрежесіне тәуелді. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т.б. формаларда көрінетін ізгі ниеттерінен бөлек мінез түрі болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе отырып, бірі екіншісінің мінезіне таңбасын салады, осыдан көй адамдар әрекет-қылығында өзара ұқсастыққа келеді немесе қарама\ қарсы, бірақ бірінің кемшілігін екіншісі толықтыратын бітістерді игереді. Алайда, еңбек, іс-әрекет қатынастарында қалыптасқан мінез бітістері мәндірек келіп, мінез түрінің басқаларынан ажыралуына себепші болады,
Мінез әр түлғада өзінше көрініске ие, солайда бол-са, оның құрамында белгілі топ адамдарына ортақ бітіс-төрді біріктіруге болады. Осыдан, мінез түрі (типі) - адамдар-дың кейбір тобына тән қасиеттің біреудің дара мінөзінде нақты көрінуі. Мұның түпкі себөбі - мінез тума берілмей-ді, әр адамның белгілі топ, қоғам өкілі болуынан оның өмір жағдайы мен іс-әрөкетіне сай қалыптасады.
Мінезде жеке бітістер және сапалармен қатар тұлғаның қоршаған ортаға икемдесуін қамтамасыз етуші жалпы қылық тәсілі - мінез типтерін ажыртуға болады. Мінез типін анықтауда нақты адамдар мінезінің жалпы да мәнді, өмірлік қажетті тараптары ескеріледі.
Осыған орай мінез келесі типтерге бөлінеді:



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет