5-Дәріс. Оқыту және дара айырмашылықтар.
Жоспар:
Тәжірибе, дағды және тестік қателіктер.
Тәжірибе және даралық айырмашылықтар.
Мектепте оқыту және ақыл-ой қабілеті.
Көптеген уақытқа дейін интеллект коэффиценті ағзаның тұқым қуалаушылық қасиеті деп есептелінді. Интеллект коэффиценті нақты тестің көрсеткіші ғана екендігін психологтар мойындауда. Егер тестің мазмұнын өзгерткен жағдайда оның мәні де өзгеретіні белгілі. Сонымен қатар, бұл мән әрекет-қылыққа әсер ететін сыртқы факторларға да тәуелді екендігі белгілі. Яғни, индивидтің тестен өту тәжірибесіне тәуелді болмақ.. Көптеген зерттеулер барысында зерттелінушілерге белгілі бір интервалды (бірнеше күннен бір жылға дейінгі аралықта) өткеріп, нақты тест түрінен өту ұсынылады. Бұл зерттеу жұмысына қалыпты және психикалық ауытқулары бар үлкендер, балалар қамтылады. Қайталап тестілеу кезінде нәтиже біршама жақсарып отырған.
Сондықтан, тестілік қателіктердің болатыны белгілі. Бұл деген сөз өткен тәжірибесінде көптеген тесттерден өткен индивидтің мүмкіндігі әрине, тәжірибесі жоқ индивидке қарағанда жоғары. Тәжірибенің негізінде индивид ұсынылатын тесттерге алғашқыдай үрке қарау сезімінен арылып, өз-өзіне деген сенімділігі арта түседі. Сондықтан, біз бұдан екі түрлі қорытынды жасай аламыз, біріншісі, тестік тапсырманы ұсыну кезінде жеке индивидтің немесе топтың өзіндік жеке ерекшелігін ескере отырып, неғұрлым лайықты нұсқаны ұсыну қажет, екіншісі, тестілеу нәтижесінің мәніне тәжірибенің ықпалының үлкен екендігін ұмытпау. Ендеше , адамның әрекет-қылығына байланысты тесті өту кезінде оның кез-келген дара тәжірибесі (ресми, ресми емес) тестің нәтижесіне өз әсерін тигізеді.
Ал тәжірибе мен дара айырмашылықтар арасындағы қатынасқа байланысты көптеген сұрақтар туындайды. Тәжірибенің негізінде дара айырмашылықтар ұлғайады ма, әлде азаяды ма? Жаттығу кезінде ол өзінің бастапқы индивидуалдылығын сақтай ала ма? Бұл сұрақтардың практикалық та, теориялық та маңызы өте зор. Өйткені бұл мәселе, персоналдарды тағайындауда, білім беру немесе кәсіптік сапа көрсеткіштерінде маңызды роль атқарады. Тәжірибе уақыты бірдей адамдардың да нақты еңбек көрсеткіштерінде айырмашылықтардың болатыны белгілі.
Мектепте оқытудың адамның интеллектуалдық дамуына әсерін білім деңгейі мен ақыл-ой дамуын анықтау тестерінің көрсеткіштерін салыстыра отырып, зерттеуге болады. Бұндай салыстыру нәтижесінде сабақ үлгері мен ақыл-ой дамуы арасындағы корреляция 0,73 және0,74 арасында болған. Әрине білім алу интеллектуалды мүмкіндіктерді көтереді және сонымен қатар, тек ақылдылар ғана білім алудың сатыларынан көп бөгетсіз өте алады. Білім алу тек адамның дара қабілетіне де байланысты емес екенін түсінуіміз қажет. Өйткені көпшілік жағдайда білім алу басқа да факторларға да тәуелді. Мысалы, қаражат мүмкіндігі, жанұялық дәстүрлер, нақты аймақтардан білім алу мүмкіндігі және т.б.
Оқыту және білімді бағалау кезіндегі адамның дара ерекшеліктерін ескеруде педагогтардың психологиялық білімі мен олардың педагогикалық жеке интуициясының маңызы өте зор.
Оқыту процесі кезінде оқытудың білім дағдылырын есепке алып, оларды бақылау жіне бағалау оқыту прцесінің аса маңызды құрамдас бөлігі. Мұғалімнің бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыру білуі, көп жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының кепілі.
Бақылау үшін бақылауды дұрыс ұйымдастыру, яғни теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілікпен дағдының қалыптасу дәрежесін анықтау, оларға талдау жасаудың әдістемелік мәселелері туралы М.Р.Ловов, Н.Н.Светловский, Е.И.Перовский және т.б.зерттеу жұмыстарын жүргізген. Білім мен білік, дағды нәтижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдануы және практикада қолдану тәжірибесі арасындағы әлі де болса қарама-қайшылықтар болып отыр. 80-ші жылдардан бастап оқыту нәтижесін есепке алу, бақылау және бағалаудың мазмұны, амал-тәсілдері мен қызметінің дидактикалық негіздерін талдау қолға алынды. Оның дәлдігін көтеруге бағытталған мәселелер, үлгерім нәтижелерін есепке алудың қатаң тәртіпке келтіру жүйесіне арналған жұмыстар қолға алына бастады.
Бақылау – кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту прцесінде оқушылардың оқу-әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау белгілі әрекеттің немесе бар білімнің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ, оқыту прйесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білім мен дағды көлемін анықтайтын құрал.
Бақылау негізінен үш сипаттағы қызметті атқарады: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.
Қазіргі педагогикадағы білімді бақылау мен бағалау келесі принциптер арқылы жүзеге асырылады:
әділдік, шындық;
жан-жақтылық;
жүйелілік;
жеке даралық;
дифференциалдық;
Әділдік пен шындық – субъективтік факторлардың болмауын көздейді, яғни білім сапасының нақтылығын көздейді.
Жан-жақтылық – бақылау оқу бағдарламасының барлығын қамтидв, оқушылардың теориялық ьілімдерін, интеллектуалдық және практикалық білік пен дағдыны бақылауды қамтамасыз етеді.
Жүйелілік - әр сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстыра қаралып, оқыту процесінің барлық кезеңдерінде бақылау жүргізуді көздейді.
Жеке даралық - әр оқушының өзіндік ерекшелігін бағалау (қабілеті, денсаулығы,белсенділігі және т.б.) қарастырылады.
Дифференциалдық қатынас - әр пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдеріне, сонымен бірге, оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың түрлі әдістерін, мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |