Диплом жұмысы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет6/14
Дата02.01.2022
өлшемі200.92 Kb.
#452002
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Тыйым сөздер (1)

Жұмыстың жаңалығы – тыйым сөздердің этнолингвистикалық ерекшеліктерін зерттеп, сипаттау болып табылады. Сонымен бірге, дипломдық жұмыста қазақ тіліндегі тыйым сөздердің этнолингвистикалық ерекшеліктері зерттеліп отыр.

Дипломдық жұмыстың теориялық маңыздылығы:

Қазақ тіліндегі тыйым сөздердің этнолингвистикалық табиғатын зерттеу және олардың ерекшеліктерін анықтау этнолигвистикалық зерттеу шеңберінде тілдік сана мен мәдениет аралық қатынастарға байланысты бірқатар жаңа тұжырымдар береді.



Жұмыстың құрылымы мен көлемі: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


I ТЫЙЫМ СӨЗДЕРДІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Этнолингвистика ғылымының негізгі бағыттары
Мәдениет – ұлт – тіл үштігі басты белгілермен тығыз байланыстағы ұғымдар. Ұлт мәдениеті мен ұлт тілі – ұлт тұтастығының негізгі белгілері. Мәдениет ұлттың тарихи дамуы бойында жинақталған мәдениеттің рухани құндылықтарының жиынтығы; мәдениеттің ұлттық негізгі дүмпуі күшті әлемдік уақиғаларға қарамастан, әрқашан тұрақты және мәдениет – ортақ нышан-белгілері бар біртұтас жүйе [1, 13]. Мәдениет – қоршаған ортаны, әлемдегі жай сырт көзбен бақылау немесе қоршаған ортаға бейімделу емес, жеке адамның (социум), халық өзінің ұлттық этникалық ерекшеліктері арқылы айнала дүниеге реакция жасауы, оны өз ұлтының мінез-құлқы, пайымы, шұғылданатын кәсібі арқылы танып-білуі, алғашқы таным-пайымдауын бағалауы. Әрбір ұлттың өзіне тән таным-пайымы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы тіл арқылы танылады. Тіл – халық болмысы, жаратылысы, ол мәдениетпен тығыз байланысты. Тіл мәдениеттің дамуын, қалыптасуын, деңгейін көрсететін, мәдениеттің ажырамас бөлігі. Тіл – ойлауды жеткізудің нысаны, құралы, сонымен қатар тіл – мәдениеттің рухани мәдениетті танып-білудің ұлт мәдениеті көрінісінің, ұлт мәдениеті өсуінің негізгі арнасы. Белгілі бір халықтың мәдениетінен ақпаратты жинақтау және сақтау (аккумулация) қызметін атқаратын басты форма.

Демек, тіл арқылы мәдениет суреттеледі, рухани және мәдениетінің барлық белгілері тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетеді [2, 18]. Әр халықтың тілі – ұлттық бітімнің өзгелерге ұқсамайтын айрықша нышаны ғасырдан-ғасырға ұластыратын, тұтас күйінде жеткізілетін қуатты құрал.

Этнолингвистикаға тоқталатын орыс ғалымы В.А.Маслова мыңдаған қызық факті келтірген: жапон тілінде қарапайым лексика мүлдем жоқ деуге болады. Сондықтан жапон тілінде аударушылар Ф.Достоевскийдің «Идиот», А.Чеховтың «Дура», дастанын шығармалардың аттарын өз тілінде беруде көп қиналады,- дейді [3, 125]. В.Маслова. Туыстықты, жақсы көруді образды беру үшін орыс тілінде «сердце» арқау болатын тіркестер көп қолданысқа түссе, қазақ ұғымында осындай қасиет-сапаларды беруге «бауыр» сөзінің семантикалық өрісі жұмсалады. Әр халықтың тіліндегі бұндай айырмашылықтар ұлттың бітім мен мәдениеттің өзгешеліктеріне тәуелді.

Ұлттың этникалық мәдениетінің ерекшеліктері, ұлттың бітімінің және рухани құндылықтарының ұлттың сипаттары адамның санасында орныққан символдық, образды-метафоралық ойды көркемдеп жеткізуде эталон – үлгі болатын тілдік единицалардың семантикасынан, ішкі нысанасынан байқалып тұрады. Ұжым әсіресе, коммуникативтік актіге қатысушылардың сөз әдебінен, адам келбетінің, психологиясының суреттелуінен, уақыт пен кеңістікке, іс-қимылға қатысты атаулардан ресми-бейресми қарым-қатынастың барысынан да белгі береді [4].

Халық мәдениеттің ана сүтімен бірге даритын небір нәзік қырларын, қасиеттерін тіл ғана жеткізеді. Қазақы тілдік ортада өскен, тәрбиеленген, арнаулы ақпараты әдебиет пен көркем әдебиетті өз ана тілінде оқитын адам тілдің осындай құдіретті күшін бірден аңғара қоймауы мүмкін. Тіл мен ұлттық мәдениеттің арасындағы тарихи-этникалық сабақтастықты, тұтастықтын бірін тілдегі жазба нұсқаларды жетік оқи алатын, тілдер мен мәдениеттің қыр-сырын ұғатын адам жетірек байқайды.

Ғасыр бойғы халықтар мәдениетінің етене араласуының нәтижесінен қазақтардың ұлт мәселесіне, ұлт салт-дәстүріне сыналап енген, өзге мәденилік белгілер мен сипаттарды тұжырымдау – этика, философия, дүниетаным әлеуметтану (социлогия) ғылымдарының аясында енді-енді қолға алына бастаған шаруалардың бірі. Өзге мәденилік белгілер мен сипаттардың зерттелуі, мәселе мен фактілерінің позитивті және негативті жақтарын санап, бағамдау – қоғам мүшесін қалыптастыру, жеке адамды тәрбиелеу ісінде ұқсастық бітім мен ұлттың ой-сана факторы алдыңғы қатарға шығып отырған қазіргі қоғам дамуы жағдайында аса маңызды іс және бұл күрделі проблема [5, 25].

Өткен ғасырдың соңғы бөлігінде, ғасырлар тоғысқан тұста және озық лингвистика тілтанымының теориялық бағдарларын құрылымдық лингвистикадан өзгешелеу жаңа арналарға – яғни тілдегі және адаммен, оның ауысу өрісімен және рухани практиканың қызметімен байланыстыра қарауға қарай бұрып отыр. Лингвистикада лингвомәдениеттаным деп аталатын мүлде жаңа бағыт аталып келеді. Лингвомәдениеттаным саласындағы басты бағыт ұлттық тіл мен ұлттық мәдениеттің бір-біріне өзара ықпалы, бұнда «мәдениет» ұғымы «расматривается примеительно к аспетам взаимодействия с языком и языковой личностью» [1, 7].

Этнолингвистика – соңғы жылдарда лингвистика мен мәдениетнаманың түйіскен тұсынан туындап отырған жаңа ғылым [2, 18]. Бұл саланың объектілері, единицалары мен пәні (предмет) жайындағы ортақ белгілеріндегі алғашқы көзқарастар В.Телиянның, В.Воробьевтің [6] еңбектерінде аталған.

Қандай да болмасын жаңа ғылымғы қатысты түйіндеулердің болжам айту, бағыт айту тұрғысынан әртүрлі болатындығы сияқты, ұлттық тіл мен ұлттық мәдениет арасындағы байланысты, мәдениеттің тілге және тілдің мәдениетке әсерін пайымдайтын анықтамалық тұжырымдамалар да әрқилы. Алайда осы ғасыр саласының обьектісі турасындағы тұжырым беру, ол – ұлттық менталитеттің, ұлттың, мәдениеттің және рухани құндылықтарының төңірегіндегі көрініс, толығырақ берілуі [7, 3].

В.А.Маслова тіл мәдениетпен тығыз байланысты деп санайды: «... өркениет тіл ішіне енеді, онда дамиды және сол тілдің мәдениетін білдіреді, ұлттық мәдениетін танытушы ғылым саласы» [4, 76].

Этнолингвистика – ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік, қоғамдық, этика-эстетикалық, рухани және тұрмыстық қатынастар мен олардың заңдылықтарын тілдік құрал арқылы зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Осы тұрғыдан алғанда, лингвомәдениеттанудың негізгі мақсаты – ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, халықтың танымдық рухани болмысын, өркениетін таныту.

Қазіргі тіл білімінде ұлттың рухани-мәдени қазынасы ретіндегі тілді құрметтеудің ауқымы кеңейе түсуде. Оның себебі: әр тіл – өз бойында ұлт болмысын, тіл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық жүйе. Сондай мазмұнды құрылымына сәйкес ол жай таңбалық жүйе емес, өркениет.Сондықтан оны зерттеуде дәстүрлі құрылымдық лингвистиканың мүмкіншілігі шектеулі. Себебі бұл арада тілдің қызметі тек коммуникативтік емес,ол (тіл) – этномәдени ақпаратты жинап, сақтаушы, жеткізуші, келесі ұрпаққа жалғастырушы, негізінен бір бүтін етіп тұтастырушы. Сондықтан да қазіргі қазақ тіл білімінде тіл мен мәдениет сабақтастығын, атап айтқанда, тілдің бойындағы ұлттық сипатты, ұлттық рухты тануға келген когнитивтік лингвистика, оның лингвомәдениеттану, лингвистика т.б. салалары өріс алып келе жатыр [5, 14].

Тілдік деректерді этнолингвистикалық тұрғыдан қарастыруда «тіл мен таным» және «тіл мен ұлт біртұтас» деген қағиданы басшылыққа алынуымен сипатталады. Атап айтқанда, бұл бағыттағы зерттеулер «тіл мен таным» сабақтастығын сипаттайды. Себебі, бұл тілдік деректерді сол тілде сөйлеуші халықтың әр кезеңдегі тарихи-әлеуметтік тәжірбиесіне негізделіп, мәдени-танымдық деңгейіне сай қалыптасқан вербалды-ассоциативті категория ретінде қарауға болады. «Тіл мен ұлт біртұтас». Бұл қағида ежелгі мәдениет көріністері, әртүрлі салт-дәстүрлердің тіл арқылы сақталып жетуі ұлтты тұтастырушы, жалғастырушы қызметімен дәлелденіп анықталады.

Тіл мен мәдениеттің өзара қарым-қатынасы, әсіресе мәдениеттің тілге ықпалы, мәдениеттің тілдегі көрінісі ғылым үшін жаңалық емес. Әр халықтың дүниетанымы мен мәдениетінде ерекшелік бар: бұл ерекшелік тілге сіңдіріледі дегеннің бастапқы негізі Э.Сепир мен Б.Уорфтың лингвистикалық ықтималдықтың творчествасында (теория лингвистикий относительности) [8, 5] қаланған болатын.

Әр халықтың мәдениетінің арасындағы айырмашылықтардың бар екені ақиқат факт. Алайда ХХ ғасырдың өн бойында мәдениет ұғымы ұлтқа қатыссыз, ұлттың бітімнен бөлек өзге мәдениеттермен синтездеуге болатын категория немесе абстрактілі түрде ұғындырылғындығы мәлім. Ал жаңа қоғамдық қарым-қатынастарға көшкен қазіргі қауымдастықтың сипаттары ұлттық бітімді танытатын өлшеусіз құндылықтардың бірі – мәдениет, екіншісі – тіл екендігі мойындап отыр [8, 6]. Бұл бір-біріне ықпалдас, бір-бірінен ажырамайтын құндылықтар қазіргі қоғам талабы алға шығарған жеке адамдарды (қоғам мүшелерін) тәрбиелеу, жеке адамдық интеллектуалдық ой-өрісін дұрыс қалыптастыру бағытының негізіне айналып келеді[9, 6].

Этнолингвистика саласы – лингвоелтанумен де ортақтасатын ғылым: алайда оның ауқымы оларға қарағанда анағұрлым кең: лингвомәдениеттаным әрбір единицаның белгілі бір халықтың тіл элементі, халықтың тілімен бірге жасасып тән өз сөзі, өзгелерден ауыс-түйіс емес, өз меншігіндегі сөз, афоризм, мақал-мәтел екенін дәлелдейтін белгі қайсы, ұқсастық, бет-пішіні бар деп есептелген (сөз өзге де тұлғалар) этникалық, саяси, адамдық тұрмысының нормалары мен қағидаттарын қандай мәлімет жеткізе алады дегенді назар аударады [10, 14]. Және де бұл жекелеген тілдік фактілер төңірегінде жай, қарапайым шолу, болжам айту деген сөз емес, ұлттық мәдениет пен ұлттық тілдің өзара байланыстары, бір-біріне әсері айқын факті жүйелі түрде топтастыру, ішкі формасы арқылы белгілі бір ұлтқа ғана тән екенін танытатын тілдік единицалардың коммуникативтік қызметінің (қарым-қатынас жасау қызмет) айырым-белгілерін, сапаларын анықтау.

Екі немесе бірнеше халықтар мәдениетін (еңбек құралдары, үй-тұрмыс заттары, ұлттық киім-кешек пен ұлттық тағам) және рухани мәдениеттін (дүниетаным, адам, имандылық, тәрбие, мораль, білім беру, заң, этика, өнер, мифология және дін) білдіретін тілдік единициалар халықтардың белгілі-бір хронологиялық мерзімінде бір-біріне саяси, экономикалық және мәдени әсерінің деңгейін анықтауға септігін тигізеді сондай-ақ және ең бастысы – бір тілдің лексикоргафиялық, фразеологиялық жүйесі, образдылық құралдары ауқымының қаншалықты екенін көрсетеді [11, 74].

Әр халықтың тіліндегі ұлт мәдениетінің басты сипаттарының белгіленуі, мәдениеттің тірі көрінісі, қоршаған ортаның тіл арқылы суреттелуіндегі ұлттың мәдениетіне, этникасына тән өзгешеліктер тұрғысындағы мәлімдемелер жағдайында аталғандармен қатар уақыт пен кеңістікке, сөйлеу әдебіне қатысты параметрлерді, сондай-ақ сөздің басқа да бірқатар семантикалық топтарында сақтаған және жинақталған.

Мәдениеттің көрінісі, ұлттық мәдени сипаттамалардың тілдік құралдар арқылы белгіленілуі қазақ ғасырында ретроспективалық ыңғайда этнолингвистика аясында қарастырылып келгені белгілі. Сонымен қатар ғасыр соңындағы жаңа ғылыми бағыттарда қоғам, қоғамдық құрылым, жеке адамдардың мінез-құлқы, табиғат құбылыстары, қоршаған табиғи орта (өсімдік, жан-жануар) ерекшеліктері, сондай-ақ адамның антропологиялық келбеті, ішкі жан дүниесі белгіленетін, осыларды концептуалды немесе образды түрде атайтын тілдік құралдардың қай-қайсысында да лингвомәдени сипат, мәдениет пен тілдің қарым-қатынасы көрінетінін дәлелдеуге ұмтылыс бар [5, 8].

Бұның негізі мынада: «каждый язык национально специфичен. При этом в языке отражаются не только особенности природных условий и культуры, но и своеобразие национаального характера его носителей» [12, 21]. Бұған мазмұнда пікір орыс ғалымы В.Виноградов та айтқан болатын «каждый язык прежде всего национальные средство общение» [6, 12].

Тіл мен мәдениеттің арақатынасы, олардың бір-біріне ықпалы жөніндегі ғылыми тұжырымдар Э.Сепирдің пікірінше, «язык не существует и мне культуре, то есть вне социально унаследований совокупности практических навыков и идей, характер изующих наш образ жизни «содержание языка неразрывно связано с культурой» [8, 194].

Тіл мен мәдениеттің байланысы тіл білімінің қазіргі лингвомәдениеттану саласында ерекше мәнге ие. Осымен байланысты лингвистикалық реконструкция мәдени реконструкциямен сабақтасады. Ежелгі дәуір адамдарының әртүрлі әлеуметтік-тарихи кезеңдердегі өкілдердің айналадағы алуан түрлі сыры туралы мифтік бағам-пайымын, наным-сенімін көрсететін тіл деректері, кейбір көне этномәдени сөз қолданыстары бүгінгі заманға халқымыздың бай ауыз әдебиеті, ескіліктері, көркем әдебиет мәтіндеріндегі ұлттық-мәдени компоненттері т.б. шығармашылық көздері арқылы келіп жетті [13, 76].

Бұл жөнінде Е.Ә.Керімбаев былай деп жазады: «Жалқы есімдерінің ұлттық мәдени ерекшеліктерін зерттеу қазақ тілінің ономастикалық жүйесін зерттеуде мәдениеттанымдық аспектіні пайдалануды қарастырады. Қазақ тілі қалыптасуы мен дамуына қазақ халқының этномәдени өмірі шешуші мәнде әсер етеді. Этностың материалдық және рухани өмірі қазақ тілінің этностық болмысымен өзара байланысты. Этностық тұрғыдан өзіндік таңбаға ие болған онимиялық бірліктер өзіндік бейнеге ие болды» [14, 28].

Сондықтан көне тілдік деректер халқымыздың ұзақ этномәдени даму жолын, материалдық және рухани құндылықтарын, түп-тамырын неғұрлым тереңірек танудың бір құралы, маңызды таным тетігі ретінде зерттеледі. Бұл екі фактордың тоғысуы нәтижесінде пайда болған тілдік деректер ұлт мәдениетін немесе ұлт тарихын, халықтың қоғамдық өмірін бейнелеп қана қоймай, ана тілінің сөздік қоры байлығының көрсеткіші ретінде де танылады. Мысалы, тіл мен мәдениеттің атауына ұйытқы болған этнографизмдер – ана тілі байлығының бір бөлшегі. Бұл атаулар – тілдік қазынаның сүбелі саласының бірі және бүгінде жалпы халықтық қолданыста жоқ кейбір байырғы сөздер мен сөз тіркестерінің мағына-мәнін танытатын мәдени әрі тарихи ақпараттар көзі.

Бірақ этностың көне дәуіріндегі тарихынан, мәдени өмірінен хабардар ететін этнографизмдер – тілімізде мағынасы ұмыт болған немесе сөздер мен сөз тіркестері олардың сырын ашуды, танытуды қажет етеді. Осы орайда қазақтың қара сөзін бағзы мәдениеттің жетегінде тіл арқылы анықтап, келер ұрпақтың санасына зор мақтанышпен жеткізу – ана тіліміздің бай ырысын танытудың бір жолы [13, 8]. Тақырыптың мақсатына сай нәтижеге жеткізуге көмектесетін тілді зерттеудің тиімді саласы – этнолингвистика. Ол – адамзат қауымының этностық деңгейдегі балаң, бастау тұсындағы тек-тамырын, мекен-жайын, өмір тәжірбиесін, салт-санасын, кәсібін, жеке этностық топтардың алғашқы анайылық қалпындағы дүниетанымын, мифтік нанымын, киімін, ішкен тамағын т.б. яғни мәдениетін тіл арқылы зерттейтін тіл білімінің бір саласы [9, 34]. Себебі жоғарыда атап көрсетілген жайлардың бәрі адамдардың бастапқы ұғым-түсінігіндегі өзіндік «әлем үлгісі» («модель...») ретінде тек тілде таңбаланып отырған. Мұны ғалымдар жоғарғыда көрсетілгендей, тілдің кумулятивтік немесе құжаттық қызметті деп сипаттайды. Міне, осылайша анықталатын қазақ лексикасындағы ...ангвокультуремалар ретіндегі этнографизмдер осындай ырысты байлықтың бір көзін құрайды. Қазірде бұл этноатаулар қоғамдық қарым-қатынас кезінде белсенді қолданылмаса да, бұл сөздердің дені диалектілік лексикада, тұрақты сөз тіркестері мен мақал мәтелдердің құрамында, көркем шығарма тілінде, халық ауыз әдебиет, фольклор мен эпос тілінде жиі кездеседі.

Тілдің танымдық мұрагерлік қызметі негізінде сан ғасыр құпиясын бойына сақтаған этнотілдік деректерді сан ұрпақ таныйтын ана тіліміздің қорында мәңгілікке сақталатын сарқылмайтын қазына, «адамзат тарихының қоймасы» (Қ.Жұбанов) деуге болады. Осы орайда қазақ ауыз әдебиетінің көне жанры эпостық жырлар – этнографиялық лексиканың кені өйткені бұл жырларда әр ғасырдың тарихи-әлеуметтік жағдайы, ата-бабаларымыздың елдік, ерлік салты, мәдени, рухани болмысы, тағдыры ерекше жырланған қазақ мәдениеті мен дүинетанымының энциклопедиясы қазіргі ұрпаққа тілі арқылы сақталып жеткен этномәдени мұралары деуге болады.

Осымен байланысты Ш.Уәлиханов, Қ.Жұбанов, Ә.Марғұлан, М.Әуезов еңбектерінде тіл мен мәдениет сабақтастығына ерекше назар аударылған. Профессор Қ.Жұбанов тіл арқылы халықтың тағылымдық мұраты этностың әр дәуірдегі ұрпақ өкілдеріне мәдени әрі тілдік мұра ретінде сақталатынын және тіл мен мәдениетті табыстыратын жаңа саланың дүниеге келетіні туралы сол сөздердің өзінде-ақ болжам айтқаны белгілі.

Ғалымның «халықтардың тұрмыс қалпы түрлі-түрлі болған соң, олардың әр затқа қоятын аттары да түрлі-түрлі. Тіл ұзақ заман жасалады, бірден өзгермейді, оның өзгерісі тұрмысқа байланысты» деген пікірі ұлт мәдениеттінің ұрпақ жалғастығын сипаттаса, мәдениет жай өмірдің туындысы емес, белгілі бір қоғамда өмір сүрген рухани әрі материалдық қоры бар іргелі елдің өмір тіршілігінің туындысы деп қарауын: «Мәдениет – қазанның күйесінше жұғатын нәрсе емес, мәдениеттің белгілі сатысын көксегендей жағдай тумаған болса, ... жоғары мәдениеттің өзі келіп ауызға түспейді» [15, 25] деген пікірінен көреміз.



Қазақ халқы да көптеген басқа халықтар секiлдi даналығын‚ дүниетанымдық көзқарасын‚ салт-дәстүрiн т.б. тiлiнде түйiндеген. Оларды тұтас құрылым жүйесiнде анықтасақ‚ халық өмiрiнiң‚ мәдениетiнiң бейнесi немесе «дүниенiң тiлдiк бейнесi» деп сипаттауға болады. Осы тұрғыдан қарастырылатын материалдық мәдениет атаулары да рухани мәдениетпен қатар адамдардың тіршіліктері мұқтаждылықтарын өтейтіні белгілі, себебі сол қоғамның этикалық, әлеуметтік, эстетикалық, символдық тәжірибесін көрсететін заттық атаулардың рухани өмірімен байланысы «материалдық мәдениет өнімдері рухани қажеттіліктерден туындайды» деген пікірді нақтылай түседі.

Сондықтан зерттеуде материалдық мәдениет пен рухани мәдениетті бір-бірімен өзектес, бүтіннің екі жағы деп қаралған. Өйткені адамды қоршаған табиғат пен өмір сүруші субъектінің қатынасы барысында айналасындағы дүниені танып, өз ақыл-ойының елегінен өткізіп, табиғаттың затын өз затына өңдеп айналдыру зор еңбектің көрінісі, бұл заттық мәдениеттің дүниеге келуінің көрінісі болмақ.

Әр этностың өмір сүру сипаты ұлттың рухани ерекшеліктерімен анықталуы арқылы ана тілінде сақталады. Себебі тілде әр ұлттың өзіндік ойлау ұғымдары мен бағыт-байламдарын сипаттайтын лексика қалыптасады. Ол әр халықтың материалдық, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланысты дамитын, қоғамдық санасына сәйкес негізделетін, «ұжымның жадында жинақталған жүйе» (Ю.М.Лотман). Осымен байланысты салт-дәстүрлер атаулары – рухани мәдениеттің мұрасын сақтап, жеткізетін құжаттық жүйесі.

Қазіргі әлемдік өркениет кеңістігіндегі жаһандану үрдісіне сәйкес тіл біліміндегі зерттеулер бағытының кешенді де интеграциялық сипатына сай қоғам мен мәдениет сабақтастығын анықтаудың мәні зор. Оның нақты көрінісі – қоғамның тілдік бейнесін ұлт тілі арқылы зерттейтін лингвомәдениеттану саласы. Оның теориялық-әдіс танымдық негіздері В.Гумбольдт, Э.Сепир, Г.В.Колшанский, Ю.Н.Караулов, А.Вежбицқая, В.Маслова т.б. еңбектерінде қарастырылған. Яғни, кез келген тілдегі ғалам бейнесі екі жақты атқа ие: бір жағынан, кез келген тілдегі ғалам бейнесі адамның әлемге көзқарасымен байланысты болса, екінші жағынан, нақты әр тілдегі әлем еліне әлеуметтік-мәдени қоғамдағы ұлттық «әлем бейнесі» жалғасады. Қоғамның нәтижесінде жеке тіл өзіндік сипатқа ие болады. Сондықтан ғалам бейнесі мәселесі адамның елестетуі мен санасындағы әлемді көру мен құрметтеуіне негізделеді. Осыған байланысты Г.В.Колшанский: «Тіл адам көзқарасынан тыс әлемді бейнелей алмайды, өйткені ол обьективті дүниенің бейнесі ретіндегі субьективті әлемді бейнелейді. Тіл әрі обьективті, субьективті. Ол әлемге және адамзатқа қатысты екі жақты субстанция», - дейді [16, 81]. Ал адам өзінің әлемге деген көзқарасын, дүниетанымын, өзіндік «әлем бейнесі» тілдің қызметі арқылы қалыптастырады. Әрбір тілдің өзгешеліктері бар болғандықтан, әрбір тіл өз ерекшелігімен «әлем картинасын» өзгеше қалыптастырады.

Тілді адамның әлеуметтік тұрмысын қамтитын мәдениеттен, тарихтан қарапайым таңбалық жүйе деп қарастыру ол туралы түсінікке кереғар етеді және оны зерттеудің мүмкіндіктерін шектейді. Академик Бромлей сөзімен айтсақ: «Әрбір этноста мәдениет элементінің сыртқы көрінуі мен «ішкі» мазмұнында ерекшелік бар. Мағынасына байланысты қоғамдық мәдени құбылыстар өзіндік екі жақтылыққа ие: өзінің «сыртқы» келісімен қатар, олардың «екінші өмірі» бар. Олар мағынасы арқылы қолданылады. Мағына затта жасырылған, ол ақыл-ой, эстетикалық сезімен, адамгершілік интуициямен белгілі болады, бір көргеннен танылмайды. Мағынаның бұл мәні – мәдениетті тану кілті». Ал мұның өзі оның мәдени ғылымын зерттеуге әкеп тірейді.

В.Гумбольдт еңбектерінен басталған тіл біліміндегі тіл мен мәдениеттің қарым-қатынасы мәселесінің тұжырымдарын төмендегідей танытуға болады: 1) материалдық және рухани мәдениет тілде көрінеді; 2) кез келген мәдениет ұлттық, оның ұлттық сипаты тілде көрінеді; 3) ұлттық рухтың көрінуі оның мәдениетінде; 4) тіл – адам мен оны қоршаған әлемді жалғастырушы аралық [17, 203].

В.Гумбольдт концепциясы (тұжырымдамасы) А.А.Потебня, Ш.Балли, Ж.Вандриеза, И.А.Бодуэн де Куртэне, Р.О.Якобсон және басқа зерттеушілер еңбегінде жалғасын тапса, қазақ тіл білімінде Ә.Т.Қайдар, Е.Жанпейісов, М.Копыленко, Р.Сыздық, К.Хұсайын, Г.Смағұлова, А.Сейілхан, А.Ислам т.б. еңбектерінде көрініс табады.

Осы еңбектердің нәтижелерін қорыта келіп, тіл мен мәдениеттің тығыз байланысы коммуникативтік процестен көрінеді деп тұжырым жасауға болады. Тіл – мәдениет дерегі, өйткені ол мәдениеттің жалғастырушы бөлігі және тіл мәдениетті танудағы негізгі құрал, себебі ол арқылы біз мәдениетті меңгереміз. Тіл мәдениеттің жалпы сипатын танытады, негізгі ақпаратты жинайды, сақтайды және жеткізеді. Осыған сай әрбір этникалық қоғамдастықта, бір жағынан, этностың мәдени ерекшелігінің факторы ретінде, екінші жағынан – тіл шеңберінде мәдениеттің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуын қамтамасыз етеді. Осылайша қазіргі, келер ұрпақты бір тұтастырып, бүтіндікке байланыстырады. Демек, тіл мәдениетте көрінеді, дамиды және соны бейнелейді.

Мәдениет этномәдени ақпараттар береді. Ал этномәдени ақпараттар әртүрлі формаларда жүзеге асады. Олар материалдық және рухани мәдениеттің туындылары т.б. Атап айтқанда, белгілі бір этномәдени ортадағы өмір сүру жағдайы, эстетикалық норма, тұрмыстық дағдылары, пайымдаулар, этникалық көзқарас, жергілікті культ пен дәстүрлік тәжірбие – ғасырлар бойы қалыптасқан бай «мәдениет тілі», немесе таңбалар (Ю.М.Лотман т.б). Бірақ ең негізгі форма – сөздік ақпарат. Оның негізін құрайтын этнографизмдер мәдениетті айқындап қана қоймай, оны символдау қызметін атқарады.

Ал этнографизмдер дегеніміз – өткен тұрмысымызда болған, көбі әлі де қолданып келе жатқан тұрмыстық бұйымдардың, белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, наным-сенімге, баспанаға, киім-кешекке, ішер асқа, туыстық қатынасқа, ел билеу ерекшелігіне, заң тәртібіне, әдеттік правоға байланысты қолданылатын, халқымыздың тұрмыстық және тілдік өзіндік ерекшелігін көрсететін арнаулы атаулар мен сөз тіркестері.



Ол тілдік атаулар тек шартты түрде болса да, тілдегі сөзжасам модельдері арқылы заттың уәжді белгісіне ғана негізделмейтіні байқалады. Себебі, бір затты «тілдік көру» әр сөйлеуші ортада әртүрлі болуы мүмкін. Әр халықтың басынан кешкен тарихы, бүкіл рухани, мәдени байлығы, болмысы, дүниетанымы, өмір тіршілігіне, күнделікті тұрмысына қажет бұйымдары, әдет-ғұрпы, салт-санасы, талғамы т.б. сол тілде сөйлеуші ортада қалыптасып, тілінде сақталады. Демек, сөз заттың тура таңбасы емес, дүниенің тікелей бейнесі емес, оның біздің санамызда тілдік шығармашылық процесс нәтижесінде туған бейнесі «ұлт пен тіл біртұтас» деген қағидаға сүйенген – «ғаламның тілдік бейнесі». Ю.К.Юркенас: «… антропонимдер өзіндік бір мәдени мәтін ретінде қабылдануы тиіс», – деп тұжырымдайды [4, 11].

Демек, қандай да болмасын, заттың атауы оны тек атап қана қоймай, сонымен бірге оны танытады. Ал, тану, ия анықтау белгілі бр халықтың тарихи даму жағдайы аясында іске асатындықтан, ол тілдік ұжым өмір сүретін нақты жағдайларға байланысты әртүрлі болады. Әртүрлі ұжым бір затты өзінің күнделікті тәжірибесінде кездесіп қолданылатын жағынан танып, оны өзіне таныс құбылыстармен байланыстыратыны белгілі. Яғни, ат қоюда (номинацияда) өмір шындығы мен тұрмыс-тіршілігі, тәжірибесі, салт-дәстүрі, наным-сенімі, әртүрлі заттар түрінде тілде сөзбен аталып бейнеленеді. Осының негізінде ол затты танып, біліп, оны басқалардан ажыратып танығаннан кейін барып ат қояды. Мұндай ажыратқыш белгілер сөйлеуші ұжымдық ортада әртүрлі болуы мүмкін.

Осы орайда тiл байлығының танымдық мәнiн анықтау ұлттың әлеуметтiк рухани‚ мәдени болмысын саралап‚ тануға мүмкiншiлiк бередi [4, 34].

Сондықтан ұлттық тiлдiң ерекшелiгiн‚ табиғатын ашу бағытында тiл туралы онтологиялық көзқарасты сол тiлде сөйлеушi халықтың жан дүниесiмен‚ ой-санасымен‚ тарихымен және мәдениетiмен тығыз байланыста қарастыру – қазiргi тiл бiлiмiнiң‚ соның iшiнде қазақ тiлi бiлiмiнiң де – өзектi мәселелерiнiң бiрi.

Осымен байланысты жоғарыда көрсетiлгендей‚ қазiргi тiл бiлiмi парадигмасының өзектi бiр саласы «дүниенi тiлдiк бейнелеудiң» жалпы және ұлттық ерекшелiк негiзiндегi көрiнiстерiн салыстыра зерттеуге ерекше назар аударылуда.

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың ғана емес, таным мен ойлаудың да құралы болатын тілдің көмегімен ой-санадағы ақиқат шындық болмыс, әлем, дүние, ғалам туралы білімдер жиынтығы бекиді, материалдық тұрпат алады. Сондықтан да тілдік көркем бейнелердің әрқайсысын тіл иесінің образды ойлауының, күллі ғаламды, ақиқат шындық болмысты тұтастай және мүшелей тануының өзіндік ерекшеліктері, сондай-ақ қоршаған ортасын игеру барысында жинақтаған өмірлік тәжірибелерінің нәтиже-қорытындылары, әлем жайлы, сол әлемдегі өзі және өзгелер жайлы білімі бекіген ғалам бейнесінің тілдік фрагменттері, тілдік моделдері деуге болады [18, 8].

Таным процесі мен логикалық ойлау жалпы адамзатқа ортақ қасиет, ал бүкіл адам баласы үшін ақиқат шындық болмыс біреу болғандықтан ғаламның біртұтас бейнесі де әр басқа тілде сөйлейтін халықтар үшін біреу-ақ. Сөйтсе де тіл иесінің ой-өрісіне, концептуалды әлеміне байланысты әр тіл дүние – ғаламның фрагменттерін өзінше өреді, бөлшектеп атайды, бейнелеп суреттейді, ал тіл өкілі ойының желісі өз тілінде бекіген ғалам бейнесіне сай құрады. Осыған байланысты әр басқа халықтың (ұлттың, этностың) тілдеріндегі ғалам бейнесінің фрагменттерінде жалпыадамзатқа ортақ дүниеліктер де, тек тіл иесіне ғана тән ұлттық нақыштар та кездесіп жатады.

Осы орайда жүйесi тілдің культурологиялық т.б. әртүрлi тiлдiк деректерiн «ұқсастық» және «айырмашылық» парадигмасының шеңберiнде салыстырылуы ұлттық ерекшелiктi‚ функционалды-семантикалық негiзде нақты көрсетедi. Бұл салыстырулардың терең танымдық құрылым деңгейі мен кең тілдік бөлім аясында жүргізілуі «тіл мен таным», «тіл мен мәдениет» сабақтастығын айқындауда маңызы ерекше. Мәселенің әлеуметтік бағдары да көпұлтты Қазақстан Республикасында тілдердің қарым-қатынасын зерттеудің өзекті екенін көрсетіп, «Тіл туралы заңның» теориялық зерттелуі мен іске асыуына нақты үлес қосады. Және мемлекеттік тіл мәртебесіндегі қазақ тілінде сөйлейтін халықтың мәдениетін жалпы мемлекеттік көлемде танытуға көмектеседі.

Қазақ тілі білімінде қазақ этносының таным-парасатын, дүниетанымы мен мәдениетін тіл арқылы тану – ең маңызды мәселелердің бірі. Сонымен бірге зерттеу нәтижелері лексикология, этимология, семасиология т.б. салаларында теориялық тұрғыдан толықтыра түседі.

Қазақтың кең даласы – мәдениет пен тіл бірлігі, әдет-ғұрып, салт-сана тұтастығының негізі. Мысалы, бұл көзқарас қазақтардың балаға ат қоюында өзіндік ерекшеліктерінің бар болмысымен көрінеді. Себебі олар бұл рәсімде ұлт болмысының барлық этномәдени, әлеуметтік сипатын басшылыққа алып отырған. Мысалы, тіл мен сөздің магиялық күшіне сенген олар әдетте қарғыстан, балаларын мақтаудан қорыққан. Соның нәтижесінде Күшікбай, Жаманбала, Салбыр, Қасым, Сағал, Кенесары сынды жалқы есімдер дүниеге келген. Олар «көз тимесін», «балам аман болсын» деген ырымнан туған болуы керек. Немесе дүниеге келген балаға Артықбай, Несібелі, Бекенбай, Мырзагелді сияқты ат қою арқылы оған белгілі бір қасиеттерді дарытуды көздеген мақсат қойылған. Ал, Тілеміс, Тұрлыбек, Сағындық, Есенгелді лингвокультуремалары ұл күту, бала тілеу, балалары тұрақталмаған себебінен туған антропонимдер [19, 36].

Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып, рудан-руға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен дәстүрдің бірі осы ат қоюмен байланысты. Бұл қазіргі тіл біліміндегі, соның ішінде қазақ тіл біліміндегі тілді сол тілде сөйлеушінің мәдениетімен, тарихымен т.б. тығыз байланысты зерттейтін антропоцентристік бағытқа, оның ішіндегі лингвомәдениеттануға, этнолингвстикаға сай келеді. Мәдениеттанушылардың анықтауынша, тіл – тек коммуникативтік құрал емес, сонымен бірге адам болмысының, оның мәдениетттінің көрінісі, өйткені мәдениет таңба белгіден тысқары, яғни тілден тысқары өмір сүре алмайды. Адамды дерлік таңбалық қоршаған, өйткені адам болмысының өзі таңбалық, тілдік болмыс.

Адам бір мезгілде таңбаны тудырушы да, оны талдаушы да. Қысқаша тоқтала кететін болсақ, қазіргі замандағы тіл, таңба мәселесіне және оның мәдениеттегі орнына деген көзқарастар осындай. Сондықтан рухани әлемнің өзіндік ерекшелігін оның белгілік, таңбалық қасиетінен іздеу керек. Рухани болмыс – мағыналы белгі, таңба болмысы. Рухани әлемнің «белгілік» болмысы оны адам болмысының «материалдық» әлемімен жақындастырып, біріктіреді. Өйткені, белгі қашан «материалдық» «заттық» белгі. Сондықтан да белгілік шығармашылықтың жемістері – өнер туындысы, ғылыми жұмыстар, діни рәміздер, салт-дәстүрлер және т.б. бәрі – адамды қоршаған шынайы әлемнің материалдық зат бөліктері. Демек, ұлттық сипатта қалыптасқан материалдық туындылардыда руханилық мазмұн болады. Соның бір жарқын көрінісі – қазақ есімдері. Олардың ерекшелігі оның мағынасында, мәнінде, өзіндік заңдылығында.

Ал, адамдар қарым-қатынасынының әмбебап құралы ретіндегі белгі түгедей дерлік қоғаммен, әлеуметпен қатынасты әлеуметтік болмыс. Ол қашан да адамдар сұхбатына, адамдар қарым-қатынасына бағышталған. Яғни, ұлттық мәдени мәдени, этномәдени жүйесін, әлеуметтік мәнін лингвомәдени негізде зерттеп, анықтап, тілдік құралдар арқылы түсіндіріп дәлелдеуге олады.

Рухани әлемдегі болмыстың табиғи әлемінен ерекшелігін көрсету В.Дильтейдің «ұғыну» теориясы – герменевтикаға негізделетіні белгілі. Оған сәйкес зерттеуші өзінің өмір сүріп отырған уақытынан, оның негізі әлеуметтік-мәдени контекстінен ешқашан асып кете алмайды, өйткені адамдардың белгілі бір мәдени-әлеуметтік кезеңге сай өзіндік психологиялық түсінігі болады. Ұғыну үшін танымдық контекст болу керек [20, 1]. Біздің танымдық контексіміз қаншалықты кең болсы, яғни біздің зерттеу объектімізді салыстыратын, қарама-қарсы қоятын басқа объектілер көп болса, соншалықты біз оны «зерттеу объектісін) терең түсінеміз.

Осы тектес тұжырымдардың қалыптасуында, тілді зерттеудің барысында ұлттық мәдениеттің, дәстүрлердің ерекшеліктері ескеріледі. Әсіресе, ұлттық рухымыз жаңғырып, салт-дәстүрлеріміз қайта жанданып жатқан қазіргі қазақ қоғамындағы рухани-әлеуметтік құбылысты дұрыс бағалап, негізін түсіну үшін осындай тілдің дамуының ішкі формасынан туындайтын жалпы заңдылықтарды адам руымен байланысты түсіне білудің маңызы зор. Тіл бірліктерінің ұлттық болмысын осы қағида негізінде зерттеу тіл мен мәдениетті сабақтас зерттейтін тіл біліміндегі антроөзектік бағыттағы «лингвоелтану», «лингвомәдениеттану», «этнолингвистика» т.б. салалары арқылы іске асады [3, 19].

Аталған пәндердің зерттеу нысаны ортақ болып қоймай, кей жағдайда олардың зерттеу әдіс-тәсілдері, кейбір теориялық ұстанымдарымен негіздері ұқсас болып келеді. Әрине, этномәдени факторлармен қатар лингвомәдени жалқы есімнің генезисі мен қызметінде басқа да факторлар қатысады. Мәселен, тілдік, географиялық, әлеуметтік, тарихи т.б. бірақ жалқы есімнің семантикалық көлемі мен оның қызметі аспектілерінде мәдени фактор басымдық танытады, бұл жағдайда жалқы есім – этномәдени таңба болып табылады. Жалпы тіл арқылы мәдениеттанудың ғылыми үлгілері: этнолингвистиканың, этномәдениеттанудың, елтанудың, лингвомәдениеттанудың пән ретіндегі жалпы және ұқсас мақсаттары мен міндеттері – ұлт тілі арқылы ұлтты тану, ұлттық ойлау жүйесінің ерекшеліктерін анықтау, қысқаша айтқанда, ұлттық менталитетті айқындау, басқалардың айырмашылығын көрсету.

Мысалы, осымен байланысты қазақ ақын, жазушыларының шығармалары бойынша қазақ тілінің рухани мәдениет лексикасына талдау жасаған С.Жанпейісованың рухани мәдениет лексикасының негізгі тақырыптық топтарын және олардың қалыптасу көздерін анықтау, лексиканың бұл аталмыш қабатын, этнолингвистикалық аспектілерін халқымыздың этномәдени өміріне қатысы тұрғысынан алып қарастыру, рухани мәденетпен байланысты түрлі тілдік номинациялардың жасау тәсілдерімен даму жолдарын айқындап көрсетуге арналған зерттеу жұмысында жан-жақты айтылған.

Қазақ тіліндегі тыйым сөздердің этнолингвистикалық сипатын ашуға арналған дипломдық жұмысымызда қазақ тіл біліміндегі Ә.Қайдаров, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Т.Жанұзақов, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, Қ.Рысбергенова, Б.Тілеубердиев т.б. жалпы тіл білімі мен орыс тіл біліміндегі В.Фон Гумбольдт, А.Потебня, Э.Сепир, Б.Уорф, К.Леви-Стросс, Е.Верещагин, В.Воробьев, В.Маслова т.б. ғалымдардың теориялық ой-пікірлерін басшылыққа алып, сүйенеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет