2. Жол жүргендегі ырымдар.
Жолда иір-иір жол болса, әлгі ізден аттап өтпейді. Неге десеңіз, жылан бір-брімен айтысып, апатқа шығады деген ырым бар.
Әйелге жолаушының алдын кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
Жолда кездескен адамнан «қайда барасың?» деп сұрамайды, «жолың оң болсын!» деп айту керек.
Өтіп бара жатқан қазақтар ауылға арт жағынан келеді және ауылды мекендеушілермен үйдің арт жағынан сөйлеседі, бірақ ешбір жағдайда алдыңғы жақтан сөйлеспейді.
Еркекке жүрелеп отыруға болмайды, ол қырық адамның жолын бөгейді. Егер әйел жүрелеп отырса, онда ол қырық адамның жолын оңғарады - қырық адамға бақыт пен игілік әкеледі.
Қазақ арасында жол, жорықпен байланысты қалыптасқан ырымдар мен тыйымдар жөнінде Ш.Уәлиханов келтірген деректер географиялық тұрғыдан да, лингвистикалық тұрғыдан да өте құнды [24].
Мысалы, түрік шаруаларының арасында қалыптасқан ескі нанымдармен байланысты аяғы ауыр кезінде әйелдерге мынадай тыйымдар салынады:
Қоянға қарауға болмайды. Бұл тыйым бұзылса, іштегі бала қоянжырық болып туады;
Қоянның басын жеуге болмайды, әйтпесе бала жырық болып туады.
Түйеге қарауға болмайды, бұл тыйым бұзылса, іштегі баланың ерні түйеге тартып, әрі қалың,әрі жырық болып туады;
Жылан өлтіруге болмайды, бұл тыйым бұзылса, туатын бала – секілді тілін жиі шығаратын болады;
Жас нәресте және оның анасымен байланысты магиялық наным-сенімдердің негізінде қалыптасқан ырымдар мен тыйымдар Орта Азияны мекендейтін халықтардың көпшілігіне ортақ. Мәселен, өзбектерде жас нәрестенің дүниеге келгеннен кейінгі құырқыншы күн нәрестеге де, оның анасына да ең ауыр күн болып саналады. Сондықтан бұл күні баланың анасына басқа адаммен кездесуге тыйым салынады. Себебі бұл тыйым бұзылған жағдайда, екінші әйелдің бәле-жаласы болса, жаңа босанған әйелге көшіп, баланың басына жазылмайтын жара шығады деген ырым бар. Аяғы ауыр әйел босанғаннан соң қырық күн өткенше оған берілетін тамаққа да өте қатты мән берілетін болған. Мәселен, қой немесе өгіз еті пісірілсе, басқаларға емес тек босанған әйелге берілген. Мұндағы мақсат жас бала кейін тез жүріп кетеді, буындары мықты болады сияқты магиялық нанымдарға негізделген ырымдармен ұштасып жатыр.
Халқымызда бұрын аяғы ауыр әйел босанған соң қырық күнге жеткенше бала мен ананың бөлмесінен от үзбейді, жас нәрестені жалғыз қалдырмайды, тіл-көзден сақтау үшін сыртқа шығармайды. Ескі наным бойынша сонымен қатар жас баланың алғашқы қарын шашын тастауға немесе ұмыт қалдыруға болмайды. Өйткені ондай шаш шашылып қалса, құстар алып кетіп ұя салатын болады. Мұндайда баланың басы өмір бойы ауыратын болады немесе ол таз болып қалады деген ырым бар. Осындай нанымдармен байланысты баланың сүндет тойы болғанша шашын да тастамай бөлек сақтайтын болған. Шашының қиындысын да анасы шүберекке орап, сандыққа салып немесе төсенішінің бір жеріне жасырып тігіп қоятын болған. Шашты жағып жіберуге де тыйым салынған. Жас баланы тіл-көзден сақтау үшін оның киімдеріне моншақ, үкінің қауырсының, қыран құстың тұяғын немесе тұмар қадайтын болған [43, 12].
Ырымдар мен тыйымдарға байланысты осыған дейін тілге тиек еткен ғылыми деректерді қорыта келе айтарымыз: түркі халықтарының мәдениетінде болсын, қазақ халқының мәдениетінде болсын ертеректе қалыптасқан ырымдар мен тыйымдардың негізінде діни наным-сенімдердің жатқаны айқын.
Басқа халықтардағы секілді қазақ халқының да тыйымдары да діни ұғымдардың негізінде қалыптасқан ұғымдардан туындайды. Әрбір өлім, сәтсіздік, бақытсыздық, ауру-індет немесе кез келген пәле-жала адамдардың белгілі бір тыйымдарды бұзудан болады деген наным бәріне де ортақ. Бірақ жоғарыда сөз болған ырымдар мен тыйымдардың бәрі бірдей күні бүгінге дейін баз қалпында сақталып отыр деуге негіз жоқ. Керісінше, олардың көбі ескі нанымдардың сарқыншақтары ретінде, енді бірі халық санасынан бір жолата жойылып кетпей, күні бүгінге дейін бой көрсетіп қалатынын жоққа шығара алмаймыз. Жоғарыдағы ғылыми деректер осы пікірдің жан-жақты әрі бұлтартпас дәлелі екені – дау туғызбайтын шындық.
Қорыта айтқанда, тыйым сөздер адамдардың қарым-қатынастарда атқаратын сан алуан қызметтеріне байланысты төмендегідей мәнге ие болады:
Қазақ дәстүрі бойынша жаңа туған нәрестеге азан шақырып, қазан құлағын қағып қойылған есімнен басқа жүре пайда болған «қосымша (лақап, тахаллус, бүркеншек т.б)» сый-құрмет мағыналы сөздер;
Еркелетуге, кішірейтуге, мәпелеуге, құрметтеуге, сыйлауға, мадақтауға жақсы көруге, сүюге, табынуға, тағзым етуге, жалынуға, жалбарынуға т.б. толып жатқан адамдардың жан дүниесіне, сезім, психикасына жалпы «Адами факторға» байланысты қолданылатын әртүрлі (қысқартылған, кеңейтілген) тұлғадағы сый-құрмет мағыналы сөздер;
Адамдарды екінші бір затқа, құбылысқа балау, теңеу нәтижесінде пайда болатын аталымдар;
Ат тергеу дәстүрге байланысты жасалған аталымдар т.б жатады.
Дүниге келген нәрестеге ата-анасы екі түрлі мақсатпен ат қояды:
а) өзі берген есім арқылы ең ізгі тілегі мен болашағына деген үмітін болдыру (Т.Жанұзақов).
ә) өз баласының жалпының ішіндегі жалқысы, әйтеуір көптің бірі емес, бірегейі екендігін білдіру.
Тыйым сөздер тобы лексикалық байлығымыздың өте көне де байырғы қаттамдарына жатады;
ә ) олардың әр кездегі халықтық тұрмыстың, әлеуметтік тәжірибесінен, дүниетанымынан діни сенімдері мен мифтік көзқарасынан, салт-дәстүрінен туындауы.
б ) атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа рухани мұра болып ауысып, уақыт озуына байланысты өзгеріп, жаңғырып, дамып отыруы. Бұл топтағы лексика әлі де болса халық өмірінен сабағын үзбей, жалғастырып келе жатқан осы тілде сөйлеуші этностық бір кездегі ой-санасы, сәулесі іспетті әлі де өзінің қолданыстағы өміршеңдігін көрсетіп келеді.
Жан-жануарларға қатысты тақырыптық топтардан антропонимиялық аталымдар ретінде көбіне-көп ең күштілері мен мықтыларының, киелі де абзал қасиеттерінің алынатындығы. Мәселен, арлан, арыстан, жолбарыс сияқты хайуандарды «тәуелдендіріп» кісі есімдерінің баламасы ретінде қолдануда көбіне-көп жақсы көрген, құрметтейтін, мақтап-марапаттайтын адамымыздың бойынан сол арыстанның айбатын, жолбарыстың қайратын көргіміз келеді .
Бұл тәрізді қолданыстар өмір бақи қас жауымен атысып-шабысып, қасарыса күресіп келген ер-азаматтарымыздың батырлығын, қайсарлығын, жаужүректігін сипаттау салт-дәстүрі арқылы литропонимия «аталымдар» жүйесінде қалыптасып, тұрақты модельдерге айналған құбылыс.
Достарыңызбен бөлісу: |