Диплом жұмысы 5В020500 «Филология: қазақ тілі»


Мал адамның сәні екен [3,345]. *** Батыр батыр



бет21/27
Дата20.05.2024
өлшемі1.61 Mb.
#501554
түріДиплом
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
961013450907 kz 5B020500 Зинедина Айерке Сағынғалиқызы

Мал адамның сәні екен [3,345].
***
Батыр батыр бола ма,
Егесте жанын қинамай [3,111].
Бұл қайталау түрінде қайталанып келетін сөздер тармақтың әр бөлігінде
келе береді. Мұнда қайталанатын сөздің белгілі бір позициясы болмайды.

  1. Еспе қайталау:

Асықпа, батыр, асықпа,
Жолығарсың өңшең жасыққа [3,154].
***
Құдай дескен досыңа-ай,
Дос болғаның осы ма-ай
Неге тұрсың ұрысып [3,359].
Мұнда сөздің қайталануы араға бір сөз салу арқылы немесе бірінші тармақтың соңында келген сөздің екінші тармақ басында қайталануы арқылы жасалады. Қайталаудың бұл түрі де жырда едәуір мол кездеседі. Әсіресе араға сөз салып бір тармақ бойында бір сөздің қайталанып келуі қаратпа сөздерде, жырдағы кейіпкерге қарата айтылғанда көп қолданылған (асықпа, батыр, асықпа). Араға сөз салып қайталау көбіне етістікке байланысты болады. Бұл жырдағы тыңдаушыға әрекет жасап, қимылдауға нақты, екпін түсіре бұйрық берумен байланысты.

  1. Синтаксистік параллелизм

Ерден тудым дегенше,
Даладан тудым десеңші.
Орақтан тудым дегенше,
Орманнан тудым десеңші.
Енемнен тудым дегенше,
Желден тудым десеңші.
Анадан тудым дегенше,
Ойнастан тудым десеңші [3,360].
***
Күн еңкейіп түс болды,
Қас қарайып түн болды [3,361].
Қайталаудың бұл түрінде контекст бойынша мағыналары біріне-біріне қарама-қарсы болатын сөздерді параллель алып қайталап отырады. Мысалы, бірінші мысалда қайталаумен қатар шендестірудің қолданылғанын байқаймыз. Өйткені мағынасы жағынан антоним болмайтын сөздер сол контексте ғана шендестіріліп, қарсылық мағынаға ие болған. Орақты – орманға, енені – желге, ерді – далаға, ананы – ойнасқа қарсы қояды. Әрі бір сөздің әр түрлі грамматикалық құрылымда (дегенше-десеңші) қайталануы эпифораны береді. Алайда мұнда мағына жағынан қарама-қарсы мәнді қатарластырып қойып қайталау болғандықтан синтаксистік параллелизм қатарында қарастырдық. Ал екінші мысалда «түс болдыға» «түн болды» параллель алынып, жарыстырыла қайталанған.

  1. Анафора – көркем шығармада, әсіресе, өлеңді шумақтарда әр жолдың

бірдей сөздерден немесе бірдей сөз тіркестерінен бастау алып отыруы [33;243-б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет