Диплом жұмысы 5В020500 «Филология: қазақ тілі»


«ОРАҚ-МАМАЙ» ЖЫРЫНЫҢ ЛЕКСИКАСЫ



бет7/27
Дата20.05.2024
өлшемі1.61 Mb.
#501554
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
961013450907 kz 5B020500 Зинедина Айерке Сағынғалиқызы

2 «ОРАҚ-МАМАЙ» ЖЫРЫНЫҢ ЛЕКСИКАСЫ
2.1 ТӨЛТУМА СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
«Орақ-Мамай» жырының лексикалық қабаты қазақтың төлтума сөздері мен өзге тілден енген кірме сөздерден тұрады. Төлтума сөздер дегеніміз қазақ халқының өмір тіршілігі мен шаруашылығына, тұрмысы мен мәдениетіне, дүниетанымы мен түсінгіне байланысты жалпыхалықтық сипатта қалыптасқан, оның өзіне тән сөздері [22,132]. Яғни қазақтың тұрмысына байланысты пайда болып, қалыптасып қалған сөздер тіліміздің лексикалық қабатында орнығып, оның едәуір бөлігін алады. Жырда кездесетін төлтума сөздердің өзін бірнеше арнаға бөліп қарауға болады. Олар: туыстық атаулар, қару-жарақ атаулары, топонимдер, антропонимдер және жергілікті сөздер. Енді осыларға жекелей тоқталсақ. Туыстық атаулар қатарында аға, іні, нағашы, қайын іні, балдыз, жезде, қарындас сынды қазіргі кезде қолданылатын атаулар қаз-қалпында жұмсалған. Әрі туыстық атаулар – тілдің ен көне қабатына кіретін сөздер. Бұл атаулар түркі тілдеріне ортақ болып табылады. Жырдан мысал:
Нағашың Сұлтан жолдасың,
Сені күнде көре алмай
Қапияда қалмасын [3,50].
***
Уа, Сайымым, Сайымым,
Балдызым болдың жөн сұрап.
Қара ноғай қайным,
Ораққа барсаң сәлем де [3,61].
***
Білдім, жезде, жөніңді,
Ессіз малға мас болып,
Көтересің көңілді [3,64].
«Орақ-Мамай» жыры батырлық жыр болғандықтан, мұнда жауынгерлік лексика оның ішінде қару-жарақ атаулары едәуір мол. Берен, садақ, найза, сауыт, адырна, сүңгі, орай, садақ, қылыш, алмас, сарыжа (садақ), дулыға, сайғақ, болат, оқ, т.б. Енді осы сөздердің жырдағы көрінісіне назар аударалық.
Балдағы алтын ақ берен
Орай белге алады [3,11].
***
Бадана көзді ақ сауыт
Өле кетсем далада
Кебінім деп киеді [3,11].
***
Адырнасын байланып,
Астана жұртын айналып,
Банағы келген қалмаққа - говор
Батыр Мамай жөнелді [3,11].
***
Қарағай сапты ақ сүңгі
Өле кетсем далада,
Сайғағым деп алады.
Дулығансын киеді
Қарынна іліп алады [3,16].
***
Орай, садақ, қырық кез оқ
Жамбасының астына
Батыр Мамай салады [3,19].
***
Қорамсаққа, қол, Мамай
Бір салғанда мол салды [3,22].
***
Өзі кескен ой болат.
Орай, белге алады [3,29].
***
Ереулі атқа ер салды
Егеулі найза қолға алды [3,38]
***
Қалмақтың атқан қол оғы
Қарасайдың бір қабырғасын
Босатып барады [3,39].
***
Иулі тұрған сарыжа
Жауырыны қиғаштап,
Тартатұғын ер керек [3,44].
***
Байласаң белге ақ алмас,
Сілтесең бұдан жан қалмас [3,44].
Қару-жарақ атаулары суреттемелі, айшықты сөздермен қатар қолданылып отырған. Мысалы, бір найза сөзі жырда 24 рет қайталанады. Оның ішінде Қарағай найза; Егеулі найза; Қияқты найза; Ақ найза; Қоңыраулы найза сынды дәстүрлі эпитетпен келген түрлері де бар. Сонымен қатар, қару-жарақ атауларымен тіркесіп келген өзге де батырлық жырларында кездесетін тұрақты жолдар ұшырасады. Бадана көзді ақ сауыт; Адырнасын байланып, Астана жүртын айналып; Қорамсаққа қол салды; Балдағы алтын ақ берен.
«Орақ-Мамай» жырында кездесетін Ереулі атқа ер салды, Егеулі найза қолға алды тармақтары кейін Махамбеттің жырында «Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмайға» айналды [3,38]. «Балдағы алтын ақ берені» – «Балдағы алтын құрыш болатқа» өзгерді. Біз бұл мысалдардан Махамбеттің жыр жазу дәстүріне осы «Орақ-Мамай» сынды батырлық жырлары бастау болған, үлгі болғандығын көре аламыз. «Ереуіл» сөзі мен «ерулі» сөздерінің төркіні туралы Ә.Қайдар жаугершілік заман болғандықтан қазақ халқы үнемі сақтықта, дайындықта отыратын болған, сондықтан үнемі аттары ерттеулі болатындығын айтады. Осы уәжді алға тарта келе Махамбет поэзиясына «Орақ-Мамай» жырынан ауысқан «ерулі ат» тіркесінің ереуіл емес екендігін айтады [23,243].
«Орақ-Мамай» жырында оқиғалар тізбегінің болған жеріне байланысты мекен-жай атаулары – топонимдер кездеседі. Қазақтың эпостық жырларында жер-су атауларының мол кездесуі бұл ономастикалық атаулардың тіліміздің көне лексикалық қабатынан орына тебуімен байланыстыра аламзы. Жырда кездескен топонимдер қатарында Тасбұлақ, Қарақұм, Қиғаш тау, Еділ, Жайық, Түркістан, Қарақұм сынды қазақ жеріндегі атаулармен қатар көршілес елдердің де аты аталады. Боғда, Хиуа, Мәскеу, Омск, Томск, Азау. Мысалы, Ол күндегі базар Мәскеуге базарлауға Қарақұмдағы халықтың жас балалары жолға шаршамайтын, базарлай баратын жолдағы Орақ батырдікіне қонып кетеді [3,53]. Бұл мысалдан байқанымыздай, Мәскеу қаласына Еділ мен Жайықты мекен еткен халық сауда-саттық үшін, базарлату мақсатында баратын болған. Яғни, жергілікті тұрғындар шекаралас Хиуа хандығымен (қазіргі Өзбекстан) және Ресей мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан. Ресейдің астанасы болған Мәскеуден бөлек ірі қалалары болып саналатын Омскі мен Томскінің атаулары да ұшырасады. Тіпті сол шаһардың билеушілерінің де аты аталады. Омскіде – Дарыйский, ал Томскіде – Кербегежин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет