Диплом жұмысының зерттеу нысаны. «Орақ-Мамай» жырының көркем мәтінінің тілдік табиғаты.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. «Орақ-Мамай» жыры осы уақытқа дейін әдеби тұрғыдан зерттелгенімен, тілдік аспектіде зерделенбеді. Сондықтан «Орақ-Мамай» жырының тілдік табиғатын ашу, ондағы сөз қолданыстары мен грамматикалық ерекшеліктерін айқындау қазақ тіл біліміне қосқан үлесіміз деп білеміз. Фольклорлық туындыларды диплом жұмысының көлемінде ғана емес, үлкен диссертациялық еңбектер ауқымында да зерттеу қажет деп ойлаймыз.
Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Диплом
жұмысымызда ХV ғасыр туындысы саналатын «Орақ-Мамай» жырының тілін зерттеуді мақсат етіп алып отырмыз. Жырдың лексикасын, грамматикалық ерекшеліктерін талдау арқылы, ХV ғасырдағы қазақ тілінің қазіргі кездегі тілмен байланысын, өзгерістері мен ұқсастықтарын анықтауға мүмкіндік аламыз. Диплом жұмысына негіз болған пікірлер мен талдауларды көмекші құрал ретінде пайдалануға болады. Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орнының студенттеріне поэзиялық туындыларды лингвистикалық аспектіде талдауда үлгі ретінде қолдануға болады.
Диплом жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері. Зерттеуімізде лингвистикалық талдаудың теориясын беруде Н.Шанскийдің пікірлерін басшылыққа алдық. Ал қазақ тіл білімінде Р.Сыздықтың, Қ.Өмірәлиевтің, Б.Шалабайдың, М.Серғалиевтің еңбектерін пайдаландық. Ал «Орақ-Мамай» жырының зерттелуі жайын анықтау үшін Р.Бердібай, Ә.Қоңыратбаев, А.Тұрғанбаев сынды фольклортанушы ғалымдардың зерттеулеріне сүйіндік. Жырдың көркем мәтініне лингвистикалық талдау жүргізуде Қ.Жұмалиев, М.Серғалиев, З.Ахметов, А.Ысқақов секілді тілші-әдебиетшілердің зерттеулерін басшылыққа алдық.
Диплом жұмысының дереккөздері. Зерттеу «Орақ-Мамай» жырының төрт нұсқасы бойынша жүзеге асты.
Диплом жұмысында қолданылған ғылыми әдістер мен тәсілдер. Диплом жұмысын жазу барысында салыстыру, талдау, сипаттау әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |