Диплом жұмысы корпоративтік бағалы қАҒаздар портфелін басқару



бет15/16
Дата20.05.2022
өлшемі0.91 Mb.
#458299
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
stud.kz-45149

Міндеттері
1. Бизнесті дамытуды бөгейтін әкімшілік кедергілерді жою.
2. Бизнес ахуалды жақсарту.
3. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік холдингтермен ынтымақтастыққа тарту үшін ынталық туғызу.
Шешу жолдары: Алға қойылған міндеттерді шешу үшін мыналар көзделеді:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің есептілігін оңайлату;
жаңа кәсіпорындар мен компаниялар құру процесін жетілдіру, оның ішінде фирманы тіркеудің мерзімін 2 – 3 күнге дейін қысқарту;
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, оның ішінде «бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» ұғымын енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
қайталауды жою және рұқсат беру рәсімдері мен тексерулерді қысқарту;
лицензиялау, келісу, сертификаттау, стандарттау, аккредиттеу және аттестаттау рәсімдерін оңайлату;
аудиторлық қызмет туралы заңнаманы жетілдіру;
кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру және бизнестің «көлеңкеден» одан әрі шығуы үшін салық заңнамасын жетілдіру;
кеден заңнамасына экспорттық және импорттық рәсімдерді оңайлату бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
елдің шағын қаржы секторын дамыту;
Қазақстанның барлық өңірлерінде инфрақұрылым объектілерінің қызметін жақсарту және кеңейту жолымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне консалтингтік және үйретуші қызметтер көрсету;
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның кредит беруінің жаңа өнімдерін әзірлеу, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін ұзақ мерзімді кредит беруді енгізу;
мемлекеттік холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларға тән емес функцияларды шағын және орта бизнеске беру (аутсорсинг);
мемлекеттік холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың тапсырыстарын Қазақстанның шағын және орта бизнес кәсіпорындары арасында орналастыруды қамтамасыз ету.
Нәтижелері: Дүниежүзілік Банктің (Doing Business) өлшемдеріне сәйкес бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингінің мынадай индикаторлары жақсартылатын болады: бизнес ашу, лицензиялау, меншікті тіркеу, салықтар төлеу, халықаралық сауданы жүргізу, компанияны жабу. Нәтижесінде Қазақстанның жалпы рейтингі 2006 жылы 63-орыннан 2007 жылы 58-ге, 2008 жылы 53-ке және 2009 жылы 48-ге дейін жоғарылайтын болады.
Қорытынды

Қорыта айтқанда, корпоративті бағалы қағаздар нарығының бір проблемасы бағалы қағаздарды ұсынудың жеткіліксіздігі болып отыр. Бұл проблемадан шығар жол экономиканың даму сатысында әрі кәсіпорындардың менеджерлердің менталитетінде мемлекет қай жолды таңдап алады соған байланысты болып отыр. Жеке өнеркәсіп секторлардың әлсіз қызығушылықтарын мемлекет бағалы қағаздар нарығын жетілдіру және оны агрессивті саясатқа әкелуде «итермелеуші» құрал ретінде көру керек. Бұл саясат біздің ойымызша 2 үлкен бағытта іске асатын болады.


Біріншіден, толыққанды ақша ағымы бар бағалы қағаздарды потенциалды эмитенттері кәсіпорындарды іске активті түрде қосуы қажет. Бұл қатынасты іске асыруда мына мысалды келтіруге болады: KASE және АҚ «Орталық депозитарий», бұлар Ұлттық Банктің бөлімінің мемлекеттік емес секторы кезінде, әрі толыққанды институт құруға толық дайын емес кезінде құрылғанын атап айтуға болады.
Екіншіден, мемлекет өзінің басқарушы субъектілерінің қатысушылары (акционер ретінде) өзінің іс - әрекетін жандандыру керек, бұның мақсаты қор нарығында бағалы қағаздар субъектілерін арттыру және инвестициялық тартымдылығын арттыру болып табылады. Бұны іс жүзінде дәлелдеу - бұл арнайы дискуссияның тақырыбы, дегенмен бағалы қағаздар нарығынның механизімінің көмегімен жекешелендіруде бірталай шараларды қолдану керек.
Қорыта айтқанда, корпорация өз жұмысын акция шығарумен де, сонымен қатар облигация шығарумен де қаржыландырады. Дегенмен, акциядан гөрі облигация шығару корпорацияға қауіптірек деп есептелінеді. Себебі облигациядан пайда түспесе де, жыл сайын корпорация облигацияға төлем төлеуге, тұрақты табыс төлеуге міндетті. Ал акция бойынша белгіленген соманы төлеуге міндетті емес. Егер компанияның дивиденд төлеуге ақшасы болмаса, ол акционердің жеке сәтсіздігі.
Қазақстанның қор нарығының дамуына кедергі жасайтын тағы бір негізгі проблеманың бірі – бұл инвесторлар үшін негізі бар елдің потенциалы мықты кәсіпорындарының осы нарыққа шықпауы. Олардың бір бөлігі толығымен жекешелендірілмеген, ал басқа бөлігі сыртқы басқаруға берілген, ал қалған бөлігі мемлекеттің меншігінде қалып отыр. Егер осы тәсілді өзгертпей және осындай кәсіпорындардың акцияларының мемлекеттік пакеттерін қор нарығына бағыттамайтын болсақ, бұл нарық өте баяу қарқынмен дами отырып, портфельді инвесторлар үшін тартымды емес болып табылады.
Жоғарыда айтылған шаралардың барлығы, яғни корпоративті бағалы қағаздар нарығының техникалық инфрақұрылымын нормативті – құқықты дамыту, қор биржасы арқылы мемлекеттік ірі кәсіпорындарды жекешелендіру және инвестициялық жекешелендіру қорларын жабық түрдегі инвестициялық ауыстыруы жекешелендіруде неғұрлым ашықтыққа әкеледі және корпоративті бағалы қағаздар нарығының дамуын жылдамдатады.
Бағалы қағаздар нарығының даму жолының алдында тұрған мәселелерді Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау бойынша Агенттігі бір жағынан өкімет тарапынан жекешелендіру бойынша және саяси қолдаусыз, екінші жағынан нарықтың инфрақұрылымын қалыптастыруда нарықтың кәсіпқой қатысушыларының белсенді жұмыстарынсыз өзі жалғыз шеше алмайды. Инвесторлардың әсіресе халықтың сенімін жаулап алу қажет. Қазақстан корпоративті бағалы қағаздар нарығын дамытуда осы жолды жүзеге асыруда.
Ырықтандыру жағдайында баға тұрақтылығын, қаржы секторының орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет