Сабақ үлгілері
Кім? кімдер? Қанша? неше ? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
Бірінші сабақ
Тақырыбы: Тақырыбы: Кім? не? Қанша? неше ? сұрақтарына жауап беретін сөздер туралы жалпы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың зат және оны атауы
ұғымдардын қалай түсінетіндерін бақылау. Заттың атын,санын білдіретін сөздерге сұрақ қоя білуге дайындау. Балалардың ақыл - ой қабілетін, дерексіз ойлау дағдысын дамыту.
Көрнекі құралдар: Оқушыларға'бұрынан таныс әртүрлі
заттар (ойыншықтар, оқу құралдары) немесе оларды түрлі түсті суреттері.
Сабақтың барысы: I. Оқушылар зат және оның саны
туралы ұғымдарды қалай түсінетіндерін бақылау.
Бұл жұмыстың мәні мынада: оқушылар әрбір сөздің дыбыстардан құралатынын, ол сөздердің белгілі бір мағынаны білдіретінін бірінші кластан бастап-ақ үйрене бастайды. Бірақ өткен жылғы бұл проқесс негізінен сауат ашу мақсатында бағындырылған,
яғни заттың суретін көрсету арқылы оның атын білдіретін сөз құрамындағы дыбыстарды үйретуді көздеген еді. Ал ендігі мақсат керісінше: оқушаларды заттан оның атын білдіретін сөзді дерексіз ой арқылы бөліп алу дағдысына баулу. Бұл дағды қарапайым мысалдаор төңірегіндегі әңгіме, сұрақ - жауап тәсілдері арқылы қүалыптастырыылуы қажет. Мысалы:
- Мынау не?
Оқушылар жауап береді:
- Өшіргіш (қалам, сағат, кітап, т.б.). (Бұл сөздер әдетте
оқушыларға жақсы таныс деректі заттардың атауы болады).
Мұғалім балалар айтқан сөзді тақтаға жазып қояды да, сол
жазуды көрсетіп, тағы да сүрайды:
- Ал мынау неше өшіргіш ?
Үш өшіргіш.
Оқушылар тақтадағы бұл жазудың әлгіде көрсетілген нақтылы затқа (өшіргішке) қатысты екенін біледі. Бірақ қалай қатысты екенін ажырата алмауы заңды нәрсе. Сондықтан Мұғалімнің міндеті — бү_л жазудың жай жазу емес, заттың өзі де емес, сол заттың атауы екенін үғындыра білу.
Жоқ, бұл өшіргіштің атын білдіретін сөз.
Осы үлгідегі мысал тағы да қайталанады:
Рас, сағат. Заттың өзі. Ал, енді осы заттың санын өздерін
айтқан атын тақтаға жазып қояйық. Бұл не болды сонда?
Сағаттың санын білдіретін сөз.
Оқушылар зат пен оның санын білдіретін сөздің аралығын ажыратқанша бұл мысалды бірнеше рет қайталауға болады. Соңынан сүарқ - жауап ауызша формаға ауысып, жұымсы барысын жеделдете түсу қажет. Бұл түхта кластағы заттар мен олардың аттары үлкен етіп жазылған үлестірмелі қима қағаздар кең қолданылады.
Ал, мынаунеше кітап ? («кітап» деген сөз жазылған
үлестірмелі екі қима кағазды көрсетеді.)
Қорытынды:
- Барлық заттың атын білдіретін сөз болады екен. Ол заттарды
сол аттарымен атаймыз. Кәне, класс ішіндегі, көшедегі
өздерін көріп Тұрған заттарды атаңдаршы?!
Оқушылар айта бастайды:
- Тақта, парта, , ағаш, ....
II. Заттың санын білдіретін сөздерге сұрақ қоя білуге дайындау.
Сабақ барысында бірінші мақсатты орындаудан екінші мақсатты игеруге әртүрлі жолмен көшуге -болады. Ең маңыздысы -бұл тұста оқушылардың психологиялық күйіне күш түспейтіндей болу керек. Ол үшін қарсы сұрақ қойылады:
- Ал, енді осы класс ішінде өздерің білмейтін заттар бар ма?
Болса, оның атын білу үшін қалай сұрайсыңдар.
Класта мұндай заттың жоқ болуы да мүмкін. Ондай жағдайда мұғалім өзі әкелген көрнекі құралдардың бірін немесе суреттерді пайдалана алады. Мысалы, жемістер бейнелген суреттерді алайық. Алма, алмұрт, қара өрік, шие, апельсин, т.б. жемістердің (суреттегі) әрқайсысына алдымен мұғалім, содан соң оқушылар сұрақ қоя отырып, олардың бәрі де «не?» деген сұраққа жауап беретінін анықтайды. Берілген ұғымды орнықтыра түсу үшін оқулықтағы 142-жаттығу орындалады. Бұдан соң суреттер бойынша жұмыс жүргізуге болады. Мысальі, аңдар (аю, арыстан, қасқыр, қоян, түлкі, т.б.). Ал оқушылар сұрақты өздері қойып, жауабын өздері айтады:
Мынау не?
Аю
Неше аю?
Екі аю
Қасқыр...
Осындай үлгідегі ауызша жаттығудың үшінші рет қайталанған тұсында мұғалім оқушыларды ойландыратындай өзгеріс енгізу қажет. Мысалы, суреттерде, ауылшаруашылығы машиналарының (трактор, комбайн, жүк машинасы, автобус) немесе қала транспортының Тұрлері (автобус, трамвай, траллейбус, такси т.б.) бейнеленген.
Оқушылар алғашқы дағдылары негізінде сұрақ қойып, оған
өздері жауап бере бастайды: ;
Мынау не?
Автобус.
Мынау неше автобус ?
Төрт автобус
Осы мұғалім суреттердің арасынан үлкен планда бейнелеген автобус жүргізушінің немесе кондуктордың, не көше айырығындағы милиқионердің суретін көрсетеді. Адам бейнелеген суреттерге келгенде оқушалардың ойланып қалары анық. Ал алғашқы дағдысымен «Мынау не?» деп сұрақ қойып жатса, мұғалімнің өзі араласады.
Ойланыңдаршы, адамға бұл не деп айта ма екен?
Айтпайды.
Ал оларға қандай сұрақ қойылады?
Бұл кім?
Соңғы сұрақтың жауабын мұғалім айтса да, оқушылар айтса да бәрібір. Маңызы - оқушының ойлануы - кенеттен жаңалыққа кез болу.
Ары қарай суреттерді араластыра бастау қажет: парта, төменге есімі жазылған оқушы қыз, нан, ақ халат киген сатушы, .т.б
Суреттердің көмегімен оқушылардың сұрақ қойып, оған өздері жауап берген дағдылары орнығып, ойлау жылдамдықтары артқан кезде олдардың алған білімдерін қортындылауға болады.
Қорытынды: барлық заттардың, адамдардың аттары болады. Олар сөздермен аталады. Бұл сөздерге кім? не? деген сұрақтар қоямыз. Егер адам болса кім? — деген сұрақ , ол жансыз зат, жан-жануарлар болса, не? деген сұрақ қойылады. Заттар дара не бірнеге болса оларға Қанша? неше ? деген сұрақтар қойылады.
III. Пысықтау жаттығулары. Мысалы, оқулықтағы 143-жаттығу.
Қосымша жаттығу үлгілері. Жақшадағы көп нүктенің орнына Қанша? неше ? сұрақтарының тиістісін қойып, көшіріп жазыңдар.
Шана (•...), бала (...), жүргізуші (...)..
Қалаған уақыттың көлеміне сай оқушыларды ойлау қабілетін дамытатын, әрі өткен материалдарды байытатын жұмбақ шешу жұмысын жүргізу де артық болмайды. Мысалы:
1. Көк ала костюм киеді,
Күннің көзін сүйеді.
(Қарбыз)
2. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(Кітап)
Мүнан кейін оқушыларға мақал- мәтел табу тапсырылды. Оқушылар тапқан мақал- мәтелдерден сан есімді тапты. Ол үшін оқушыларға әр тақырыптан мақал- мәтелдер табу тапсырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |