Диплом жұмысы Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудағы оқытудың белсенді әдістері



бет15/21
Дата19.05.2022
өлшемі339.2 Kb.
#457214
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
stud.kz-103114

V. Жинақтау
Таным мен ойлау деңгейі- жоғарғы деңгей.
Оқу материалдарының элементтерін жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атиауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
Шәкірт:

  • Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;

  • Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;

  • Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады.

Тапсырмалар түрлері:
Өз шешіміңізді табыңыз; алгоритм құрастырыңыз; баламасын табыңыз; бөліктерден құраңыз; жүйелестіріңіз, зерттеңіз.


VІ. Бағалау.
Таным мен ойлау деңгейі – жоғары деңгей.
Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелеріне қол жеткізуді меңзейді.
Шәкірт:

  • Оқу материалының құрылымын жазбаша түрде бағалайды;

  • Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын анықтайды;

  • Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды. [37; 62-69]

Жоғарыда аталған Блум таксананомиясы арқылы сабақтарды ұйымдастыру – оқушылардың сабаққа деген қазағушылықтарын арттыруға көмектеседі.


Шет тілдерін оқыту барысында дәстүрлі емес сабақтар ұйымдастыру үшін қолданылатын әдіс тәсілдер. Дәстүрлі емес оқу әдістерінің тіл үйрену барысында қолданылуы оқушыға қарапайым сабақтарға қарағанда көбірек еркіндік беруге ұмтылады. Кез келген тілдерді үйренудегі ең басты әрі ең тиімді әдістердің бірі ол – тілдік ортаны қалыптастыру, яғни, кез келген шетел тілдерінде еркін сөйлеуге, ойын жеткізуіне жағдай жасау. Ал сабақтың кең ауқымда ойын түрінде, не болмасы ән, би және фильмдер арқылы жүргізілуі тілдік орта қалыптастыруда таптырмас мүмкіндік берері хақ. Оқытудың бұл әдісі бойынша шетел тілдері сабақтарында барлық оқушылар үшін барынша мүмкін қолайлы шарттарды тудыруды көздейді: ол тілдер үйренуден бастап ұлттық құндылықтарды игреу және әлемдік шығармашылық туындыларды аудару, тілін үйреніп жатқан елдің дінін, тарихын, мәдениеті мен дәстүрін, ұлттық санасы туралы да толыққанды ақпарат беру бағдарламаларымен жүргізіледі.
Мысалы, “Believe it or not” ойынын ағылшын тілі сабақатарында қолдансақ. Ең алдымен әлемдік 5 ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттер (Ұлы Британия, АҚШ, Канада, Австралия және Жаңа Зеландия) бойынша сынып оқушыларын топтарға біріктіреміз. Топ атауларын мемлекеттер атауымен сәйкестендіріп, оқушыларға өз мемлекеттері туралы қызықты ақпараттар таратамыз. Оларға дайындалу үшін белгілі уақыт беріп, оқушылардың топтық жұмыстарын бақылаймыз. Ойын барысында оқушылар өздерінің мемлекеттері туралы кезекпен мәліметтер айтатын болады. Ал қарсылас топтардың міндеті – айтылған мәліметтердің дұрыс не бұрыс екенін ажырата білу. Әрбір айтылған дұрыс жауапқа 1 балл беріледі. Сабақ соңында қай мемлекет көп балл жинайды, сол лидер титулын иеленеді.
Бұл ойын оқушыларды топпен жұмыс жасауға ғана емес, сонымен қатар, басқа да әлемдік мемелекеттер туралы мағлұматтар білуге, сабақ барысында бірін-бірі тыңдап, бағалауына, топ мүшелері өзара және басқа да топтармен коммуникативтік қарым-қатынасқа түсуіне көмек береді. Ойын соңында оқушылар өзіндік бағалау бойынша жұмыс жасап, өзара бірін-брін бағалайды, яғни, сабақ барысына рефлексия жасайды.
Бұл ойынның негізгі мақсаты ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттерге ойша саяхат жасап, оқушыларды тілге деген қызығушылықтарын арттыру, сабақта еркін өз ойын жеткізу, сыныптағы басқа да оқушылармен коммуникативтік қарым-қатынас жасау және оларға қысым түсірмеу болып табылады.
Дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру барысында негізгі мақсаттарды алға қоя отырып мынада оқытудың белсенді әдістерін ұсынамыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет