Диплом жұмысы Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудағы оқытудың белсенді әдістері



бет14/21
Дата19.05.2022
өлшемі339.2 Kb.
#457214
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
stud.kz-103114

ІІ. Түсіну.
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады.:
Трансляция – оқу материалдарын бір тілден екінші тілге ауыстыру мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметте кесте, схемамен көрсету, т.б.
Интерпретация – оқу материалын өз сөзімен түсіндіру, қысқаша баяндау,
Жорамалдау – Оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін юолжау.
Шәкірт:

  • Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;

  • Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;

  • Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.

Тапсырмалар түрлері:
Қалай? Неліктен? Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетіңіз; Өз сөзіңізбен айтыңыз; графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.


ІІІ. Қолдану
Таным мен ойлау деңгейі орта –деңгей.
Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды практикалық тұрғыдан тереңірек игеруді талап етеді.
Шәкірт:

  • Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;

  • Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;

  • Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.

Тапсырмалар түрі:
Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір; Есепті бірнеше тәсілмен шеш; берілген гипотезаны тексер.


IV. Талдау
Таным мен ойлау деңгейі- жоғарғы деңгей.
Оқу материалыны құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу; бүтіннің бөліктерін ажырату; Бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланысты анықтау; бүтіннің қалайша ұйымдастырылғанын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.
Шәкірт:

  • Жасырын (көзге көрінбейтін) жәіттерді ашады;

  • Ойдың өрбуінен қателіктер мен олқылықтарды айқындайды;

  • Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;

  • Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.

Тапсырмалар түрі:
Құрылым қандай? Салдары неде? Топтастырыңыз, салыстырыңыз, себебін талдаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет