Дипломдық жұмыстың мақсаты: Шетел тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық негіздемесі және соның негізінде әртүрлі практикалық сабақтарда қолдану
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
дипломдық жұмыстың тақырыбына байланысты теориялық сұрақтарды зерттеу;
оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту әдістерін зерттеу;
оқушылардың шетел тілі сабақтарына анализ жасау;
эксперименттік зерттеу жасау.
Зерттеу нысаны: Шетел тілдері сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың негіздері.
Зерттеу пәні: Шетел тілі сабақтарында оқушылардың коммуниктивтік құзыреттілігін қалптастыратын оқытудың белсенді әдістері.
Зерттеу жұмысының әдіс тәсілдері: Зерттеу барысында тақырып жөніндегі ақпараттық материалдармен танысып, зерделеу, педагогикалық жұмыстар атқару, мектепте тақырыпқа сәйкес оқушылармен жұмыс жасау, сабақтар ұйымдастыру және өтілетін сабақтар барысында оқытудың белсенді әдістерін қолдану, жұмыс нәтижесін және оқушылардың жетістіктерін саралау.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудағы оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып, сабақта барынша өзін еркін сезінуіне ықпал жасау және оқушының жасырын қабілеттерін аша білу.
Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы: Оқушылардың шет тілдерін үйрену барысында коммуникативтік құзыреттіліктерін қадыптастыру арқылы олардың тілін үйреніп жатқан елдік мәдениеті мен әдет-ғұрпына деген құрметін қалыптастыру, шет тілдерін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру және білім құндылығын ұғындыру.
Зерттеудің құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТСАТЫРУ МАҢЫЗЫ
Достарыңызбен бөлісу: |