Жоғарыдағы мәтінді орындаудағы алға қойған мақсат пен міндет - оқушылардың жүрегіне патриоттық сезім оялату, тәуелсіздіктің біз үшін қымбат екендігін ұғындыру, өзінің еліне,
тарихына, тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптаста отырып, мәтіндегі негізгі ойды ашып тұрған сөз тіркестерін таптыру, оларға талдау жасату, осы тіркестерді пайдалана отырып, өздеріне қысқа мәтін құрату.
Нәтижесі:
оқушы алдымен мәтінді оқып шыққан соң, оған тілдік
түсініктеме жасады. Яғни мәтіннің қысқаша мазмұнын айттып
шықты;
түсініксіз сөздердің мағынасын ашып көрсетті;
мәтіндегі ойды жеткізуге тірек болып тұрған сөз тіркестерін
тапты (тәуелсіз мемлекет, қазақ халқы, түркі дүниесі, орасан
оқиға, үлы ескерткіші, Күлтегін жазуы, ғылыми көшірме, заңды
мүрагері, қазақ елі).;
аталған тіркестерді байланыстыру тәсіліне, қай сөз табынана
жасалғанына, байланысу формасына талдау жасады;
сөз тікесіне үқсас тұлғаларды (бұл жерде атаулық тіркестерді)
ажырата білуге тырысты.
Жаттығу жұмыстарын жүргізуде, тест
арқылы оқушы білімін тексеруде, оқушыларға сапалы білім беруде қолданылатын жұмыстардың бірі - көрнекті құралдарды тиімді қолдана білу. Сөз тіркесін оқытуда
көрнекті құралдарды қолданудың тиімді екенін бақылау, оқыту тәжірбиесінже байқалады. Әдістемелік, дидактикалық еңбектерде айтылып жүргендей, көрнекті қолданудың негізгі мақсаты,
біріншіден, оқытудың көрнекті принципін жүзеге асыру болса, екіншіден, оқу материалының мазмұнын аша түсуге, окушыдардың грамматиканы, яғни таза тілді қабылдауын, оны практикада қолдана білуін неғұрлым жеңілдетеді. Осы тұрғыда көрнекіліктер кескінделген және техникалық оқу күралдары немесе әкранды дыбыстық деп бөлінеді.
Кескінделген көрнекі құралдарға дианамикалық,
грамматикалық кестелер, схема, сурет, үлестірме кесте қағазы, перфоркарта, альбом, бүктеме т.б. жатады.
Әкранды - дыбыстық көрнектіліктерге диапозитив, слайд, кинофильм, диафильм, телехабар,
бейнежазба, үнтаспа, фонохрестоматия, компьютер т.б. жатады.
1. Сөз тіркесін оқытумен байланысты ең жиі қолданылатын көрнектіліктің түрі - дианамикалық кестелер, схемалар.
а) Сөз тіркесі мен оған үқсас тұлғаларды игеруге арналған кестелер.