Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу



Pdf көрінісі
бет40/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

29-тапсырма. Үлгіні оқып, курстасыңызға мінездеме жазыңыз.
 
 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық 
қатынастар факультетінің түлегі Әлімжанұлы Алмасқа 
МІНЕЗДЕМЕ 
 
Әлімжанұлы Алмас әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
Халықаралық қатынастар факультетіне 2005 жылы түсіп, 2009 жылы 
«Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бакалавр біліктілігі берілді. Білім 
алу барысында өзін тек жағымды жағынан көрсетті. Өзіне жүктелген 
тапсырмалар мен міндеттерді дер кезінде тиянақты орындап, ұқыптылық пен 
жауапкершілік таныта отырып, университетте жоғары сапалы білім алғандығын 
өндірістік тәжірибе жүзінде көрсете білді. 2005-2009 оқу жылдары аралығында 
ол өзін тек жақсы жақтарынан көрсетіп, жоғары оқу орнында алған білімін іс 
тәжірибеде кәсіби білікті маман ретінде дәлелдеді.
Достары мен студенттер арасында беделді, өзіне сенім арттыра білді. Ол өз 
ұжымы арасында сыпайы, әдепті, ынтымақтастық қарым-қатынасты ұстана 
алады. 
Мінездеме талап ету орнына беріледі. 
Халықаралық қатынастар
факультетінің деканы (қолы) 
 
Маман (қолы)  
 
30-тапсырма. Құжатты аударыңыз.
Мінездеме 
Асанова Айнұр Қамбарқызы, 1986 жылы 16 ақпанда Алматы қаласында 
дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматы. 2003 
жылы Алматы облысындағы №4 орта мектепті тамамдаған. Қазір әл-Фараби 
атындағы 
Қазақ 
ұлттық 
университетінің 
халықаралық 
қатынастар 
факультетінің 3-курс студенті.
Ол достары мен құрбылары арасында беделді, ынталы, тиянақты, еңбекқор 
және өз ісіне жауапты адам. Сонымен қатар, Айнұрдың ұйымдастырушылық 
қабілеті жоғары, көпшілікпен жұмыс істей біледі. Қазақ, орыс және француз 
тілдерін жетік меңгерген. Қазіргі уақытта қытай мен ағылшын тілдерін оқып 
үйренуде. Бос уақытында көркем әдебиетті оқумен, жан-жақты ізденумен 
өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет