52
Мінездеме
Елікбаева
Асыл Айдарқызы, 1986 жылы 12 шілде күні Алматы қаласында
дүниеге келген. Ұлты – қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы. 1993-2003
жж. Ғ. Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназияда оқып, 2003
жылы оны
үздік аттестатпен бітіріп, әл–Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық
қатынастар факультетіне түсті. Қазіргі уақытта «Студенттермен
алмасу
бағдарламасы» бойынша Пекин университетінің халықаралық қатынастар
факультетінде жарты жылдық курстан өтуде.
Ол өте талапшыл, ой-өрісі кең, шығармашылық қабілеттері бар, жан-жақты
тұлға. Асыл ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түседі, үнемі түрлі
пікірсайыстар мен университеттің қоғамдық жұмысына белсенді араласады.
Берілген міндеттер мен уәделеріне өте жауапты. Құрбы-құрдастары арасында
беделі жоғары, ал ұстаздар оны тек жақсы жағынан сипаттайды.
Студенттік «Сұңқар» қоғамдық ұйымы
Сөздік
беделді – авторитетный (ая-ое)
мақтаныш – гордость
жүлделі орын – призовое
место
пікірсайыс – дискуссия
ұйым – организация
тәжірибелі – опытный
32-тапсырма. Берілген тұрақты сөз тіркестерінің мәнін ашып, сөйлем
құрастырыңыз.
Сегіз қырлы бір сырлы, қанына біткен қасиет,
міз бақпау, айтқанынан
қайтпау, жұмған аузын ашпау, он
саусағынан өнер тамған, қаһарынан қар
жауған, өзін жақсы жағынан көрсету, қолы ашық,
тілі ұзын, басы бос, тас
бауыр, шық бермес шығайбай, өркөкірек, қой аузынан шөп алмас.
33-тапсырма. Мақалдардың мәнін ашып, жаттап алыңыздар. Оларға
мәндес орыс халқының қандай мақалдарын білесіз?
Адам деген ардақты ат.
Адамның күні адаммен.
Көз – нұрдың ұясы,
Көңіл – сырдың ұясы.
53
Саналы адам
Сағыңды сындырмас.
Санасыз адам
Жағыңды тындырмас.
Мінез – адамды өсіреді,
Мінез – адамды өшіреді.
Мінезге бай болсаң, бай боласың.
Кішірею – мінездің мінезі.
Достарыңызбен бөлісу: