Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу


-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма



Pdf көрінісі
бет43/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

 
35-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма. Досыңызға, таныс адамыңызға 
мінездеме жазыңыз. 
 
36-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 
1. Мінездеме құжатының жазылу түрі қандай? 
2Мінездеменің қандай түрлерін білесіз? 
3.Мінездемеде қандай мәліметтер көрсетілуі қажет? 
4.Сіз алатын мамандық иелері үшін қандай қасиеттер қажет? 
5.Ұлы тұлғалар мінезі туралы не білесіз? 
 
СӨЖ тапсырмасы. Студенттің мінездемесі, военкоматқа мінездеме,
оқу орнынан мінездеме, жүргізушінің мінездемесі, тәжірибе өткен жерден 
мінездеме, жұмыс орнынан мінездеме жазып, кейс папка дайындау. 
 
 
 
ҰСЫНЫМ ХАТ 
Ұсыным хат (ағылшын тілінен – «letter of reference» немесе «Letter of 
recommendation») – кез келген ұсыным хаттың мақсаты – нақты адам (жеке 
тұлға) немесе ұйым, кәсіпорын, мекеме (заңды тұлға) туралы объективті жан-
жақты ақпарат беру болып саналады. Негізінен, ұсыным хат жұмыс берушінің 
қызметкер туралы жеке пікірі болып келеді, әдетте, нақты немесе кез келген 
әлеуеттік жұмыс берушіге жағымды қолдау көрсету негізінде беріледі. 
Ұсыным хат өз кезегінде, жеке тұлғадан да, заңды тұлғадан да туындауы 
мүмкін. Ұсыным хат міндетті түрде мынадай ақпаратты  құрауы тиіс: 
1. Тақырыбы. 
2. Ұсыным беруші Сізді қашаннан және қалай біледі? 
3. Компаниядағы жұмыс фактін растау – сіз не, қайда, қашан істедіңіз (мысалы: 
«осындай уақыт аралығында осындай жерде жұмыс істедім» немесе «осындай 
жобада осындай ретінде қатыстым»). 
4. Қысқаша сипаттама Ұсыным (Рекомендация) беруші сіздің қандай негізгі 
жетістігіңізді атап көрсете алады. Ұсыным беруші сіздің қандай күшті 
қырларыңызды атап көрсете алады. 
5. Хат компанияның бланкісінде рәсімделіп, мөрмен және қол қоюмен бекітілуі 
тиіс. 


55 
6. Ұсыным хатқа қол қоятын адамның байланыс координаттары: тегі, аты, 
әкесінің аты және оның байланыс телефоны. 
(Орыс тілінен аударылып берілді) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет