Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу


-тапсырма. Үлгімен танысыңыз



Pdf көрінісі
бет78/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

 
7-тапсырма. Үлгімен танысыңыз.
 


100 
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасында 
"Республика Сарайына дыбыс жабдықтарын жеткізу (Алматы қаласы)" 
жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің грантын тарту туралы 
ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы 
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 16 маусымдағы N 60 Заңы 
"Егемен Қазақстан" 2005 жылғы 21 маусым № 137 
Астанада 2004 жылғы 27 тамызда жасалған Қазақстан Республикасының 
Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасында "Республика Сарайына дыбыс 
жабдықтарын жеткізу (Алматы қаласы)" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония 
Үкіметінің грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім 
бекітілсін. 
Қазақстан Республикасының 
Президенті 
(Жапон тарапының нотасы 
ағылшын тілінен аударма) 
(Интернеттен) 
Жоғары мәртебелi, Қасым-Жомарт Тоқаев мырза! 
"Республика Сарайына дыбыстық құрал-жабдықтар жеткiзу" (одан әрi - 
құрал-жабдық) жобасына қатысты Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Жапон 
Үкiметi өкiлдерi арасында жүргiзілген жуырдағы келiссөздерге назар аударуға 
және Жапон Үкiметiнiң атынан мынадай уағдаластықтарды ұсынуға рұқсат 
етіңiз: 
1. Қазақстан Республикасындағы мәдени қызметтің дамуына ықпал ету 
мақсатында Жапон Үкiметi Жапонияның қолданыстағы заңдары мен 
нормативтік актілерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметіне қырық 
тоғыз миллион сегiз жүз мың жапон йенi (Ұ 49 800 000) мөлшерiнде грант 
(одан 
әрi 
грант) 
бөледi. 
2. Грант осы келiсiм күшiне енген күнiнен бастап және егер де бұл кезең екi 
Үкiметтiң уәкiлеттi органдарының екi жақты келiсiмi жолымен ұзартылмаса 
2005 жылғы 31 наурызға дейiнгi кезең ішінде күшінде болады. 
4. Қазақстан Республикасының Үкiметі немесе оның уәкілеттi органы 
келiсiмшартты (осы келiсiмде пайдаланылатын "жапон алымы" терминi 
жапондық жеке тұлғалармен бақыланатын жапондық жеке тұлғаларды немесе 
жапондық заңды тұлғаларды бiлдiредi) 3-тармақта көрсетілген өнiмдер мен 
қызметтердi сатып алу үшін жапон алымы жапон иенiнде жасасады. Мұндай 
келiсiмшарттар Грантқа қолайлы болу үшiн Жапон Үкiметімен бекiтiлуi тиiс. 


101 
5. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметі немесе оның уәкілеттi органы 
Қазақстан Республикасы Үкiметiмен немесе оның уәкiлеттi органымен 
анықталған Жапон банкiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атына тек қана 
Грантты iске асыру мақсатында пайдаланылатын банктiк шот ашады. 
6. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi мыналар бойынша шаралар 
қабылдайды: 
(а) Қазақстан Республикасының аумағында Грант бойынша сатып алынған 
Құрал-жабдықтарды уақтылы кедендiк рәсiмдеу мен iшкi тасымалдауды 
қамтамасыз ету; 
(б) жапон ғалымдарын Грант шеңберiндегi тауарлар мен қызметтердi 
жеткiзуге қатысты Қазақстан Республикасында алынатын кеден бажының 
төлемдерiнен, елдiң ішкі салықтарынан және өзге де қаржылық алымдарынан 
босату; 
(г) құрал-жабдықтарды тиесілi және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету
(д) Грантпен жабылатын жобалардан басқа Жобаларды iске асыру үшiн 
қажетті 
шығыстарды 
төлеу. 
(3) Грант есебiнен сатып алынған құрал-жабдықтар Қазақстан 
Республикасынан 
тысқары 
керi 
экспортқа 
шығарылмайды. 
7. Екi Үкiмет жоғарыда аталған уағдаластықтардан туындайтын немесе 
оларға байланысты кез келген мәселенi қарау кезiнде бiр-бiрiнен консультация 
алады. 
Мен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметіне қатысты жоғарыда 
баяндалғанды растайтын осы нота мен Жоғары мәртебеңiздiң нота жауабыңыз 
Жапония Үкiметi Қазақстан тарабы осы Келiсiм күшiне енуi қажетті 
мемлекетшілік рәсiмдердi орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған 
күннен бастап күшiне енетiн екi Үкiметтiң арасындағы Келiсiм болып саналуын 
ұсыну 
құрметiне 
ие 
болып 
отырмын. 
Осы жағдайды пайдаланып, Жоғары мәртебеңiзге зор ықыласымды 
бiлдiремiн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет