Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу



Pdf көрінісі
бет77/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

 
Глоссарий 
 
Дипломатиялық пошта – мемлекет (әдетте сыртқы істер ведомствосы
тұлғасында) пен оның шетелдердегі дипломатиялық, консулдық және басқа да 
өкілдіктері арасындағы, сондай-ақ өкілдіктер арасындағы байланыстың ең 
маңызды және кең тараған түрлерінің бірі. Арнайы режим белгіленген 
дипломатиялық поштаның көмегімен қызметте пайдалануға арналған ресми 
корреспонденция (хат-хабар), құжаттар мен заттар жеткізіледі. Олар 
жабық және сүргішті мөрмен бекітілген дипломатиялық вализаға (сағдиянға) 
(фр. valise – чемодан) немесе оның сипатын көрсететін айқын сыртқы 
белгілері бар белгіленген тәртіпте пломбаланған сыйымдылықтарға (сөмке, 
қап, пакет, конверт және т.с.с.) жайғастырылып, буып-түйіледі. Әрбір 
вализа (сағдиян) дипломатиялық поштаның жеке орнын құрайды және олар 
соған арнайы уәкілеттендірілген адамның ілесуімен де, сондай-ақ оның 
ілесуінсіз, кәдімгі байланыс арнасы арқылы да жеткізілуі мүмкін. 
Дипломатиялық поштаны ашуға да, ұстауға да (кідіртуге де) болмайды және 
оған қандай да болса баж салықтары салынбайды. Дипломатиялық пошта мен 
дипломатиялық курьерлерге қатысты осы және өзге маңызды ережелер 
Дипломатиялық қатынастар туралы 1961 жылғы Вена конвенциясында 
мазмұндалады. 
 
Нотификация – (латын тілінен notificare – мәлімдеу) – дипломатиялық 
және келісімшарттық тәжірибеде кең таралған ресми мәлімдеме. 
Мемлекеттің қандай да болмасын халықаралық мәселеге байланысты саяси 
бағытын көрсететін, белгілі оқиғаларға немесе дәлелдерге байланысты 
пікірлер айтылатын халықаралық шарттардың ратификациясы және қол 
қойылуы туралы, оларға қосылу немесе олардың денонсациясы туралы 
мәлімдейтін және т.с.с. дипломатиялық нота, немесе басқа құжаттарды 
Сыртқы істер ведомствосы, дипломатиялық өкілдік немесе дипломатиялық 
мекеме арқылы тапсыру жолымен жүргізіледі. Көптеген жағдайларда, 
нотификацияның қажеттілігі халықаралық шарттармен қарастырылған.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет