119
Агреман, аккредитование, альтернат, аудиенция дипломатическая,
декларация, денонсация, коалиция, коммюнике, конвенция, кондоминиум,
консенсус, мораторий, оптация, промульгация, протекционизм.
31-тапсырма. Мәтінді оқып, термин сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.
Табысты келіссөз
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Германия Канцлері Ангела Меркельдің
Қазақстанға жасаған сапары табысты болды», – деп мәлімдеді.
–
Келіссөздер
біздің
қарым-қатынастарымыздың
ашықтығын,
транспаренттілігін, біздің елдер арасындағы саяси, сауда-экономикалық және
мәдени ынтымақтастықты тереңдетуді қалайтынымызды айқын көрсетті. Біздің
жемісті
өткен
келіссөздеріміздің
нәтижесінде
Қазақстан-Германия
ынтымақтастығының дамуына үлкен жол ашылды.
Сапар нәтижесінде сегіз
ведомствоаралық келісімге, сондай-ақ жалпы құны 2 млрд. еуродан асатын
бизнес–келісімдерге қол қойылды, – деді Елбасы Н. Назарбаев Ақордада
А. Меркельмен болған келіссөздерден кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Елбасының айтуынша, келіссөздер кезінде Германия
бизнесінің Қазақстан
экономикасына қатысу мүмкіндігін кеңейту мәселелері талқыланған.
(«Ана тілі» газетінен)
Глоссарий
Дипломатиялық
келіссөздер
(дипломатические
переговоры)
–
мемлекеттер өкілдерінің сыртқы саясат стратегиясын, тактикасын немесе
тиісті дипломатиялық акцияларды (шараларды) келісу, пікір алмасу, өзара
ақпарат алмасу, шарттарды әзірлеу мен жасасу, даулы мәселелерді реттеу
және т.с.с. мақсатымен екі жақты және көп жақты қатынастардың саяси,
экономикалық және өзге де мәселелерін ресми талқылау. Дипломатиялық
келіссөздер – мемлекеттер арасында туындайтын даулар мен жанжалдарды
бейбіт шешудің негізгі құралы, халықаралық құқықта ең көп тараған және
бекітілген даму және мемлекеттер арасындағы қатынастарды тереңдету
әдістерінің бірі.
Дипломатиялық
келіссөздерге қатысушылардың деңгейі (мемлекет
Басшылары, Үкімет Басшылары, Сыртқы істер Министрлері және т.с.с.)
талқыланатын мәселелердің маңыздылығына қарай анықталады. Жалпыға
бірдей танылған әдет-ғұрыпқа сәйкес мемлекет Басшысы, Үкімет Басшысы,
Сыртқы істер министрі арнайы өкілеттіктерсіз дипломатиялық келіссөздер
жүргізуге және халықаралық шарттарға қол қоюға құқылы; қалған лауазымды
тұлғаларға
дипломатиялық
келіссөздер
жүргізу
және
қорытынды
құжаттарға қол қою үшін тиісті дәрежеде ресімделген өкілеттіктер берілуі
тиіс. Дипломатиялық келіссөздер қатысушылардың жеке кездесулері немесе
жазбаша дипломатиялық хат алысу арқылы жүргізіледі. Келіссөздердің