Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу



Pdf көрінісі
бет94/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

33-тапсырма. Мәтінді оқып, сөйлем түрлерін анықтаңыз. 
Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы 
өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы 
 
ДЕКЛАРАЦИЯ
Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы, төменде Екі жақ 
деп аталады, мемлекетаралық қатынастарын өзара түсіністік, әділеттілік және 
бірін-бірінің ішкі істеріне араласпау негізінде құру тілегін арқау ете отырып, 
халықаралық құқық нормаларына, ең алдымен Біріккен Ұлттар Ұйымы
Жарғысының мақсаттары мен принциптеріне адалдығын қуаттай отырып
жалпыға бірдей бейбітшілік пен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға 
ұмтыла отырып, мыналар жөнінде келісті: 
1-бап 
Екі жақ саясат, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, экология, 
мәдениет, ізгілік, ақпарат және басқа салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты 
одан әрі кеңейтіп, тереңдетуге шаралар белгілейді. 
2-бап 
Екі жақ тең дәрежедегі және достықтағы мемлекеттер ретінде өз 
қатынастарын дамытады. Екі жақ егемендікті, территориялық тұтастықты, күш 
қолданбауды және қарумен қоқан-лоққы жасамауды, дау-дамайды бейбіт 
реттеуді, адам құқығын сақтауды құрметтеу принциптері негізінде іс-қимыл 
жасайтын болады.
3-бап 
Екі жақ сыртқы істер министрліктері арасында екі жақты қатынастар мен 
өзара 
мүдделі 
халықаралық 
және 
аймақтық 
мәселелер 
жөніндегі 
консультациялар өткізіп тұруға қол жеткізіп, сондай-ақ екі елдің Сыртқы істер 
министрлері кезегімен Алматы мен Тегеранда жыл сайын кездесіп, келіссөз 
жүргізіп тұратындарын қуаттады. 
4-бап 
Екі жақ жан-жақты экономикалық ынтымақтастық үшін заң, қаржы және 
сауда тұрғысынан қолайлы жағдайлар жасауға және осы саладағы ақпарат
тәжірибе әрі техникалық білімдермен алмасып отыруға, күш салуға келісті.


123 
5-бап 
Энергетика мен отын ресурстары, оның ішінде мұнай мен газ 
салаларындағы 
екі 
ел 
арасындағы 
ынтымақтастықты 
өрістетудің 
маңыздылығын ескере келіп, екі жақ Қазақстан Республикасының Энергетика 
және отын ресурстары министрлігі арасындағы 1992 жылғы 22 тамызда, бұл 
1371 Күндік жылғы /Хиджра/ 20 мордаға сәйкес, қол қойылған өзара түсіністік 
туралы Мазмұндамада көзделген келісімді орындауға зор мән береді.
6-бап 
Екі жақ Қазақстан мен Иран кәсіпорындары, фирмалары мен ұйымдары 
арасындағы тікелей байланыстар және сауда-экономикалық ынтымақтастықты 
өркендетуге қолайлы жағдай жасайды.
Осы мақсатпен екі жақта сауда жәрмеңкелерін өткізуде, көрмелер 
ұйымдастыруда, фирма, ұйым өкілдіктерін ашуда бір-біріне жәрдемдесіп, өзара 
делегациялар алмасуға, іскерлік байланыстарды өрістетуге ықпал етеді.
7-бап 
Екі жақ ғылым мен техниканың осы замандағы жетістіктерін адам мүддесі, 
оның денсаулығы мен игілігі үшін пайдалану мақсатымен ғылыми-техника 
саласындағы ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып, ғалымдар мен 
ғылыми-зерттеу мекемелерінің бірлескен бастамаларына жәрдем жасап, қолдау 
көрсетеді.
8-бап 
Екі жақ көлік саласындағы бар келісімдердің орындалу барысына қанағат 
білдіріп, екі жақ үшін де жүк және жолаушылар тасымалдау үшін, Каспий 
теңізіндегі екі жақтың порттары арасында су жолы желісін тартудың, екі ел 
арасында автомобиль қатынасын орнатудың, Мешхед-Серахс-Теджен темір 
жол қатынасын ұйымдастырудың, сондай-ақ Трансазия темір жол 
құрылысының маңыздылығын нақтылай түседі.
9-бап 
Екі жақ қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан 
Республикасы мен Иран Республикасы арасында почта және телекоммуникация 
байланысын ұйымдастыруға және дамытуға жәрдемдеседі.


124 
10-бап 
Екі жақ қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану 
саласында тығыз ынтымақтасып маңызды экологиялық тауқыметтерді 
шешудегі, айналадағы ортаға зиянды ықпал болдырмау жөніндегі бірлескен 
бағдарламалар жасаудағы хабарлар мен жинақталған тәжірибені алмасып 
отырады.
11-бап 
Екі жақ қылмысқа, терроризмге, есірткі құралдарымен контрабанда жасауға, 
әуе және теңіз қарақшылығына, мәдени, тарихи құнды заттарды заңсыз тасуға 
қарсы күрес саласында ынтымақтасып, тәжірибе алмасып тұрады.
12-бап 
Екі жақ түрлі салалардағы мамандар, сондай-ақ экономиканың басшы 
кадрларын 
даярлау 
және 
олардың 
біліктілігін 
арттыру 
ісіндегі 
ынтымақтастыққа маңызды мән береді. Екі жақ өзара студенттер, стажерлар, 
мектеп пен жоғары оқу орындарының оқытушыларын алмасуға жәрдемдесетін 
болады.
13-бап 
Екі жақ өз мүмкіндіктерін ескере келіп, төтенше апат болған жағдайда бір-
біріне жан-жақты қайырымдылық көрсетіп жәрдем жасайды, табиғат 
сұрапылының алдын алуға, оның зардабын жоюға күш-жігер жұмсайды.
14-бап 
Екі жақ Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы 
парламенттерінің арасында қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді.
15-бап 
Екі жақ өзінің өзара қарым-қатынастарына, жоғарғы дәрежедегі кездесулер 
өткізуде зор маңыз беріп, оларды алда жалғастыра берудің қажеттілігін 
құптайды.
Декларация Қазақстан Республикасы Президенті бастаған Қазақстан 
Республикасының жоғары мәртебелі делегацияларының ресми сапары кезінде 
және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Иран Ислам 
Республикасының Президенті А. Хашеми-Рафсанджани сенім мен өзара 
түсіністік рухында өткен достық келіссөз нәтижесінде талқыланып, Тегеран 
қаласында 1371 Күндік жылдың /Хиджра/ ІІ абанына сай 1992 жылғы 2 


125 
қарашада екі дана етіліп, қазақ және парсы тілдерінде жасалды және екі текстің 
де бірдей күші бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет