Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу


-тапсырма. Жаңа сөздермен жұмыс



Pdf көрінісі
бет89/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

26-тапсырма. Жаңа сөздермен жұмыс. 
Уағдаластық, мүдде, ізгілік байланыс, достық қарым-қатынас, заңды 
жолдармен анықтау, жүктеу, қорытынды ереже, күшіне ену, күшін жою, 
уағдаласушы тараптар, әрқайсысының күші бірдей, айрықша маңыз бере 
отырып, алаңдатушылық білдіре отырып, мәдени өмір, ғылыми өмір, жәрдем 
көрсету, консулдық мекеме. 
27-тапсырма. Мәтінді оқып, етістіктердің шағын анықтаңыз. 
Қазақстан Түркиямен байланысын күшейтпек 
 
Түркияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі 
Лале Үлкер ханым мен ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, 
қорғаныс 
және 
қауіпсіздік 
комитетінің 
мүшесі, 
Қазақстан-Түркия 
парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі Уәлихан Қоңырбаевтың 
кездесуі болып өтті. Жүздесуде Қазақстанның тәуелсіздік алған тұстағы Түркия 
елінің алғаш рет құттықтап, қолдау білдіргені, екі мемлекет арасындағы саяси-
экономикалық, рухани-мәдени, білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық 
қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқаны туралы әңгіме қозғалды. 
Тараптар парламентаралық байланысты өркендете түсудің келешегі жайлы 
пікір алмасты.
(«Ана тілі» газетінен) 
 
28-тапсырма. Құжатты оқып, аударыңыз. 
 
Мемлекетаралық келісім – Межправительственное соглашение
 
Иран 
Ислам 
Республикасының 
Үкіметі 
мен 
Қазақстан
Республикасының 
Үкіметі 
арасындағы 
сауда-экономикалық 
ынтымақтастығы туралы 
 
К Е Л І С І М 


115 
Иран Ислам Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының 
Үкіметі, бұдан былай Екі жақ деп аталады, 
өзара сыйластық негізіндегі достық қатынастарды дамытуға ұмтылушылықты 
ескере келіп, 
теңдік пен өзара тиімділік негізінде сауда - экономикалық ынтымақтастықты 
ұлғайтуды көздей отырып, 
төмендегілерге келісті: 
1-бап 
Екі жақ елдің әрқайсысында қолданылып жүрген заңдар мен ережелердің 
шеңберінде екі ел арасындағы ұзақ мерзімді және тұрақты сауда- экономикалық 
қатынастарды дамыту үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды және осы 
мақсатпен тиісті қолайлы жағдайлар жасайды. 
2- бап 
Екі жақ екі елдің тиісті органдары тауарларды сырттан әкелуге және 
сыртқа шығаруға лицензиялар берілуін және кедендік баж салығы үшінші 
елдегі тауарлар үшін белгіленгендегіден жоғары болмауын қамтамасыз етуге 
келісті. 
3-бап 
Екі жақ сауда және экономиканың түрлі саласындағы ынтымақтастығы 
үшін өздерінің кәсіпорындарын, фирмалары мен ұйымдарын ынталандырып 
отыруға келісті. 
4-бап 
Осы Келісімнің шеңберінде өзара тауар жеткізу мен қызмет көрсету әрбір 
елдің қалыптасқан заңдары мен ережелеріне сай екі елдің жеке адамдары мен 
құқықты жақтардың арасында жасасқан шарттардың негізінде жүзеге 
асырылатын болады. 
5-бап 
Екі жақ өзара тауар жеткізу және қызмет көрсету дүние жүзілік баға мен 
халықаралық сапа стандартына сәйкес жүзеге асырылатындығына келісті. 
6-бап 
Осы Келісімнің шеңберіндегі өзара тауар жеткізу және қызмет көрсетудің 
төлемі Иран Ислам Республикасының Орталық Банкі мен Қазақстан 
Республикасының Ұлттық мемлекеттік Банктерінің жасасқан банкаралық 
келісімдерінің негізінде жүзеге асырылатын болады. 
7-бап 
Сауда байланыстарын өрістету, нарық мүмкіндігі мен тауар маркетингін 
зерттеу үшін Екі жақ сауда делегацияларын, маман делегацияларын, сауда 
ақпаратын алмасуды, өткізілетін халықаралық сауда көрмелеріне белсенді 
қатысушыларды 
ынталандыру, 
арнайы 
көрмелер 
мен 
семинарлар 
ұйымдастыруға ықпал жасап, бұл бағытта қажет болған жағдайларды жасауға 
келісті. 
8-бап 
Әрбір жақ өз елінің қалыптасқан заңы мен ережелерінің шеңберінде сауда 
мен экономиканың түрлі саласында кәсіпорындар, ұйымдар мен фирмалар 


116 
өкілдіктерінің өз жерінде ашылып, жұмыс істеулеріне өзара жәрдемдесу 
принципінде ықпал ететін болады. 
9-бап 
Екі ел арасындағы жеткізілген тауарларды әрбір жақтың заңдарына сәйкес 
сыртқа шығарушы елдің келісімімен үшінші елге шығаруына болады. 
10-бап 
Екі жақ осы Келісімнің орындалу барысын бірлескен сауда- экономикалық 
комиссиясының жыл сайынғы екі ел астанасында кезекпен өткізіліп тұратын 
мәжілісінде қаралып тұратындығына келісті. 
11-бап 
Осы Келісімге қажет болған жағдайда әрбір елдің қалыптасқан заңдылығын 
ескере отырып, Екі жақтың келісуімен өзгерістер немесе қосымшалар енгізілуі 
мүмкін. 
12-бап 
Осы Келісімнің қолданылу мерзімі біткеннен кейін оның ережелері ол 
қолданыста болған кезеңде жасалған және Келісімнің қолданыста болу мерзімі 
біткен кезге дейін орындалмаған барлық келісімшарттар бойынша 
қолданылады. 
13-бап 
Осы Келісім үш жыл мерзімге жасалды және егер Екі жақтың бірі оның 
қолданыста болу мерзімі біткенге дейін алты ай бұрын қолданылуын 
тоқтатқысы келетіндігі туралы екінші жаққа жазбаша түрде хабарламаса, бұл 
мерзімі біткен соң бір жылға өзінен-өзі ұзартылады. 
Аңдатпа мен 13 баптан тұратын осы Келісім Тегеран қаласында 1371 Күндік 
жылдың /Хиджра/ 11 абанына сай 1992 жылғы 2 қарашада парсы және қазақ 
тілінде жасалынды әрі екі текстің күші бірдей. 
Осы Келісімді түсіну жөнінде пікір алалығы пайда болған жағдайда Екі 
жақтың өкілдерінің бекіткен ағылшын тіліндегі тексті басшылыққа алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет