12
Автоматты басқару жүйесін (АБЖ) құру үшін маман ең алдымен
басқарылатын обьектінің математикалық моделін тұрғыза білу керек. Ал
бұл
есепті экспериментті жəне аналитикалық жолдармен шешуге болады.
Кез келген өндірісте қондырғыда технологиялық процестің бірқалыпты
жүруі белгілі бір дəреженің, қызмет алгоритмінің орындалуына байланысты
болады.Осы кезмет алгоритмін орындау үшін белгілі
бір сыртқы команданы
орындайтын құрылғыны, не машинаны басқару обьектісі дейді.
Технологиялық процесті жүргізу үшін басқару обьектісіне əсер ететін
тиімді ықпалды тиімді ықпалды басқару дейді. Егер бұл басқару адамның
қатысуынсыз жүзеге
асса оны автоматты, ал адамның қатысуымен болса
қолмен басқару деп атайды. Технологиялық процесті берілген қызмет
алгоритмі бойынша өткізу мақсатында обьектіге
сырттан берілетін арнайы
нұсқаулар жиынтығын басқару алгоритмі деп атайды.
Басқару обьектісіне баскару алгоритміне сəйкес əсер ететін кез-келген
техникалық курылғы автоматты басқару құрылғысы деп аталады.
Бір-бірімен байланысты жəне басқару алгоритміне сəйкес өзара
əрекеттесе жұмыс жасайтын автоматты басқару
құрылғысы мен басқару
обьектісінің жиынтығы автоматты басқару жүйесі деп аталады.
Автоматты жүйе өзара байланысқан жəне белгілі бір қызмет атқаратын
дербес
конструкциялық
элементтерден
тұрады,
оларды
автоматика
элементтері,түзетуші, қабылдаушы, жоспарлаушы, түрлендіруші жəне
атқарушы деп ажыратады[3].
Достарыңызбен бөлісу: