ДипломДЫҚ ЖҰмыс 5В010500-Дефектология мамандығы



бет2/17
Дата01.06.2023
өлшемі450.19 Kb.
#474584
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Құрамашева М. 105-48,

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тілі пәні – мектеп бағдарламасындағы бастысы пәндердің бірі, барлық пәндерге ортақ негізі әрі ұйытқысы. Туған тілін жақсы меңгермей, ана тілде дұрыс та сауатты сөйлеп, сауатты да пікірлерді жазуға үйренбей тұрып, басқа пәндерді ойдағыдай меңгеру жайында айтудың өзі артық. Бастауыш сыныптардағы білім-білік дағдыларының негізі қаланатыны ақиқат. Осы жайында ақиқатына келер болсақ, кешегі Кеңес дәуірінде де аз жазылып, аз айтылмайтын еді. Алайда, ол кезеңде ана тілімізге, қазақ тілі пәнді оқыту сапасына өз септігін тигізді.
Мемлекеттік тіл – ұлттың әдеби тілі, ал әдеби тіл – сөздің мағынасы мен қолданысы, жазу нормасы мен айту нормасы, атау-термині, т.б. жағынан сол тілде жазатындар мен сөйлейтіндердің бәріне бірдей түсінікті, ортақ, міндетті тіл деген сөз ғой. Біздің ұлты басқа отандастарымыз бен шетелдіктердің үйреніп, бізден сөйлесетін тілі де сол ала-құлалықтан ада (немесе елеусіз) әдеби тіліміз [1,8].
Білім алуда баланың оқуға деген талпысы, ынтасы, қызығуы және оқудың қажеттілігін сезінуідің маңыздылығы күшті. Бұл жайттарды ескермесе, балаларды білім негіздерімен қаруландыру қиын. Сондықтан да ең алдымен оқушыларды білім алуға жаттықтықтыру, яғни олардың білімге деген ынтасын арттыруға айырықша көңіл бөлінеді. Білім алу ақыл-ой қызметі арқылы жүзеге асады. Олай болса, оқыту барысында мұғалім оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға болса назар аударып отыруға тиіс.
Білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кездегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Балабақшадан бастап сауат ашу, есептей білу темптілік, үйретуге сияқты бетбұрыс, бастауыш сыныпта күрделеніп оқу мен жазуды байланыстыру, көркемдей шапшаң жазу секілді талпыныс жасауда. Соның ішінде оқушылардың каллиграфиясына тоқталсақ, ол тек мектеп қабырғасында қалыптастырылады. Бастауыш мектепте оқу, жазуды үйретудің әдістемесі басқа ғылымдар сияқты қалыптасып, дамып келеді. Жазуды қай кезде оқыту керек? деген сұрақ ерте кезден пікір – талас туғызып келеді.
Американдық психолог Ф.Фришен ХХ ғасырдың басында жазуды үйрету 9 жасында өте қолайла десе, 20-жылдары Ю.К.Фаусек 5 жастан жазуды үйрету керек екенін тәжірибе жүзінде көрсетті.
Оқу, жазудың әдістемесіне басқа елдердің тәжірибесінің де әсері мол. Мәселен, Германияда торкөз арқылы оқыту. ХІХ ғасырдың аяғында бірнеше елдерге тарап қолдану аясы кеңейді. Алайда, гигиеналық талап пен жазуға кері әсерін тигізетіні дәлелденгенде алынып тасталынды.
Сол сияқты Англиядағы курсивті үзіліссіз жазуды да айтуға болады.
Мұндай оқу, жазу әдістемесіне әсерін тигізген, оның өзгеруіне мынадай себептер болды.
1. Өзінің зерттеулер немесе басқа мұғалімдердің тәжірибиесі негізінде жасалынған қорытындылар немесе әдістемелік нұсқаулар. Бұл жазуды байытуға әсерін тигізеді. Мәселен, ХХ ғасырдың басында Е.Евсеев оқу, жазудың әдістемесін жасаса, Е.В.Гурьянова, Е.Н.Соколова методикалық нұсқаулар жазды.
2. Оқу, жазудың тәжірибесінің басқа елдермен ауысуы.
3. Жасалған іс-тәжірибиелер арқылы әдістердің өзгеруі.
Осындай іс-тәжірибиелер негізінде жазуға оқытудың алғашқы әдістерін Гурьянов енгізді. Жеке мектепте және сыныпта жүргізілген эксперимент негізінде графикалық дағдыларын үйретудің әдістемесін жасады.
Көркем жазу саласында көптеген сұрақтар пікірталас тудырып, ауқымды мәселеге айналды.
Олар:
а) 5-6 жасар баланы қалай жазуға оқытамыз?
ә ) үзіліссіз және үзіліспен жазуды қалай қолданамыз?
б) тік және көлбеу жазуды қалай қолданамыз?
в) қай қолмен жазған дұрыс?
г) әріптің көлемі қандай болу керек?
Осындай мәселелерді шешу барысында басқа елдермен тәжірибе алмасып отырды.
Англия, Америка, Германия, Швеция т.б. елдерде жазуға үйретудің алғашқы кезінде курсивті жазу емес, құрамында көптеген элементтері бар шрифтпен жазды. Бұл жазуды монускрипт деп атады. Бірақ бұл шиеленісті шеше алмады. Жазудың жылдамдығы мен сапасы жақсармады.
Чехословския елінде оқушыға жазу оңай болу үшін ең алдымен әріпті үлкен, кейін кіші етіп жазуды үйретті.
АҚШ елінің кей мектептерінде жазудың алғашқы кезінде машинамен басып үйренді.
Болгарияда жазу дағдысы оқытуға үйретуден дамып отырды. Бірінші оқытып үйренуден осы кезде элементті, қолдың қозғалысын жазуға даярлайды. Сонымен қатар, дәптердегі сызықтардың орналасу үлкен мәселе тудырған. Дәптердегі сызықтардың орналасуымен М.Ричардсон айналысты.
Оның ойынша жазуға оқытудың алғашқы кезінде оқушыны таза параққа жазып үйрету керек деп есептеді. Қазіргі кезде бұл мәселелер шешілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет