ДипломДЫҚ ЖҰмыс 5В010500-Дефектология мамандығы


Дауыстылар: а,ә,о,ө,е,ы,і,ұ,ү,е,э,и,у, Дауыссыздар



бет6/17
Дата01.06.2023
өлшемі450.19 Kb.
#474584
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Құрамашева М. 105-48,

Дауыстылар: а,ә,о,ө,е,ы,і,ұ,ү,е,э,и,у,
Дауыссыздар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,ћ,ц,ч,ш,щ. "у" дыбысы дауыстыдан кейін келсе, буын құрай алмай, үнді дыбыс болады (Бау, тау, т.б.); ендеше, "у" бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс қызметін атқарады.
Дыбыстарды дауыстылар, дауыссыздар деп топтастырғанда балаларға әсіресе олардың акустикалық жақтары мен физиалогиялық жақтары баса үйретілуі қажет.
Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, дауыстылрды айту үстінде ауа: 1) кедергіге ұшырамай, тосқауылсыз, еркін шығады; 2) дыбыстау мүшелеріне күш түспей, лепсіз, бір қалыпты шығады; 3) созып айтуға келеді. Ал дауыссыздарды айтқанда: 1) кедергіге ұшырайды; 2) тосқауылдан өту кезінде дыбыстау мүшелеріне күш түседі де, ауа лап (етіп шығады; 3) созып айтуға келмейді.
Сөйтіп, тіліміздегі дыбыстарды айтып үйрену-сауат ашу кезеңіндегі ерекше көңіл аударатын жұмыс. Мұнда дауыстылар мен дауссыздар салыстырмалы түрде айтылады, балалар бұл дыбыстардың қалай айтылатынын жуан, жіңішке айтылатынын аңғарады, әрі өздері айтып үйренеді.
Сауат ашу кезеңінде балалар дыбыстарды айтуға дағдылану мен бірге олардың қалай таңбаланатымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу, әріптерді үйрену - сауатты болудың алғашқы баспалдағы. Әріптерді білу арқылы жазуды меңгереді.
Мектепте осы сауат ашу ең бір шешуші кезең болып есептеледі. ¤йткені қазақ тілін үйрену, жоғарыда көрсеткеніміздей, басқа пәндерді де үйрену барысындағы жетістіктер мен кемшіліктердің негізі болып табылады.
Сауат ашу кезінде балалар сөздің дыбыс, буын құрамын меңгереді, сөйлеммен танысады. Буындардан қалайша сөз құрауға болатынын біледі, жаңа сөздер үйреніп, сөздік қорларын байытады, практикалық түрде қазақ тілінің нормасына сай сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып беруге дағдылана бастайды.
Мұғалім бөбектерге айтылатын дыбыстарды қағаз бетіне түсіру үшін және оларды оқу үшін бұл дыбыстардың белгілі бір графикалық таңбалар мен белгіленетінін айтады. Бірінен кейін бірі - рет-ретімен орналасқан әріптердің жиынтығы алфавит деп аталады. Қазақ тілінде орыс графикасы арқылы белгіленетін 42 әріп бар. Олар:,ә, б, в, г, ғ, д, е, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, і, ы, ұ, ү, о, ө, п, р, с, т, у, ф, х, ћ,ц, ч, щ, ш, э ,ю, я, ь ,ъ. Қазақ тілінде бір таңба екі дыбысты белгілейтін жағдайлар да бар: е,я,ю,у,ц,ч,щ, [9, 21-22 бб.].
Дыбыс тіркестерінің сөздердің дұрыс айтылу ережелері орфоэпия деп аталады.
Қазақ тіліндегі сөздердің айтылуы жазылуында аса көп айырмашылық жоқ.
Оқу - жазуға үйретудің бастапқы кезеңдерінде анық естілетін, созып айтуға келетін және дыбысталуы мен таңбалануы бірдей дыбыстардан құралған сөздер іріктеліп алынады. Балалар сауат ашу кезінде өздері көріп тұрған не жазған әріптерінен буын құрай алады. Балалар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан құралып тұрғанын ажыратса, жинақтау арқылы дыбыстардан буын, буындардан сөз құрап үйренеді.
Дара айтылуға және басқа дыбыстармен қосып айтуға ең қолайлы келетін дыбыстар дауыстылар болады, сонан кейін үнді дауссыздар мен ұяң дауыссыздар. Ең қиындары қатаң дауыссыздар, Сондықтанда оқу жазуға үйреткенде ең алдымен дауыстылары, сонан соң дауыссыздарды оқытқан орынды болады. Өйткені сауат ашудың ең алғашқы кезінде балалар бірден екі әріпті біріктіріп оқи алмайды. Алғашқы кезде бала бір - екі әріпті де қабылдайды. Үйрене келе, бірте-бірте жалғас тұрған әріпті де қабылдайды. Бірінші әріптен екінші әріпке көшіп, екі әріпті қосып оқи алатын кезде, созып айтуға болатын дыбыстардың берілгені жөн. Сондай-ақ алғашқы кезде оқуға ұсынылған сөздер буын жағынан да жеңіл көбіне жуан дауыстылар мен созып айтылатын дауыссыздардан құралғаны қолайлы [10, 36 б.].
Ерекше білімге қажеттілігі бар балалармен дәрігерлерден қарағанда әлдеқайда көп уақыт өткізетін педагогтер. Дефектолог Ақмарал Мұхтарова жас дефектологтарға төмендегідей кеңестерді ұсынған:

  • Сабырлы, әрі аңғарымпаз болыңыз. Балалар үздіксіз оқи алмайды, уақытында демалулары керек.

  • Балаға мұқият қараңыз, ойлау жүйесін, не білетінін, қабілетін қалай жүзеге асырып жатқанын түсінуге тырысыңыз.

  • Баламен сөйлесу барысында сұрақтарыңызға жауап қайтара алу үшін оған уақыт беріңіз; кезекпен сөйлеңіз, бірнеше рет қайталауды ұмытпаңыз.

  • Жүйелі, сатылай әрекет етіңіз. Ең оңайынан қиынына, бір әдістен екінші әдіске жылжып отырыңыз.

  • Дәрістеріңізді түрлендіріп, күнделікті жаңа элементтер енгізіп отырыңыз.

  • Кейде байыппен, кейде эсоционалды сөйлей отырып, дауыс ырғағыңызды өзгертіңіз, бірақ еркелетпей анық сөйлеуді ұмытпаңыз.

  • Баланы көбірек мақтап ынталандырып отырыңыз.

  • Епті болыңыз, баланың көбіне өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндік беріңіз. Бұл баланың дербестігін дамыта түседі.

  • Өз-өзіңізге деген сенімділігіңізді жоғалтпаңыз. Барлық балалардың махаббат, қамқорлық және ықыласқа жылы жауап қайтаратынын ұмытпайық.

  • Балалардың білместікпен жасаған қателіктері, кемшіл тұстары, ағат қылықтары мен түсінбестігіне аяныш сезіммен тәрбие беруге тырысыңыз.

  • Сырқат бала махаббат, түсіністік және тыныштық кеңістігінде өмір сүреді. Сондықтан, кез келген дүрсіл, айғай, тіпті жай ғана жөтел баланың сескенуіне, іштей қысылуына теріс әсер тигізеді. Сол себепті, мұғалім мен оқушы арасындағы диалогкөзбен байланыс орнату арқылы немесе төмен дауыс ырғағымен жүзеге асуы қажет [11, 5-6 б.б.]. Бізде А. Мұхтарованың айтқанына қосыламыз. Себебі дефектолог мамандығы үшін үлкен төзімділік қажет. Ал балаға жазу-сызуды, оқытуды үйрету үшін тіптен.

1.3 ЕБҚ бар балаларды жазу дағдыларын қалыптастыру


Коррекциялық мектеп балаларының жазу дағдылары қиындықпен қалыптасады. Өйткені – ақыл-ойы жетік дамымаған балалардың ұсақ бұлшық еттерінің қимыл қозғалысы да, ұсақ моториканың икемділігі мен көзбен мөлшерлеу, кеңістікті бағдарлау, дыбыс жүйесінің талдау-жинақтау дағдылары да жетік қалыптаспайды. Сондықтан да баланы жазуға үйрету дайындық кезеңінен басталады, екінші сыныптан бастап баланың дағдылары жетіліп, графикалық дағдылары орнығады.


Әріп элементтерін үйреткенде оларға сәйкес келетін ұлттық таңбалар ою-өрнектерді қолданған абзал. Ондай жаттығулар буын, сөз жазуды әріп таңбаларын бір-біріне қосып жазудың (ілмек, сызық арқылы) дағдыларын қалыптастырады.
Қай бала болмасын бірден дұрыс жазып және оқып кете алмайды. Барлық балалар оқу мен жазуды үйренудің алғашқы сатысында азды-көпті қателерді жіберетіні кімге болса да белгілі. Алайда, біз, табиғи және заңды қателер туралы болғалы тұрған жоқ, керісінше, патологиялық қателер жайында тоқталмақшымыз.
Балалар жазуға үйрету нәтижесінде дыбысты әріппен таңбалай білуге әріпті, сөзді, сөйлемді дұрыс жазуға және оларды кітаптан, тақтадан дұрыс көшіріп, не есту бойынша жазуға, жазғанын тексеріп, қатесін түзете алатын болуы қажет.
Балалардың өз ойын тиянақты түрде жеткізуге үйрету-мазмұндама, шығарма жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Ондай жұмыс түрлері берілген тақырып, тірек сөздер, суреттер, саяхатта көргендері, т.б. бойынша жүргізіледі. Мұндай жұмыстардың жеңіл түрлері 4-сыныптан бастап мұғалімнің тікелей қадағалауымен жүргізіліп жоғарғы сыныптарда біртіндеп күрделілене береді.
Жазба жұмысқа арналған мәтіндердің мазмұны жағынан оқушыларға білімдік және тәрбиелік мәні болуы керек. Сондықтан оқу материалдары мен жаттығулары сұрыптағанда мынаны ескеру қажет:

  • материалдардың танымдық, тәрбиелік, эмоциональдық әсер болуы;

  • оның алдыңғы материалдармен байланысы болуы;

  • жаттығулар мен тапсырмалар әр алуан нұсқалы болуы;

  • оқушының ойлау, сөйлеу әрекетінде дамудың таяу аймағына өтудің базасын жасау.

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көркем жазу дағдыларын үйрету кезеңінде көптеген қиындықтар туындауы мүмкін. Алайда талмай ізденімпаздық пен еңбектің арқасында балаларға көркем жазу дағдыларын үйретуге болады. Енді бітірушілік жұмыс барысында ең алдымен жазбаша сөйлеу тілінде қандай қиындықтар туындауы мүмкін. Соған кеңінен тоқтала кетуді жөн деп шештік.
Жазу - бұл графикалық элементтердің көмегімен ақпаратты қашыққа жіберіп сөйлеу тілін белгілейтін таңбалар жүйесі. Яғни, жазбаша таңбалар жүйесі арқылы қатынас жасаудың ерекше түрі. А.Р.Лурия оқу импрессивтік сөйлеу тілінің ерекше түрі, ал жазу экспрессивті сөйлеу тілінің ерекше түрі деп сипаттайды. Жазу өнері өнері ауызша сөйлеу тілінің негізінде қалыптасады. Алайда, екеуінің арасында айырмашылықтар бар:
- ауызекі сөйлеу тілі бір жаста, ал жазбаша сөйлеу тілі 5-6 жаста қалыптасады;
-ауызекі сөйлеу тілі ересектермен қатынас кезеңінде пайда болса, жазу өнері саналы түрде, оқыту жүйесінде қалыптасады;
- жазбаша сөйлеу тілінде күрделі пунктуациялық ережелер жүйесін пайдаланады;
-жазбаша сөйлеу тілінде эмоционалды қатынас қатынас түрлері (мимика, жест, т.б.) қолданбайды.
- балаға түсінікті болу үшін хабарланатын ақпарат толық; нақты бұзылуының (жстб) білдіретін әр түрлі терминдер пайдаланады: жазудың жартылай бұзылуы – дисграфия; жазудың мүлдем қатыспауы-аграфия; оқудың жартылай бұзылуы – дислексия; оқу дағдыларының мүлдем болмауы – алексия; орфографиялық біліктілігі мен дағдыларын меңгере алмауға байланысты жазудағы тұрақты кездесетін қателер – дизорфорграфия деп аталады. Жазу өнері бұзылған атап айтсақ, дисорфография мен дизорфографияны ажыратудың негізгі кретийлері сауатты жазудың қағидалары болып табылады, жалпы орфографияда негізгі үш қағида: фонетикалық, морфологиялық, дәстүрлі. Фонетикалық қағиданың негізінде дыбыстық талдау жатыр. Сөз қалай естілсе, айтылса солай жазылады,морфологиялық қағида бойынша айтуына қарамастан морфемдегі (түбір, жұрнақ, жалғау) әріп белгісі тұрақты сақталады. Морфологиялық талдаудеңгейі сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағының дамуымен тығыз байланысты болады.
Дәстүрлі қағидада сөздің ескі тарихи жазылуы сақталады. Алайда мектеп тәжірибесінде ол сөздер «сөздік сөздер» деп аталады. Орфографиялық қағидаларды ескере отырып дисграфия фонетикалық қағиданың, ал дизорфография морфологиялық, дәстүрлі қағидалардың қолдануының бұзылуынан деп тұжырымдауға болады. Жазу үрдісінің психофизиологиялық құрылымы жазбаша сөйлеу тілі сөйлеу тілі іс-әрекетінің күрделі түру және көп деңгейлі үрдіс болып саналады. Оған түрлі анализаторлар қатысады: сөйлеу-есту, сөйлеу-қимыл-қозғалыс, көру, жалпы қимыл-қозғалыс. Олардың арасында жазу үрдісі кезінде өзара шартталған тығыз байланыс орнайды. Жазбаша сөйлеу тілін меңгеру есту және дыбыс айту қасиетінің, көрінетін және жазылатын сөздің арасындағы жаңа байланысын орнату сипатынан тұрады, өйткені жазу үрдісі төрт анализаторлардың: сөйлеу қимыл-қозғалысты, сөйлеу-есту, көру және қимыл-қозғалыстардың бірлескен жұмысымен қамтамасыздандырылады. Сөйлеу тілінің қысқа бірлігі, осыған сәйкес шартты түрде келесі бейне бойынша көріністе болуы мүмкін: бұл үрдістің құрылымы дағдыны меңгеру кезеңіне, жазу міндеттері мен сипатына байланысты. Жазу ауызша сөйлеу тіл үрдісімен тығыз байланысты және тек оның дамуының жеткілікті жоғары деңгейі негізінде іске асырылады. Үлкен адамның жазу үрдісі машықтандырылған болады және осы дағдыны меңгерген оқушының жазу сипатынан ерекшеленеді. Сонымен бірге, үлкеннің жазуы мақсатталған іс-әрекетті, мағынаны жеткізу немесе оны фиксациялау болып табылады. Үлкен адамның жазу үрдісі тұтастықпен, байланыстылықпен сипатталатын синтетикалық үрдіс болып табылады. Сөздің графикалық бейнесі жеке элементтері бойынша өндіріледі. Сөз бір тұтас моторлы акт бойынша өндіріледі. Жазу үрдісі машықтандырылған және екі жақты бақылау: кинестетикалық және көру бойынша жүреді.
Қолдың машықтандырылған қимыл-қозғалысы ауызша сөйлеу тілінің жазбаша ауысудың соңғы күрделі кезеңі болып табылады. Осы кезеңді даярлайтын күрделі іс-әрекет жәрдемдеседі. Жазу үрдісі көптеген операциялардан тұратын көп деңгейлі құрылым, көптеген операциялардан тұрады. Оған соңғы кезеңді даярлайтын күрделі іс-әрекет жәрдемдеседі, жазу үрдісі көптеген операциялардан тұратын көп деңгейлі құрылым, көптеген операциялар тұрады. Үлкен адамда олар қысқартылған, бүктелген сипатта болады. Жазуды меңгеру кезінде бұл операциялар ашық келбетте болады. А.Р.Лурия «Очерки психофизиологии письма» атты жұмысында жазудың келесі операцияларын анықтайды [12].
Жазуға түрткі, міндеттен басталады. Адам не үшін жазатынын біледі: мәліметті белгілі бір уақытқа сақтау, басқа адамға жеткізу, біреуді іс-әрекетке итермелеу т.б. үшін. Адам жазбаша жеткізуді ойша жоспарлайды, ойдың кезектілігін, мазмұнын бағдарлап ойластырады. Бастапқы ой белгілі сөйлем құрылымымен сәйкестендіріледі. Жазу үрдісі кезінде жазушы сөйлемді жазудың дұрыс реттелігін сақтап, не жазғанын, не жазатынына байланысты реттеп отыру керек. Жазылатын әр сөйлем оны құрайтын сөздерге бөлінеді, өйткені жазуда әр сөздің жазу түрткі, міндеттен басталады. Адам не үшін жазатынын біледі: мәліметті белгілі бір уақытта сақтау, басқа адамға жеткізу, біреуді іс-әрекетке итермелеу т.б. үшін. Адам жазбаша жазбаша жеткізуді ойша жоспарлайды, ойдың кезектілігін, мазмұнын бағдарлап ойластырады. Алдымен ой белгілі сөйлем құрылымымен сәйкестендіріледі. Жазу үрдісі кезінде жазушы сөйлемді жазудың дұрыс реттілігін сақтап не жазғанын, не жазатынына байланысты реттеп отыру қажет. Жазылатын әр сөйлем оны құрайтын сөздерге бөлінеді, себебі жазуда әр сөздің шекаралары белгіленеді. Сөзді дұрыс жазу үшін, оның дыбыстық құрамын, кезектілігін және әр дыбыстың орнын анықтау керек. Сөздің дыбыстық талдануы сөйлеу-есту және сөйлеу-қимыл-қозғалыс анализаторлардың біріккен іс-әрекеттері арқылы іске асырылады. Дыбыс сипаты мен олардың сөзде кезектілігін анықтауды дыбысты дұрыс, анық айтуды маңыздылығы көптеген зерттеулерде анықталған Л.К.Назарова бірінші сынып балаларымен келесі зерттеу жүргізді. Бірніші бөлімде оларға жазуға қол жетерлік мәтін, екінші бөлімде қиындығы бойынша ұқсас мәтін дыбысты айтусыз берілді: балалар жазу үрдісі кезінде тілдің ұшын тістеп немесе ауыздарын ашып отырды. Мұндай жағдайда қалыпты жазу кезіндегіге қарағанда қателерді көбірек жіберді. Жазу дағдысын меңгерудің бастапқы кезеңдерінде дыбысты айтудың маңызы зор. Ол дыбыс сипатын анықтауға, ұқса дыбыстардан ажыратуға, сөзде дыбыстардың кезектілігін анықтауға көмектеседі. Келесі кезеңнен – сөзден бөлініп алған фонеманың әріптің белгіленген көру бейнесімен сәйкестендіру және басқа дыбыстардан ажырату (әсіресе графикалық ұқсас дыбыстармен). Графикалық ұқсас әріптерді ажырату үшін көру талдау мен жинақтаудың, кеңістік түсініктерінің жеткілікті деңгейі керек. Талдау мен әріпті салыстыру бірінші сынып баласына оңай болмайды. Одан кейін жазу жүйесінің моторлы операциясы жүреді – қолдың қозғалысы көмегімен әріптің көру бейнесін тудыру. Қолдың қозғалысымен бір уақытта қинестетикалық қадағалау, бақылуа іске асырылады. Әріптерді, сөздерді жазу мөлшеріне қарай кинестикалық қадағалау көру қадағалауымен, жазылғанды оқуымен бекітіледі. Қалыптағы жазу үрдісі келесідей сөздік және сөзсіз функциялардың қажетті деңгейде қалыптасқан ғана іске асырылады: дыбысты естіп ажыратуы, оларды дұрыс айтуы, тілдік талдауы мен жинақтау, кеңістікте бағдарлауының қалыптасуы. Аталған функциялардың кез-келген біреуінің дұрыс құрылмауы жазу жүйесінің игерілуінің бұзылуын, дисграфияны тудырады. Дисграфия қалыптағы жазу үрдісін іске асыратын жоғарғы психикалық қызметтердің толық жетілмеуіне шартталады.

2 Көркем жазуға үйретудің әдістемелік жолдары


2.1 Балаларды жазуға үйретудің мақсаты, міндеті, принциптері және жазу жұмыстарына қойылатын талаптар



Бастауыш сыныптардағы жазу сабақтарының мақсаты – балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру.
Жазу дағдысының психологиялық негізгі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал системесының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен жүзеге асады. Ал ауызша сөйлеу естіу – кинестезиялық нерв байланыстары арқылы жүреді. Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сол себепті де ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады.
Ең алғашқы, ерте дәуірде адамдар қандай да болмасын бір оқиғалар туралы ақпараттарды кейінгі ұрпаққа қалыптастыруға болады. Сөйтіп сондай ақпаратты кейінге ұрпаққа қалдыруға болады. Бұл ақпараттарды түрлі суреттермен таңбалайды. Бұл кезең – идографиялық сөйлеу кезеңі деп аталдаы. Идеографиялық сөйлеу белгілі бір айтылатын жағдай туралы еске түсіру ролін атқарады. Кейінірек иероглифтік жазу шықты. Бұл заттарды немесе тұтас ойды білдірген.
Қазіргі таңдағы қолданып жүрген жазуымыз алфавиттік жазу. Бұл кейінірек шыққан.
Жазудың құрамына алфавит, графика және орфоргафия (емле) енеді. Алфавит – тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі. Графика дыбыстың, буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса, солай таңбалануы. Ал орфография тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу.
Алфавит пен графиканы меңгеру – оқу мен жазудың (сауат ашудың) ең алғашқы, ең қарапайым, бірақ ең маңызды дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Алайда жазуды меңгеру оның тағы бір басты бөлігі орфографияны (немесе жазу, сауатты жазу) игеруді қажет етеді.бастауыш класс оқушылары орфографияны игере отырып, сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады, яғни өзінің сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре береді, жеке басының жалпы даму деңгейі жоғарғы дәрежеге көтеріле береді. Міне, жазуға үйретудің басты маңызының өзі анықталады [13, 78 б.].
Жазбаша сөйлеудің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, жазбаша сөйлеудің қабылдаушыға әсер ететіндей қосымша құралдары жоқ; ол бүкіл оқушы қауымға арналады; онда автордың эмоциясы мен сезімі, толқу мен мұңаюы, қуанышы, реніші т.б.с.с. бірі сөз арқылы жеткізіледі; жазу тілін қабылдау қиялдың жұмысын талап етеді т.с.с. Бұл айтылғандар бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамыту мәселесінің күрделі екендігін көрсетеді, яғни балалардың жазу тілін дамыту үшін, алдымен оларды жазудың өзіне дағдыландырыпалу керек.
Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін (таяқша, дөңгелек, қосу сызықтары) сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады.
Бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен жоғары көтеріп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, неше түрлі қозғалыстар жасайды.
Алайда мұғалім тиімді жаттығулар ұйымдастырса, көп ұзамай, бірте-бірте бастапқы қозғалыстарын жинақтап, азайта түседі. Ал кейін әріп бөліктерін аса күш салмай–ақ қосып жаза алатын болады. Жаттығулардың нәтижесінде жазу қимылдары автоматталып, әуелі әріптерді, сонан соң тұтас сөздерді де кідіріссіз жаза алады.
Дей тұрғанмен балалар жазуға лезде-ақ дағдыланады деудің жөні жоқ. Себебі олардың кейбіреулері бір, тіпті екі жылға дейін жазу дағдысын толық меңгеріп кете алмайды. Осындай балалармен жеке жұмыс ұйымдастырылады.
Жазу қимылдары автоматталғаннан кейін жаңа міндет – сауатты жазуға (немесе орфографияға) үйрену міндеті туады.
Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді. Оған тілдің ережелері (әріп таңбаларын қолдану тәртібі, әріп таңдау, бірге және бөлек жазу т.б.с.с.), оны дұрыс қолдану жатады.
Оқушы ереже бойынша, саналы түрде, түсіне отырып жазу арқылы алған білімдерін бірте-бірте дағдыға айналдырады.
Бір орфографиялық амал автоматталғаннан кейін екіншісі үйретіледі. Осылайша, орфографиялық құбылыстар саналы түрде меңгеріле бастайды.
Қазақ тілі орфографиясының негізгі принципі – морфологиялық принцип, яғни түбір сөздің соңғы дыбысы қосымша аралығында да (бас-шы, башшы емес), сөз шекарасында да (боз құнан, бозғұнан емес) біріккен сөздерде де (Үмбетбай, Үмбетпай) емес сақталып жазылады [14, 46 б.].
Тілімізде орыс тілінен енген, аяғы үнді дыбыс - әріптерге біріккен бірсыпыра сөздері бар (клуб, педагог т.б.). Бұл сөздердің соңғы үнді дыбыстары айтылуда қатаң дыбыстарға айналады, яғни д, г, б дыбыстарды қатаңдап т, к, п дыбыстарына айналып айтылады. Мұндай сөздерге қосымша да қатаң дыбыстан басталып жазылады: педагогке, клубтан т.с.с. Бұлар грамматика ережелеріне сүйеніп үйретіледі.
Қазақ тілінде фонетикалық принципке сүйеніп, естілуінше жазылатын сөздер көп-ақ: қалам, кітап т.б. Кейде көнерген бірікке сөздер дәстүрлі принциппен, естілуінше жазылады: қыстыгүні, ашудас т.б.
Қысқасы, жазуға үйрету методикасы тіл ғылымдарының ерекше бір саласы болып келетін жазу теориясына сүйенеді.
Бұл жұмыстардың мақсаты – балаларды көркем, анық, дұрыс жазуға үйрету. Ол үшін жазуға мынандай шарттар қойылады:

  1. Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірінен қашықтығы біркелкі болуы.

  2. Әріптердің биіктігі біркелкі болып шығу.

  3. Әріптердің негізгі элементтердің біркелкі келбетпен жазылуы.

  4. Сопақша және жарты сопақша құрсау түріндегі әріп элементтерінің, сонда-ақ қисық, түзу сызықтан құралатын әріп элементтерінің бір-бірімен кілт жалғастыромай, бірте-бірте созылыңқырап барып, жіңішкеріп жалғастырылуы.

  5. Әріптердің кескіні қабылдаған үлгіге сәйкес, дұрыс жазылуы.

  6. Сөздерді жазғанда әріптердің дұрыс жалғастырылуы.

Жазуға үйретуге көзделетін тағы бір мақсат – балаларды шапшаң жазуға үйрету. Өйткені практикада шапшаң оқудың қандай маңызы болса, шапшаң жазудың да сондай маңызы болады [15, 81 б.].
Жазу барысында орындалуға тиіс ережелерді мұғалім балаларға оларды жазуға үйретуден бұрын көрсетіп, түсіндіреді: мысалы, екі аяқ тік бұрыш қалыпта бүгіліп немесе жазылыңқырап еденге (столдың кергішіне) тіркеліп тұрсын: жазғанда көкірегі столға тақап тіремей, столдың шетінен 3 см қашық ұстап түзу отыру керке.
Екі иық кеудемен бірдей, түзу тұруға тиіс. Жазғанда оқушы тым еңкейіп, столға көкіргегін тіреп отырса, дәптерге көзі тым жақындап, жақыннан көруге үйреніп кетіп, бірте-бірте сәл алыстағаны көре алмайтын болады.
Дәптерге жарық сол жақтан түсіп, қолы жазуды көлеңкелейтін болсын. Екі қол шынтаққа дейін стол үстіне қойылсын. Дәптерді сол қолымен ұстап, жазу төментүскен сайын жоғары жылжытып отыру керек. Қолдың қалам ұстаға жері көкіректің дәл орта тұсында болуы керек. Дәптер де оқушының көкірегінің дәл орта тұсында жатсын. Әйтпесе басты оңға я солға қисайту немесе дәптерге көздің қиығымен қарауға тура келеді.
Жазуға үйретуден бұрын бірнеше реет дайындық жаттығулар жүргізіп балалардың қолын қимылға, көзін шамалауға үйрету керек болады. Дайындық кезеңінде балаларды жазу сабағына қажет материалдармен және жазу аспаптарымен таныстыру, партаға қалай отыру, дәптерді қалай қою, қаламды қалай ұстау ережелерімен таныстыру, саусақтарды қимылдатуға бүгуге, жазуға жаттықтыру, білекті қимылдатуға жаттықтыру керек. Әріп элементтерінің, әріп кескіндерін дұрыс меңгеріп, жазу әдістеріне төселе бастаған кезде балалар бірте-бірте қолды жүргізіңкіреп, такт бойынша жазуға үйретілуі қажет.
Оқушыларды дұрыс жазуға үйрету барысында мұғалім мыналарға көңіл бөлуге тиіс: материалдың тәртіппен өтіліп, жазуға берілетін текс алдын ала таңдалады. Каллиграфиялық жағынан дұрыс жазу үлгілерін мұғалім тақтаға, оқушылардың дәптеріне жазып көрсетіп отырады. Балалардың дәптерлері күн сайын қаралып, тексеріліп, кемшіліктері, оны қалай түзету жолы көрсетіліп отырылады. Айына бір реет болса да байқау жұмысын жүргізіледі [16, 47 б.].
Жазу сабағы шамамен мынадай жоспар бойынша жүргізіледі:

  1. Жазғанда партаға қалай отыру ережелерін балаларға ескеріп, өзі аралап көріп, дұрыс отырмағандарын дұрыстап отырғызады.

  2. Сабақтың мақсатын, алда тұрған міндеттерді көрсетіп, мұғалім жаттығуды, әріп элементтерін, сөзді, фразааны тақтаға жазады, оқушылар мұғалімнің қолының қалай қимылдау жайына қарап, бақылап отырады.

  3. Мұғалім оқушылардың алда тұрған міндеттерді қаншалықты ұққан – ұқпағандарын анықтап алып, жазуға кірістіреді.

  4. Мұғалім партаны аралап жүріп, жазу процесін бақылайды.

  5. Жазу аяқталғанна кейін оқушылардың кемшіліктері мен жіберген қателері айтылады, түзетіледі, жақсы жағғандарды жарияланады.

Бастауыш мектеп оқушылары үшін орфографиялық танымның әсіресе алғашқы басқышы ерекше роль атқарады. Олар сан алуан сөздер мен олардың формаларының әсерінен аз да болса білім, тәжірибе жинақтайды. Кейбір сөздерді дұрыс жазу дәрежесіне жетеді. Бірақ олай жазғаның әлі айтып бере алмайды. Мұндай құбылысты кейде орфографиялық сезім деп те атап жүр. Кейінірек грамматикалық білім алғанда мұндай, орфографиялық құбылыстарды саналы түрде түсініп, сауатты жазуға дағдыланады.
Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмыстың негізгі мақсаты – балаға хат таныту, оқу мен жазуды үйрету. Сауат ашу – аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементтерін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу жаза,оның жазуға машықтандыру міндеті де тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы қалыптасады [16, 47 б.].
Көркем жазу пәнінде әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы болуға тиіс. Мектепке алғашқы келген күнней бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр – салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез – құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Бірақ бұл үрдіс баяу қалыптасады. Мұндай мақсатқа жету көптеген талаптарды орындаумен тікелей байланысты.
Көркем жазу пәнінің алғашқы сабақтарында оқушылардың жеке басына және мектепке қойылатын гигиеналық талаптар мен сынып жиһаздарының дұрыс орналасуы, тақта мен парта арасындағы қашықтықтың сақталуы, жарықтың дұрыс түсуі, партаның оқушы бойына сәйкес болуы немесе оның жазу кезіндегі ыңғайлылығы, оқушының партаға дұрыс отыра білуі, дәптер мен көру арақашықтығын сақтауы, жазу құралдарын тиімді пайдалануын ескеруі шарт.
Осыдан кейін осы талаптардың сабақта орындалуы, әріп формалары мен арақашықтығы біркелкі болуы ескерілуі.
Әріптің көлемі біркелкі болуы І, ІІ сыныптарда аса назар аударылады Мәселен, 1 сыныпта кіші әріптің биіктігі 4 мм, жұмыс жолының көлемі және жоғарғы сызығынан аспау керек. Бос әріптің биіктігі 8 мм, жоғарғы жағы---- жұмыс жолының сызығына жетпеу керек.
2 – 3 сыныптарға арналған дәптерлер арақашықтығы 9 мм болатын бір түзу сызықпен сызылған. Кіші әріптің биіктігі – 3 мм, бас әріптің биіктігі 7 мм [17,107-108 бб.].
Көркем жазуға үйренудің принциптері жалпы дидактикалық принциптерге сүйенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет