Сергіту сағаты.
Ормандағы аюдың
Құлпынай көп екен
Теріп – теріп алайық
Қалтамызға салайық.
- Қане, кім құлпынай теріп, аюға көмек береді? Мына құлпынай өсіп тұр, оны теру үшін шартын орындау керек. Құлпынайдың ішінде жасырылған сөздер бар. Егер кімде – кім сол сөзді оқып білсе, сол құлпынайды алады.
Әділет: Адамға екі нәрсе тірек тегі
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі.
Жансая: Ақыл – ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның
Аянат: Ана тілің – арын бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
Ерасыл: Асыл сөзді іздесең
Абайды оқы ерінбе
Адамдықты іздесең Жаттап тоқы көңілге.
- Сонымен, балалар,бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма? Біз қандай әріппен -таныстық? ( Аа әріппен )
- Ол қандай дыбыс екен?
- Ол сөздің қай жерінде кездеседі екен? ( Басында , ортасында, соңында)- Дұрыс.
- Балалар, сендер бүгін сабаққа белсенділікпен және жақсы қатыстыңдар. Жақсы.
Бағалау.
Қорытынды. Сабақта белсенді отырған оқушылардың барлығын бағалаймыз.
Зерттеу жұмысы нәтижесінің қорытындысы. Бастауыш сынып дәрістерінде каллеграфиялық жазу дағдыларын қалыптастыру негізі. Жылдам, таза, көркем, әдемі жазуға үйретудің мүмкіндіктерін ұсына отырып, жазудың психологиялық физиологиялық, гигиеналық талаптарды ескеріп оқыту да әдістемелік тиімділік көрсетті.
2.1-диаграмма. 1 «в» сынып оқушыларының оқу мен жазудағы көрсеткіштері
1-диаграммада көріп тұрғанымыздай, №64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясында педагогикалық практикадан өту барысында 1 «б» оқушыларының ілгерілеу көрсеткіші бар екендігі байқалады.
Жазуы төмен оқушылар 25 пайызға азайса, орташа оқушыларымыз жазу штрихтары мен жаттығулары арқасында 14 пайызға азайса, ал жоғары нәтижелері оқушыларымыз 45 пайызға жақсарған.
Көркем жазу дағдыларын қалыптастыру – барлық пәннің ұстаздарына басты міндет. Өйткені, қазір ортамызда өз ойын еркін жаза алатын, сауатты азамат қажет.
Оқу мен жазу үйрету кезеңінде балаларда оқушыларда төмендегідей дағдылар қалыптасты.
2.2-кесте. Эксперимент барысында оқушыларда қалыптасқан дағдылар
1
|
Сөзді буындап және тұтас сөздерді дұрыс оқу
|
2
|
Көлемі шағын текстерді саналы түсініп оқу
|
3
|
Айтылуы мен жазылуы бірдей, кейбір сөздерді жазу
|
4
|
Жазған сөздерін тексеріп отыру
|
5
|
Әріптерді бір-бірімен жалғап жазу
|
Педагогикалық практика барысында эксперименттен өткен оқушылармен жұмыс істеу барысында балаларда жоғарыдағы дағдылар қалыптасты.
Қорытынды
Қорыта келгенде, төменгі сынып балаларына сауат ашып, дұрыс әрі көркем сөйлей білу үлкен дайындықты қажет ететінін шығармашылық жұмыстардың бірі. Балаларға әріп танытып, сөйлем оқытудың әрі күрделі, әрі жауапты екені барлығымызға белгілі. Оқушыларды оқытуға үйретудегі негізі ретінде буындап оқу дыбыс жүйелеріне аналитика-синтетикалық әдіс пайдаландық. Ол үшін балалар әріптермен танысып қана қоймайды, дыбысты буынға буынды сөзге жалғай білумен бірге тіліміздегі дыбыстардың бір-бірінен айырмашылығы дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішкеленген сапалы түрде салыстырып ажыратуға үйренеді. Осы саладағы тәжірибелі педагогтер оқушылардың сөздік қоры мен жазу машығын қалыптастыруда әр түрлі әдістер пайдаланып өткенімен байланыстырып отырады.
Оқушылар оқу мен жазуға үйрету кезінде мынадай шеберлікті қалыптастырдық
Дыбыстарды – орын-орнына қойып сөз құрстыру
Кеспе әліппе әріптерінің сөз құрау және талдау, жазу
Сөздердегі жуандық белгі (ъ) және жіңішкелік белгілердің (ь) айырмашылығын ұғу.
Қандай болмасын тіркесіп келген дыбыстардан құралған сөздерді оқи алу.
Әліппедегі текстерді екінші рет оқығанда таныс белгілерін сақтап оқи алу.
Қарапайым текстерді мұғалімнің сұрағы бойынша айтып беру
Қысқа өлеңдерді жатқа айта алу
Заттар туралы елеске сүйне отырып, қарапайым логикалық жаттағуларды орындай алу
Сондай-ақ сауат ашудың алғашқы күнінен бастап күнделікті күн тәртібі, тазалықтың пайдасы, баланың міндеті жайында түсінік беру бағытында жүйелі жұмыс жасалынады. Оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту ережесі, көркем әңгіме, өлең, оқу, сурет, әуен т.б. арқылы жүзеге асырылады.
Болашақта бастаған ісін соңына жеткізу, көздеген игі мақсатына жету, тиянақтылық, уақытты дұрыс пайдалану т.б. мінез-құлық сапалары да сауат ашу кезеңінде тәрбиелене бастайды. Оқу мен жазуды үйрету процесінде төмендегідей оқу тәрбие жұмысының түрлері іске асады.
1. Оқу сабақтарында, экскурсияларда табиғат құбылыстарын бақылап үйренеді. Жыл мезгілінің әр маусымындағы өзгерістерді салыстырады, жалпылайды және көктемнің, жаздың, күздің, қыстың белгілері жайында қорытынды пікір шығарады. Жыл маусымдарына қарай адамдардың бау-бақшадағы, егістіктегі, мал шаруасындағы қызметінің өзгерістерін көреді.
2. Адамдардың тіршілігі мен қызметінде білімінің орны жайлы қарапайым пікір қалыптасалды. Оқу әрекетінің негізгі ережелерімен танысады, танымдық ойындар ойнайды, жұмбақтар шешеді, ынтымақтастық, сәтсіздіктерге күлмеу, оқудағы өздерінің және жолдастарының табыстарына қуануды т.с.с. үйренеді.
3. Оқу ережесінің негізгі бөлімдерімен танысады. Кітаптарды, оқу жабдықтарын ұқыпты ұстауға дағдыланады. Ертеңгіліктерге қатысады. (Кітап мерекесі, Әліппемен кездесу, Әліппемен қоштасу т.б.).
4. Қоршаған орта өмірімен танысады. Отан жайлы, туған жері, елі, халқы жайлы, оның басынан өткен оқиғаларымен бүгінгі күні мен болашағы, салт-дәстүрі жайлы түрлі мейрамдар және оларды неге мейрамдайтындымызды, тағы басқаны біледі.
Жазу дағдыларын үйрету мен одан әрі қалыптастыру үшін мектепке және баланың жеке басына қойылатын гигиеналық талаптарды орындаудың да маңызы ерекше. Сынып жиһазыдарының дұрыс орналасуы, тақта мен парта оқушының бойына сәйкес болуы, оның жазу кезіндегі ыңғайлылығы, баланың партаға дұрыс отыра білуі, дәптер мен көру арақашықтығын сақтауы, жазу құралдарын тиімді пайдалануы – оқушылардың жазу дағдыларын жақсы игеруіне қойылатын негізгі шарттардың бірі. Дәрісте орындалатын ауызша және жазбаша жұмыстардың түрлерін ескере отырып, педагог өз дәрісін жоспарлауда бұл ережелерге баса назар аударған дұрыс. Оқушылар көлемді жаттығу жұмыстарын орындату кезінде шаршайды, әрі көзі де талады. Сол себепті дәріс барысында сергіту сәттерін ұйымдастыру, дене қимылдар жаттығуын жасату қажет. Балалардың жазу кезінде қойылатын гигиеналық ережелерді орындауы оқушының мектепте оқыған барлық кезіңінде де сақталынып отыру тиіс.
Жазу дағдыларын меңгеру үшін бала әрбір дыбыс таңбаларының жазылу формасын, әріптердің бірі-бірімен қалай жалғанатынын, жазу кезіндегі гигиеналық талаптарды, әсіресе, жазу жылдамдығы артқан кезде де жазу анықтығын сақтауды игеру барлығы оқушылар бойында жазу кезінде нақты, тұрақты дағдыларды қалыптастыру және оны дамыту кезінде іске асады.
Қорыта келе бастауыш мектепте жазуға үйретудің жалпы негіздері:
1. Жазуға үйретудің психологиялық физиологиялық ерекшеліктерін;
Жазу дағдыларына машықтану кезеңдерін;
Жазуға үйретудің гигиеналық талаптар;
Жазуға үйретудің әдіс-тәсілдерін пайдалану жолдарының тиімділіктері;
Оқушы жазуына қойылатын талаптарды білу;
Графикалық, каллеграфикалық қателерді ажырата білу;
Жазба жұмыстарын бағалауды білуден басталады демекпіз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: 1995.
Тебенов Қ.С., Рымханова. Арнайы психология негіздері.
– Қарағанды: Ақ Нұр, 2019. – 264 б.
Қасымбеков Ә. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды жетілдірудің кейбір жолдары. – Алматы: Мектеп, 1989.- 231 б.
Әуелбаева Ш. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың әдістемесі.
– Алматы: 1987. – 324 б.
Архипова Е.Ф. Логопедическая работа с детьми раннего возраста. – М., 2006. – 223 с.
Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. – Алматы: 1992. -468 б.
Дербисалова Г.С. Логопедия бойынша арнаулы курс. Оқу құралы.
– Қарағанды, 2014. – 220 б.
Рубинштейн С.Л. Принцип творческой самодеятельности // Bоnp. философии. 1989. №4. С. 89-95.
Байтұрсынов А. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: 1998.- 312 б.
Уәйісова Г. Бастауыш кластарда морфология ұғымдарды оқыту.
– Алматы: «Рауан». 1999.- 265 б.
Мұхтарова А. Оңалту орталығындағы церебралды сал ауруына шалдыққан бастауыш сынып балаларына білім берудің әдіс-тәсілдері // Дефектология. Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық-психологиялық журнал. №6, 2019 маусым. 5-6 б.
Карпова С.Н., Колобова И.Н. Особенности ориентировки на слово у детей. – М., 1978.
Әміриев Н. Ойдың көрінісі//Қазақ тілі мен әдебиеті. 1999. № 5 – 6.
14 Кенжебекова Н. Оқушылардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. // Бастауыш мектеп. 2005. №8.
15 Бейсенбиева Ұ. Сауатты жазуға үйрету.// Бастауыш сыныпта оқыту. 2005. №2 .
16 Абашыкова Ғ. Сауат ашу.// Бастауыш мектеп. 2004. № 11.
17 Хасенов Ә. Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау. – Алматы, 1986. – 268 б.
Карпова С.Н., Колобова И.Н. Особенности ориентировки на слово у детей. – М., 1978.
Бірімжанова Д. Сауат ашу. // Бастауыш мектеп. 2014. №5.
Тұрманбекова Ғ. Әліппе сабағы. // Бастауыш мектеп. 2014. № 7.
Жиенбаева С.Н., Бұзаубақова К.Ж. Мектепке дейінгі ұйым әдіскері жұмысы. Оқу құралы. – Алматы: «Отан» баспасы, 2020. – 308 бет.
Бозжанова Қ. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру. – Алматы, 1998. – 264 б.
Федоренко Л.П., Фомичева Г.А., Лотарев В.К. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы. – Алматы,1982. – 364 б.
Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениеті.- Алматы, 1971. – 294 б.
Бөрібаева С. Дипломаттың іскери сөйлеу мәдениеті: Оқу құралы. –Алматы, 2014. – 183 б.
Дүйсенова М. Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері.-Алматы, 1973. - 268 б.
Әуелбаев Ш. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы,
- Алматы: Мектеп, 1989.- 45б.
Бәтібаева С.Ғ., Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: «Ақнұр баспасы», 2017. – 312 б.
Құлмағамбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы – Алматы: Мектеп, 1988. -234 б.
Ибекова Р. Ашық сабақ. // Бастауыш мектеп. 2015. № 8. -12-15б.
Балақаев М., Уәйісова Г. Бастауыш сыныпта морфологияны оқытуға байланысты материалдар. – Алматы: Рауан, 1974. – 328 б.
Кеженбаева Б., Әміриев К. Қазақ тілі сабақтарында оқушының дүние танымын кеңейту. – Алматы: Қайнар, 1987. – 258 б.
Бектұров Ш. Қазақ тілі. – Алматы: Мектеп, 1994. – 225 б.
Әлімжанов Д., Маминов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы: Мектеп, 1979. – 258 б.
Әуелбаев Ш., Наурызбаева Ә., Ізғұттынова Р., Құлажанова А. Сауат ашу әдістемесі. - Алматы: Атамұра, 1998. -276 б.
Бектұров Ш. Қазақ тілі. – Алматы: Мектеп, 1994. – 225 б.
Уәйісова Г.т.б. Қазақ тілі (4-сынып). - Алматы: Атамұра, 2000. -132 б.
Достарыңызбен бөлісу: |