Шарикті қаламсап
Қазіргі кезде жазуға құралдары ғылыми техникалық ілгерішілікке сәйкес болу қажет. Бүгінде балалардың да, ересектердің де арасында жазудың кең таралған құралы шарикті қаламсап. Оқушылар қаламсаппен жаза білу қажет. Шарикті қаламсап өте қолайлы және жеңіл. Қаламсаппен жазудың перомен жазу кезіндегі орналасуы өзгеше болады. Шарикті қаламсап бұрыштан 50-55 0, перо – 35-45 0.
Шарикті қаламсапты үш саусақпен: үлкен, сұқ саусақ, бас бармақпен ұстаймыз. Балалар сұқ саусақ бармақпен ортаңғы саусақтын ортасында қаламсапты орналастырып, қаламсапты жоғары жағынан ұстайды. Сұқ саусақ пен қаламсап басының арақашықтығы 1,5-2 см болу қажет. Жазу негізінде сұқ саусақпен сәл ғана қысып ұстау қажет. Қаламсаптағы сияның түсі көк немесе көкшіл болуы қажет. Қызыл түсті сияны педагог ғана пайдаланады. Қызыл түспен қатені, бағаны белгілейді.
Сабақ барысында қаламсапты ашып, шашпау керек. Әр түрлі түсті сия тек педагогке ғана рұқсат.
Дәптер
1 сыныпқа арналған қазіргі дәптерлер екі түзу сызықпен сызылған, кіші әріптің биіктігі – 4 мм, бас әріптің биіктігі – 8 мм.
2 – 3 сыныпқа арналған дәптерлер арақашықтығы 9 мм болатын бір түзу сызықпен сызылған. Кіші әріптердің биіктігі – 3 мм, бас әріптің биіктігі – 7 мм.
Жалпы, көркем жазу жаттығулары қазақ тіліне арналған дәптерге жазылуы. Тек 1 сыныпта арнайы дәптер болады. 1 сыныпқа әріптердің жазу үлгісін мұғалім өзі кезіп көрсетеді.1 – 3 сынып әріптердің жазылу үлгілері әрбір оқушының жазу ерекшеліктеріне қарай белгіленеді.
Жұмыс көлемі: 1 сыныпта – 2 жол (екінші жарты жиындықта), 2 сыныпта – 3 жол, 3 сыныпта – 3-4жол болуы тиіс.
Көркем жазудан оқушыларға жеке баға қойылмайды. Алайда әрбір жеке оқушының қалай жазғаның елемеу деген сөз емес. Оқушының әрбір жазба жұмысын бағалауы,оның колеграфиялық сапасы мұқият ескеріліп, қазақ тілі бойынша қойылатын жалпы ішіне көркем жазу бағасы да ескеріледі.
Жазу жұмысын жақсарту үшін мұғалім оқушы дәптерін жүргізуге қойылатын төмендегідей біртұтас арнайы талаптарды жүзеге асырады:
1. Аса ұқыпты, түсінікті етіп жазу.
2.Дәптердің сыртқы бетіне жазылатын жазулардың біркелкі болуы, оның қандай мақсатқа арналғанын көрсету (қазақ тіліне арналған дәптер, ана тіліне арналған дәптер т.б.), (сынып, мектептің номері мен аты, оқушының фамилиясы мен өз атын жазып қою)
1 – сынып оқушыларына арналған дәптердің сыртына жазылатын жазу үлгісін мұғалімнің өзі жазаы.
3. Шетіндегі ашық жолдарды басып жазбау.
4. 1 – сыныптың қазақ тілі мен математика пәні бойынша бірінші тоқсандағы жұмысары.
1 – сынып екінші жарты жылдықтан бастап, сондай-ақ 1 – 3 сыныптарда жазба жұмысының арнаулы мерзімі көрсетіледі. Күн аты – араб цифрмен, ай аты жазумен беріледі. Цифрлардың соң дефис қойылмайды.
5. Жаттығу мен есепнөмерлерін қо, жазба жұмысының қайта орындалғаның ( сыныпта, үйде ) көрсету.
6. Азат жолдарды сақтап жазу.
7. 1 – 3 сыныптарда әрбір жазба жұмысының тексін, жұмыстың датасы мен тақырыбы (аты) көрсетілген бетте азат жолдан бастап жазу.
8. Қазақ тілінен орындалатын жұмыстың датасы мен тақырыбы арасына жол қалдырмай жазу. Математика дәптерінде мұндай жағдайларда тек екі тор көз тастау керек.
Әр күнде орындалған жұмыстан соң немесе әрбір аяқталған текстен кейін қазақ тілі дәптерінде екі жол, математика дәптерінде төрт тор көз тастап жазу (ұл – бір жұмыспен екінші жұмыстың шекарасын көрсету үшін және баға қою үшін керек).
9. Жазба жұмыстарында жіберілген қателерді төмендегідей тәртіппен түзету: қате жазылған әріпті не тыныс белгісін көлбеу сызықпен сызып тастау керек, қате жазылған сөз бөлігі мен сөйлемді жіңішке сызықпен сызу: сызылған таңбалардың орнына керекті әріптерді, сөздерді, сөйлемдерді жазу; қате жазыл- ғандарды жақшаға алмау.
10. Барлық түзету сызықтарын ұқыпты етіп қарандашпен, аса қажет жағдайда – сызғыш арқылы орындау қажет. Барлық оқушылардың қазақ тілі мен математикаға арналған дәптерлері әрбір сабақтан соң тексеріледі [55, 112-113 бб.]
Тақта
Сыныптағы тақта қара немесе күнгірт жасыл түске боялуы қажет. Тақтаның қабырғаға жабыстырылып, екі жағы ашылатын болады. Тақтаның бір бөлігі міндетті түрде дәптердегі сызықтармен тепе-тең прапорцияны сақтай отырып сызылуы керек. Әсіресе 1-2 сыныпта міндетті түрде тақтаның бір жағы жазу дәрісіне, екінші жағы математика дәрісіне арнайы сызылуы қажет. Мұғалім күнделікті күнді жазып тұру керек. Тақтадағы жазу біркелкі болу үшін арнайы сызықпен сызылады. Ұстаз тақтаға ақ бормен жазады. Ақ бор тақтаны сырып кетпеуі үшін жұмсақ болуы тиіс. Дауысты немесе дауыссыз дыбыстарды ажырату үшін кейде түрлі-түсті борлар пайдаланады. Педагог тақтаны пайдаланғанда: біркелкі, байланысын дұрыс сақтап, бағытын дұрыстап жазу тиіс. Бала педагогтің жазуынан әріпті жазу үлгісін көруі керек. Тазалық пен дұрыс жазу барлық дәрістерде, сонымен бірге үй тапсырмасын бергенде де сақталуы қажет. Дәріс өту барысында педагог баланы тақтаға шығарып әріпті жазудағы қолының қозғалу бағытын бақылауы керек. Бақылап отырып тақтаға жазумен дәптерге жазудың бағыты бірдей емес екенін ескереді.
Айырмашылықтары:
1. Дәптерге жазу барысында қолдың ұсақ бұлшықеттері іске қосылады. Ал, тақтаға жазу барысында қол бұлшықеттерімен қоса иық бұлшықеті де іске қосылады.
2. Оқушы дәптерге жазуда көбінше өзімізге қарай жазамыз және әріптің көлбеулігі дәптердің орналасуына байланыты іске асады. Тақтадағы жазу оңға қарай жазылады. Алайда екеуінің нәтижесі бір болуы қажет.
Егер баланың дәптердегі жазуының тексеру үшін педагог әріптің үлгісіне көз бағытымен қараса, тақтадағы жазуды тексеру үшін біршама алшақ тұру қажет.
Айтылған талаптарды орындағанда баланың көркем жазу дағдысы қалыптасады.
Көркем жазу - өнер. Таза, анық, көркем жазуды оқу да жеңіл, мұндай жазумен берілген ойды түсіну де жеңіл. Әріп таңбалардың көркем, түсінікті етіп салуға машықтандыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың бала бойында жақсы қасиеттердің орнығуына себебі бар. Мектеп табалдырығын алғаш аттағаннан бастап оқушының назарына жете назар аудармау көп жағдайда оның өз ісіне жауапсыз қарауына, жауапкершілікті ұғынбауына алып скеледі. Көркем, таза жазуды талап ету баланың эстетикалық сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, тиянақтылыққа, тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа баулиды.
Оқушыларды көркем жазуға үйрету кезінде үш нәрсені негізге алу қажет: біріншісі, әріптерді мәнерлі жазуға, жеке әріптерді жазуда өзара құрастыра білу, екіншісі, әріп элементін дұрыс жазуын қалыптастыру,
үшіншісі, жазу жұмысына тияқнақты, ұқыпты болуды қалыптастыру. Бастауыш сынып оқушыларының көркем жазу дағдысы біртіндеп қалыптасады. Педагог ол үшін жұмыстың сан алуан түрлерін, оқыту әдіс-тәсілдерін, тиімді пайдаланары белгілі. Түрлендірген жұмыстар балаларды қызықтырып қана қоймайды, логикалық ойлауында ширатады. Сауат ашудың дайындық кезеңінде баланың қол икемділігімен көз мөлшерлеу қабілетін жетілдіру, графикалық дағдыларды орнықтыру үшін суретті және сызықты жаттығуларды орындатқызады. Және де бұл кезеңде штрихтау жаттығуларын орындатудың маңызы зор. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушының жетекші әрекеті – ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі. Сан алуан зат иесін, геометриялық фигураларды штрихтау баланы қолын жаттықтырмайды, оның сөйлеу мен ойлауын белсендіреді. Штрихтар негізінде сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан дұрыс. Сурет альбомы беттеріне жазу сызықтары сызылады да, жаттығулар жазу дәптеріндегі үлгідей жасалады. Балалар үшін геометриялық фигуралар мен сан алуан заттар бейнесінің трафареты дайындалады немесе оларды өздері дайын геометриялық фигуралар трефаратынан зат бейнесін жасайды. Педагог альбомына салынған суреттерді штрихтауды талап етеді. Балалар штрихтарды өзара қосып сурет салу кезінде заттардың пішінін, құрылысын жазықтықта орналасу қалпын еркін қабылдап, «оң», «сол», «шеті», «жоғары », «төмен», «түзу», «қисық», «дөңгелек», т.б. түсініктерді игереді.
Сауат ашудың әліппе кезінде әріптерді жазуға дағдыланады. Әріптің толық таңбасы, әріптің элементтерін ретімен жазу арқылы орындайды. Демек, әрбір әріпті жазып шығу дегеніміз – көп қырлы талдау жүйесін атқару деген мағына. Ал, осынын өзі мектепке алғаш келген оқушы үшін аса күрделі құбылыс. Ең алдымен әріп элементтерін ретімен жазып үйрену, оның неше элементтен тұратынын, екіншіден, осы әріпті қай жерден қалай бағыттап жазудан меңгеруіне әсерін тигізеді. Жазуға үйретудің бірінші күнінен бастап оқушыларды үзбей жазуға дағдыландырукерек. Тұтас әріпті үзбей жазғанда әріптің әр элементтін жазудағы қимылдын аяқталуы келесі элементтін басталатын жерінде аяқталып, әрі қарай келесі элементіне жалғасады. «Үзбей жазуға жаттықтыру жұмыстары балаларға қызықты тапсырма ретінде берілуі тиіс» деп бағдарламада көрсетілгендей, баланың ынтасын оятатын түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу педагогтен ізденімпаздылықты қажет етеді. Тәжірибеде пайдаланып жүрген сан алуан жаттығулар, айталы, әріптің тұтас бейнесін көрсететіндей суреттер салғызу, штрихтау, зат бейнесін сәндеу т.б. тапсырмалар балалардың көркем жазу дағдыларының сапасын арттырады.
Баланың әлемі – ол нақты заттың әлемі. Егер баламен жақын боламын десеніз, оның жасы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін назарда ұстау қажет.
Бастауыш сынып оқушыларына белгілі – бір жазу жүйесі қалыптаспаған, алайда мектептің ықпалы нәтижесінде көркем жазу пәнінде ұстаздың сыныптан тыс уақытта ата-ананың әсерімен жазудың дағдысын қалыптасады.
Жазу дағдыларын қалыптастыру немесе оны дамытып отыруды негізгі шарттардың бірі әрі бастысы оқушының жазба жұмыстарын орындау кезіндегі психологиялық ерекшеліктерін айқындау қажет. Сынып оқушыларының немесе әрбір жеке оқушыда жазба жұмыстарын орындау кезінде сан алуан психологиялық-физиологиялық өзгерістер болуы ықтимал. Ондай психофизиологиялық өзгерістерді байқамаудың салдарынан орындалған жазба жұмыстардың нәтижесі де көңіл қуантарлық болмайды.
Жазу жұмыстарын орындау, жазу дағдысын қалыптастыру, дамыту мақсатында психофизиологиялық талдау жасау, және де жалпы жазу жүйесіне қойылатын талаптар мен қағидаларына сүйену керек. Олай болмаған жағдайда оқушылар көркем әрі сауатты жазудан қиындықтар мен жазудың жылдамдығын арттыру барысындағы жазу айқындығы нашарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |