Қайталау принципі бойынша жаттығулар жазу арқылы жазу дағдылары автоматтандырылады. Барлық дағдылар жаттығу жасау барысында жалдам орындалады немесе беки түседі.
Бірақ барлық жаттығуларды орындау барысында дағдылар қалыптаса бермейді.Орындалатын жаттығуда көзделген мақсатқа сай іс - әрекеттер жасалыну тиіс.
Жаттығу немесе қайталау – дағдысы қалыптастырудың ең ескі түрі жаттығуды қайталап орындату нәтиже бермейді. Ол үшін жасалған жаттығуға анализ жасау, салыстыру арқылы қорытындылып отыру керек. Қайталау принципін демалыстан келген кезде қолданған пайдалы. Ол арқылы оқушылар ұмытып қалған дағдыларын қалыпқа келтіреді [ 20, 93-94 бб.].
Көркем жазу дағдыларын игерту оқушылардың ерекшеліктерін ескеруді талап етеді: қолдың қимылы, нерв жүйесі т.б. 6 жасар баланың жазу дағдыларын игеру қиынға түседі.Себебі, олар баяу қимылдайды.
Қарапайымнан күрделіге қарай жүру принципі немесе бірте – бірте күрделену.Мәселен, 6 жасар бала әріп элементтерін әріпті, содан кейін сөз жаза бастайды. Бірақ біз олардан бір сөзді үзіліссіз жазуын талап ете алмаймыз.Бұл 6 жасар балаға қиындықтуындайды.
ІІ сыныпта оқушының үзіліссіз жазуды үйренеді.
Онайдан қиынға қарай жүру әріптің формасымен жұмыс істеу барысында қалыптасады. Әріптерді бірнеше топқа бөліп қарастырамыз. Бірінші топқа – жазылуы оңай әріптер кірсе, екінші топқа қиын әріптер жатады.Әріптерді бұлай топтау арқылы жазу гигиеналық принцип болып табылады.
Оқушыларды көркем жазуға үйрете отырып, олардың жеке дара ерекшелігін ескеру керек: оқушылардың жазу қабілеттерін білу, көзінің көру қабілетін ескеру, қимыл – қозғалыстарын ескеру қажет [21, 22- 23 бб.].
Мұғалім оқушының дұрыс отыруын, дәптерді орналастыруын, қаламсапты ұстауын, әріптің формасын , тез немесе баяу жазуын байқап отыру керек. Мұның бәрі мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс істеріне, ата – анасына кеңес беруге,үйге тапсырманы дұрыс беруге көмектеседі.
Көркем жазуда оқу мен жазуды байланыстыра алу маңызы К.Д. Ушинскийдің оқу мен жазуды байланыстыра жүргізу принципі мектеп тәжірибесінде өз нәтижесін көрсете білуі.
Жалпы баланың коллиграфиялық дағдысын қалыптастыруда көркем жазу пәні тек жазуға үйретумен ғана шектелмейді, жалпы педагогикалық – саяси тәжірибелік маңызы, мағынасы бар пән болып табылады.
Соңғы психологиялық зерттеуге қарағанда бастауыш сынып балалаларының өзін теориялық ойлауға жалпыдан, жекеге көшу, заттар мен құбылстардың арсындағы байланысты аңғаруға үйретуге болатыны анықталады. Егер мектепке түскен бала әлі заттар мен құбылстардың негізгі белгілерін айыра алмайтын болса, бұның өзі олардың тәжірбиесінің аздығынан, білімнің жеткілісіздігінен, шашыраңқылығынан деп түсінген жөн.
Осыған орай бірінші сынып оқушыларының заттар мен құбылыстар туралы елестерін анықтап, бір жүйеге келтіру қажет. Бұл жұмыс әуелі әліппеде берілген сөздер арқылы жүргізіледі. Бірінші сынып балалары естігендері, көргендері кейбіреулері оқығандары жөнінде айтып бере алады. Алайда олардың сөйлемдері нашар, жүйесіз құрылған, белгілі бір жоспар мен айта алмайды. Ойы негізгі нәрседен басқаға тез ауып кетеді. Мысалы, ойынның түрлері жөнінде әңгімелегенде, шешесімен барып, дүкеннен ойыншық сатып алғанына ауысады. Мұндағы негізгі міндеттің өзі балалардың белгілі бір жүйемен сөйлеуге үйрету. Бірінші сынып оқушылары сурет бойынша сөйлегенде ұсақ бөліктерге көп тоқаталады. Мұның өзі олардың ойынның жинақы емес екенін көрсетеді. Бірінші сынып оқушысы дыбыстық талдауды меңгеру барыснда дыбыстар тобын еркін ұғына алады. Оқушыларлдың тілін дамыту әліппедегі текстер мен суреттер арқылы жүргізіледі. Әліппеде бағана-бағаны мен берілген сөздер өмірдің әр саласын қамтиды.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысы. Бірінші сынып оқушылары сөз, сөйлемнен тұратынын біледі. Бір сөйлемде қанша сөз бар ененін анықтайды, өздері екі - үш сөзден сөйлем құрайды. Ертегіні қайталап айтқанда, әңгімелескенде олар сөйлеммен сөйлейді. Әрине, бұлар сөйлем туралы тек алғашқы мәліметтері мен мағлұматтары кейін грамматика сабақтарында нақтылана түседі [22, 89 б.].
Әліппе кезеңіндегі негізгі міндет балаларды ауызша сөйлем құрауға үйрету. Әліппедегі суреттердің көпшілігі балаларды сөйлем құрауға үйретуді және олардың сөйлеу қателіктерін түзетуді көздейді.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету сұрақ - жауап түрінде жүргізіледі. Байланыстырып сөйлеуге үйретуде диофильм немесе балалардың ойыны сондай - ақ мектептегі қандай да болмасын бір оқиға жөнінде де әңгімелесу тиімді нәтиже береді.
Бірінші сынып оқушыларының бір қатары дыбысты дұрыс айта алмайды (р,л,ш,з,ж,щ). Дыбысты бұзып айту бір қатар жағдайда, оны дұрыс қабылдай алмағындақытан болуы мүмкін. Мысалы: ұяң дауыссыздарды қаттылап айту, айтылуы ұқсас дауыссыздарды ажыратапй, түсініксіз айту. (с-ш, ж-з, ч-ш).
Мұндай жағдайда балаға осы дыбыстардан қос буын құратып айтқызса (па-ба, ба--па, на-га, га-на) оңай білуге болады.
Дыбыстарды бұзып айту сөзді дыбыстық талдау процесінде де көрінеді. Мысалы, шаш, шана, сөздеріне "ш" дыбысын бөліп көрсеткенде, баланың сөйлеу кемшілігін жөндеу әрбір баланың үнемі жеке жұмыс жүргізуді талап етеді.
Егер баланың сөйлеуі анық болмаса және ол түзеле қоймаса, мұндай жағдайда оны маман мұғалімге- логопедке жіберу керек. Сауат ашу кезінде талдау мен жинақтау бір - бірімен тығыз бірлікте, байланыста жүргізіледі. Балалар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан тұратынын ажыратса, іле шала жүргізілетін жинақтау арқылы дыбыстардан буын құрап, буындардан сөз құрап үйренеді.
Сөйтіп, дыбыстарды жеке-жеке оқымай, бір-бірімен қосып, буын етіп оқитын болады [ 23, 36-37 бб.].
Талдау жинақтауға жаттыққан кезде, мына жағдайға сүйену керек
Кез-келген дыбысты сөз ішінен бөліп алуға және сөз ішіндегі айтылуына жақындатып, бөліп айтуға болады.
Мұнда сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбысы бар буын анық естіліп, ал дыбыстың өзі ерекшеліңкіреп, созылып айтылғаны дұрыс. Мысалы: "р" дыбысы үйретілуге қажет болғанда "ара" сөзіндегі "а-ра" буындары "а-арра" делініп "р" дыбысы ерекшеленіп, біраз созылыңқырап айтылады.
2. Дыбыстың артикуляциясын байқату, яғни балаларды сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбыстың айтылу процесі мен таныстыру. Мысалы, мұғалім балаларға "р" дыбысын айтқызып көреді де, ол дыбысты айтуда тілдің қандай жағдайда болатынын байқаңдар дейді. Осы дыбысты қайта-қайта айтып, көру арқылы, олар тілдің қандай жағдайда, тілдің ұшының дірілдеп тұратынын байқайды.
Балалар тілдің ұшының таңдайға жуықтауынан «р» дыбысы шығатынынын аңғарады. Сөйтіп, балаларға дыбыстың айтылуымен қатар, өзін де үйретеді. Жоғарыда айтылған тәсілімен тек еріндік тіс пен тіл қатысы арқылы шығатын дыбыстарды ғана үйретуге болады.
3.Сөздің аяғындағы келсе, басындағы дыбысты түсіріп айту, балаларға тапқызу. Мысалы, мұғалім «Әліппедегі» шоттың суретін көрсетіп, «шо» дейді де «мен» сөзді дұрыс айттым ба?-деп сұрайды.
Балалар «т» дыбысын қосады. Немесе тонның суретін көрсетіп «тон» деп «т» дыбысын оқушыларға айтқызады. Сөйтіп суреттегі кімнің аты мен айтылған буын, дыбыстардан жинақтап, қандай дыбысты қосу керектігін саналы ұғады.
4. Айтылуына қарай дыбыстарды жазылуына қарай, әріптерді салыстыру. Мысалы, қол-көл, тор-төр, сияқты сөздер арқылы «о» дыбысы мен «ө» дыбысынң айтылуындағы айырмашылық аңғартылады. Осылайша қ-к, с-з, ғ-г, а-ә, ы-і, дыбыстарда жұпталып, салыстырылып сөздерді талдап жинақтау арқылы үйретіледі.
5. Үйретіліп отырылған дыбыстың, сөздің басында, ортасында, аяғында келетіні де сөздерді жинақтау және талдау барысында ұғындырылады.
Мысалы, «қ» дыбысын үйрету керек дедік. Мұғалім бұл дыбысты балаларға айтқызып, таныстырғаннан кейін қара, ақ, оқушы сияқты сөздерді өзі айтып, буынға, нешінші быунда тұрғанын анықтайды.
6. Буынды немесе сөзді есте сақтау арқылы оқу. Бұған мысалы, қала сөзін алайық. Оқушылар оны дыбысқа буынға ажыратып, талдағаннан кейін, жинақтап кеспе әліппеден құрастырылады. Енді оқуға келгенде іркітіп қиналады, немесе әр әріпті ежектеп «қ-а» деп айта бастайды. Сол кезде мұғалім «құрастырған сөзіміз қандай еді»?-деген сияқты сұрақтар арқылы бастапқы сөзді естеріне түсіреді. Міне, осылайша оқыңдар дейді. Оқушылар кеспе әліппедегі құрасытырылған қалпында бірден оқып береді.
Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшеліктерін, олардың зейін, қабылдау, ес, ойлау, қиял ерекшеліктерін, сезім, ерік жақтарымен жеке қасиеттерін жақсы білу керек. Алты жасар баланың зейіні тұрақсыз, оның толқуы, сабақ үстінде күшті бөліну қасиеті мүлде жоқ десе де, болғандай, көлемі өте шағын болады. Сондықтан оқудың алғашқы күннен бастап-ақ балаларды тыңдай білуге, оңай тапсырмаларды дәл орындап жүруге жаттықтыру.
Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейіннің тұрақтылығы арта түседі. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің формаларын жиі өзгерту балалар зейінін тәрбиелеуге көмектеседі.
Бірінші сынып оқушыларының ес ерекшеліктері логикалық, сөздік байланыстардан гөрі көрнекі бейнелердің басым болуы. Сөздік материалды олар механикалық түрде мағынасына түсінбестен жаттап алады. Мұғалім бұл ерекшелікке де көңіл аудару тиіс [23, 22 б.].
Алты жасар балалардың қабылдауы мен ойлауында толып жатқан ерекшеліктер бар: олар ажырата қабылдауды білмейді, тұтас қабылдайды. Осыған орай мұғалім тапсырма бергенде дәлдеп бөліктерге бөліп беру немесе заттар мен құбылыстардың құрамымен таныстыру ескергені жөн. Мысалы, олар алғашқы сөз, буын, дыбыс терминдерін шатастырады. Оқытудың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болу тиіс. Оқыту процесінде шамасы жететін қиыншылықтарды өз күштерімен жойып, отыруға, оқушыларды мәжбүр жасаған жөн. Өйткені, қйындыққа кездеспейінше, ойлау белсенді қызмет атқара алмайды. Мұнда да алты жасар балалардың бейнелік, нақтылық, аса сезімталдық ерекшеліктері мен қабылдау, ойлау ерекшеліктеріне сәйкес келу жағын қадағалау керек.
Балалар оқып үйренетін, алғашқы кітабы «әліппеде» жекелеген суреттер, сюжетті суреттер, түрлі – түрлі бояумен әдемі салынған схемалар, жұмбақтар мен жаттығулар берілген. Бұл кезде балалар жоғарыда көрсетілгендей сөз, дыбыс, буын, сөйлем деген сияқты дерексіз ұғымдарға алғаш рет кездеседі. Бұл ұғымдарға алғаш рет кездеседі. Бұл ұғымдардың мәнін нақтылап түсіндіру үшін көрнекі құралдардың пайдасы мол. Көрнекіліктерді ойын ретінде де пайдалануға болады. Оның барлығы сабқтың нақты мақсатына байланыстырылып беріледі. Мұнда тағы ескерілетін жай бірден бірнеше көрнекілік ұсынуға немесе керегі болсын, болмасын кез-келген көрнекілікті ұсына берудің реті жоқ. Себебі басым, артық, тым көп көрнекілік те балалардың зейінін жинақтау, тұрақтандыру емес, керісінше, алаңдатып, зиянын тигізуі мүмкін.
Сауат ашу кезінде сөзбен сөйлемдерді саналы, дұрыс оқуға дағдыландыру мен қатар әріп элементтері мен жекелеген әріптерді түзу жазып дағдылану барысында балаларға табиғат, адамдардың өмір сүруі жөнінде мағлұматтар беріліп, олардың айналадағы заттар мен құбылыстар туралы түсінігі кеңейе түседі [19, 87 б.].
Педагогкикалық талап бойынша сауат ашудың бірінші күнінен бастап-ақ, оның тәрбиелік мәніне зор көңіл бөлінеді.
Оқыту мен тәрбие бір-бірінен ажыратуға келмейтін, тұтас бір процесс болғандықтан, оқытудың тәрбиелік мәнінің өзі ақыл-ой тәрбиесіне жатады. Балалардың эстетикалық талғамын дамыту ертегі, көркем әңгіме, өлең, оқу, сурет, ән-күй арқылы жүзеге асырылады.
Әдебиеттік оқудың түрлері екіге бөлінеді: дауыстап оқу, іштен оқу. Дауыстап оқу көбінесе І –ІІ сынып оқушыларына тән болады. Бірақ І сыныпта іштен оқуға болмайды деген ұғым тумасқа тиіс. Іштен оқу сыныпта І сыныпта-ақ басталады. Содан былай қарай оқудың бұл көрсетілген екі түрінің екеуі де бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Балалардың дауыстап оқу арқылы алған дағдылары іштен оқуға тасмалдана береді (І-ІІ сыныптан бастап дауыстап оқылған материалдар іштен оқуға беріледі), ІІІ сыныпта жаңа матнриалдар алдын ала дайындық жұмыстарынан кейін іштен оқуға тапсырылады. Мұнда мәтін мазмұнын оқушылардың түсінуін қамтамасыз ететін түрлі тапсырмалар беріледі: мәтінге сурет алмастыру, тақырып табу, бөлімдерге бөлу т.б. ІІІ-ІV сыныптарда іштен оқылған мәтіндерге балалардың түсінген түсінбегендердің түрлі сұраулар қойып, жауап алу арқылы немесе мәтін мазмұнын айтқызу арқылы, мәтіннен кейбір сөздерді тапқызу арқылы т.б.с.с. тексеріледі. Оқудың бұл түрлерінің екеуінде де дұрыс оқу, шапшаң оқу және түсініп оқу талаптары орындалуға тиіс. Дауыстап оқуға бұларға қосымша мәнерлеп оқу талабы қойылады. Бұл талаптар бір-бірімен тығыз байланыста іске асады. Өйткені түсінбей, мәнерлеп оқи алмайды, ал дұрыс оқымаса, түсінбейді [22, 54 б.].
Оқу сапасы дұрыс, сананы (түсіну), және шапшаң оқу болып, бөлінеді.
Дұрыс оқудың негіздері алғашқы оқу-жазуға үйрету кезінде-ақ қалана бастайды. Осы кезде мұғалім әрбір жеке сөзді балаларға жеке әріптеп оқытпай, буындап оқуға жаттықтырғаны жөн, бірақ мұнда балаларды сөздің сыртқы түрін ғана меңгеріп, мағынасын жаңылыс ұғынудан немесе тіпті түсінбей оқығанда қателессе, дереу түзетіп, оған қиын тиген сөздерге талдау жасап отырудың дұрыс оқуға дағдылану үшін пайдасы зор. Бастауыш сынып оқушыларының оқу сабақтарында жіберілетін қателерінтоптап көрсетсек, төмендегідей:
Әріп, буын немесе сөз қалдырып кетіп оқу
Кейбір буындарды, сөздерді екі реет қайталап, ежелеп оқитындар.
Тіл келмегендіктен немесе әдеттеніп кеткендіктен бір әріпті екінші әріппен алмастырып (онда-оңға, күзет-күжет т.с.с.) оқиды.
Мұндағы кемшіліктерді мұғалім алдына ала есепке алып, түзету жолдарын ойластырады. Тәжіриделі мұғалімдер оқушыларды дұрыс оқуға үйрету үшін мынадай жұмыстар ұйымдастырады:
1. Оқушыны кітап оқуға жаттықтырып, дағдыландырады. Мұндай жаттықтыру жұмысының түрлері әр қилы. Бірде оқулықтың өзінен әр оқушыға арнаулы тапсырмалар береді; екінші бір жағдайда карточкалар жасап, соларды әрқайсысына оқытып дағдыландырады; енді бірде дидактикалық материалдар пайдаланады.
2. Осындай жұмыстарды орындау үйге де тапсырылады.
3. Қате оқыған сөздерді буынға бөліп оқытады немесе тақтаға буындап жазып көрсетіп, дұрыс оқуды талап етеді, ол сөзге талдау жасайды, түрлі схемалар, сызықтар бойынша мәтін ішіндегі сөздерді тауып, топтап, жіетеп жазу т.б.с.с.
4. Қате оқыған сөздерді қайта оқыттырады.
5. Қате оқыған жерін сыныпта тыңдап отырған оқушыларға түзеттіреді.
6. Жаңылтпаштар айтқызып жаттықтырады.
7. Көрсеткіш таяқшаны қолданады. Бұл зейіндері тұрақсыз, немесе көздері нашар көретін оқушылар үшін пайдалы және оқып отырған сөздердің кітап бетінің қай жерінде екеніне бағыт береді, сөзді дұрыс оқуға көмектеседі.
8. Оқығанда орфоэпия заңын басшылыққа алып отырады.
Басқа тілдердегі сияқты, қазақ тіліндегі де орфографиялық және орфрэпиялық заңдар бар. Ол заңдар оқушыларды дұрыс сөйлету мен дұрыс оқытуда басшылыққа алынады. Ал оқушыларға жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру үшін, сөздерді тақтаға жазып көрсету қажет болғанда, олар тек орфоэпия ережесіне сай жазылады. Мысалы, ақ ешкі. Мұндай сөздерді оқығанда агешкі деп айту керек екенін ескертіп, мұғалім балаларды солай (ағешкі) оқытып үйретеді [24, 25 б.].
Түсініп оқу дегеніміз оқушының оқыған мәтінінің мазмұнын анық, терең ұғынуы болып табылады. Бұл әр сөздің, сөйлемнің мағынасына түсінуден, әр бөлімді логикалық, психологиялық байланыстардан келіп шығады. Оқығанын толық түсіну балалардың мәтіндегі басты ойды айыра алуларынан, оның мазмұнына өзінің көзқарасын білдіруінен көрінеді.
Түсініп оқуда балалардың назары шығарманың идеялық мазмұнына аударылады. Түсініп оқу барысында оқушыларда елес, бейне, жоғары сезімдер пайда болады. Түсініп оқуды жүзеге асыруда алғашқы кезде балаларға жеңіл, өздерін түсіне алатын, сюжетті мәтіндер оқытылады.
Оқушыларды түсініп оқуға дағдыландырудың бір жолы алдын ала дайындық әңгіме өткізу болып табылады. Сондай-ақ мәтін оқымас бұрын бақылау, экскурсия жасау жұмыстары да түсініп оқуға жәрдем етеді. Түсініп оқуда қортынды әңгіменің де тигізетін пайдасы мол.
Шапшаң оқу дегеніміз – мәтіндегі сөздерді қалай болса солай бастырмалатып немесе сөздердің ара жігін айырмай оқу емес. Бұл – оқығанда түсінетіндей қалыптағы шапшаңдықпен оқу. Мәтінді тым баяу оқыған оқушы мәтіннің мазмұнына түсінбек түгіл, бір сөйлемнің өзінде де не айтылғанын аңғара алмай қалады. Сондықтан мәтінді шапшаң оқу талабы да маңызды болып табылады. Шапшаң оқу барысында әр оқушының оқу қарқыны әр түрлі, осыған орай, олардың бір минута оқитын сөздерінің саны азды-көпті болып келеді [25, 17 б.].
Шапшаң оқу баланың нерв жүйесінің типологиясына байланысты. Нерв жүйесі күшті типті балалар мейлінше тез оқиды, сондықтан олардың 1 минутта оқыған сөз саны әлсіз типті нерв жүйелі балаға қарағанда әлдеқайда көп болады. Минутына сөзді сынына қарай ең көп оқитын холерик темпераментті (күшті тип) оқушы, онан гөрі қайтыстау оқитын сангвиник темпераментті (күшті тип) оқушы, ең баяу оқитын флегматик темпераментті (күшті тип) оқушы, ал ең баяу меланхолик темпераментті (әлсіз тип) оқушылар.
2.1-кесте. Бастауыш сынып оқушыларының оқуына қойылатын талаптары
Достарыңызбен бөлісу: |