ДипломДЫҚ ЖҰмыс 5В010500-Дефектология мамандығы



бет9/17
Дата01.06.2023
өлшемі450.19 Kb.
#474584
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Құрамашева М. 105-48,

Сынып аттары

Оқу техникасы

Біліктерге қойылатын талаптар.

1 сынып

Тыныс белгілерін,кідірісті сақтау, дұрыс оқу

Дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқу, минутына 20-40 сөз оқу. Қиын сөздерді буындап оқу. Оқыған мәтін бойынша қойылған сұраққа жауап Бере білу; мәтінді бөліктерге бөлу; мұғалімнің көмегімен оқығандарының негізгі ойын анықтау; оқыған әңгімелердің суретті жоспарын жасау.

ІІ сынып

Бөлімдердің ара жігін ажыратып, кідіріс жасап, дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу

Дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқу, минутына 50-60 сөз. Оқығандарына өз көзқарасын білдіре оқу. Шағын мәтіндерді оқулықтағы сұрақтар бойынша немесе мұғалімнің Берген жоспары арқылы әңгімелеп беру. Оқығандарының жай жоспарын жасай білу.

ІІІ сынып

Дауыс кідірісін, ырғағын дұрыс сақтап оқу, эмоциялық бояуларды байқау. Мәтіннің мағынасына қарай дауыс ырғағын құбылтып, кідірісті дұрыс сақтап оқу.

Дұрыс, түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу. Минутына 60-80 сөз. Мәнерлеп оқуға өз беттерімен дайындалу. Мәтіндерді бөлімдерге бөлу; әрбір бөлімдегі негізгі ойды табу, мәтіннің жоспарын жасау. Әңгімедегі уақиғаның жүру ретін анықтау, мәтінді мағынасы жағынан аяқталған ойды білдіруіне қарай, бөлімдерге бөлу; әрбір бөлімдегі және тұтас мәтіндегі негізгі ойды анықтау. Минутына 80-100 сөз оқу. Оқығандарының күрделі жоспарын жасау.

Шапшаң, дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқу бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс, түсініп,белгілі бір қарқынмен оқығанда ғана шапшаң оқу талабы орындалады деуге болады.


Шапшаң оқуға дағдыландырудың тағы бір түрі – сыныпта дауыстап оқу. Мұндай жұмысты орындатқанда мұғалім оқушыларды тақтаға біртіндеп шығарып, әрқайысысына тапсырма береді де, дауыстап оқытылады (кейде әрқайсысына әр түрлі мәтін, кейде бір түрлі мәтіннің өзін беруге де болады).
Шапшаң оқуға оқушыларды жүйелі түрде күнбе-күн оқыту арқылы ғана дағдыландыруға болады. Шапшаң оқу оқушылардың сөйлеу мүшелерінің жетілуіне де байланысты. Мұғалім әр баланың сөйлеу мүшелерінің қалай жетілгенін байқау үшін оқушыларға мәтінді хормен де, жеке-жеке оқытып көреді. Айтылуы қиян жаңылпаштарды қайта-қайта айтқызып жаттықтыру әрі дұрыс оқуға, әрі шапшаң оқуға септігін тигізеді [39, 87 б.].
Мәнерлеп оқу дегеніміз – дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу.
Мәнерлеп оқуда басты 3 міндет орындалады:

  1. Оқушылар шығарманың мазмұнын түсінеді;

  2. Шығармадағы кейіпкерлер қайта жасалады;

  3. Шығармадағы көңіл-күй көрсетіледі.

Ендеше ол сезімге, қиялға әсер етеді, әркімнің көңіл-күйі көрінеді.
Оқушылар сөйлемдегі сөздердің мәнін (әсіресе, омоним сөздер), шығарманың көркемдігін және оның әсерлілігін мәнерлеп оқу арқылы байқалады.
Мәнерлеп оқу үшін әр сөзді ойдың ара жігін ескере отырып, дауысты құбылтып, тиісті жағдайда сөздерге реңк беріп отырады. Мәнерлеп оқу үйрету үшін әр мұғалім оқу сабағына немқұрайды қарамай, жан-жақты дайындалуы керек. Ол үшін мұғалім қандай мәселені жете білуге тиіс? Мәнерлеп оқуды дұрыс ұйымдастыру үшін, оқушы сөйлемді немесе мәтінді оқығанда, қалай де малу керек, дауыс қалай шығуға тиіс, дикцияның қандай болуы қажет – осының барлығын мұғалімнің өзі айқын білгені жөн. Өйткені мәнерлеп оқу үшін кеуде қуысынан толған ауаны орынды пайдаланып, дұрыс дем ала білудің мәні зор. Өкпедегі ауаны сарықпай, оқу процесінде үнемі дер кезінде дем алып, ауаны керегінше жұтып және оны өкпеден шығарғанда үнемдеп отырған оқушы ғана мәнерлеп дұрыс оқи алуына жағдай бар [26, 21-22 бб.].
Мәнерлеп оқу дауыстың өзіне де қатысты. Дауыс неғұрлым таза, күшті шықса, оқу да мәнерлі болады. Ол үшін әр оқушы өз дауысын күте білуі керек. Дауыс желбезегіне онша күш келтіру, суық күндерде далада азырақ сөйлеу, суыққа шалдықпау – дауыс күші мен оның тазалығын, үнін сақтаудың басты шарты. Дауыстың өзіндік белгілері бар: күші жоғарлығы, қарқыны (шапшаңдық), тембрі (құбылуы) Мәселен, «Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деген сөйлемді оқығанда, «оқу», «білім», сөздерді көтеріңкі дауыспен, ал «білім бұлағы», «өмір шырағы» сөздерді жай, баяу дауыспен айтылады. Сөйлегенде адам бірде баяу, бірде жай сөйлейді. Бұлар әр адамның дауыс қарқынына байланысты. Мұғалім жаттығу арқылы өз дауысының қарқынын анықтай алады. Ол жылдам сөйлеуден аулақ болғаны жөн. Егер жай сөйлей алмайтын болса, жаттығуы қажет.
Дауыстың тыңдаушыға әсері болуы тембіріне (құбылуы) байланысты. Құбылта оқу, дауыс ырғағын келтіре оқу да жаттықтыру, дағдыландыру арқылы қалыптасады. мәнерлеп оқуда дикцияның мәні зор. Сөйлеушінің ашық, анық, айқын айтуы, соның айтқанын ұғуға, оның әсерлі болуына ықпалын тигізеді. Дикциясында ақау болса, оны арнаулы жаттығулар арқылы түзету қажет. Дикциядағы кемшілік – сөйлеу мүшелеріне дұрыс жұмыс істете алмаудың салдары. Сондықтан да сөйлеу мүшелерінің дұрыс қызмет атқаруын қадағалау керек. Мәнерлеп оқу үшін орфоэпия заңдарын сақтап, сөз екпінін дұрыс қойып оқуға тиіс ( шекара деп айтпайды, шегера деп айтылады т.с.с.).
Мәнерлеп оқуда зор рол атқаратын – интонация. Интонация дегеніміз сөйлеу сазы. Ол сөйлеудің ритмі мен үнін, дауыстың бірде жоғарлап, бірде төмендеуін білдіреді. Интонация мына элементтерден тұрады: сөз бен ой екпіні, сөйлеудің қарқыны, ритмі (ырғағы), кідіріс (пауза), сазы [26, 54 б.].
Интонация жайында анығырақ түсіну беру үшін оның кейбір элементтеріне арнайы тоқталайық.
Сөз екпіні және ой екпіні. Сөз екпіні – фразалық екпін, ал ой екпіні - логикалық екпін. Сөйлемді айтқанда я оқығанда, оның ішіндегі сөздер интонация мен мағынасына, айтылу ырғағына қарай, өзара топ-топқа бөлінеді. Ол топ синтагма деп аталады. Синтагма бір я одан да көп сөздер болады. Әр синтагмада бір сөз көтеріңкі дауыспен ерекшелене айтылады. Міне сонны екпін түскен сөз дейміз. Сөз екпіні түскен сөздер ой екпіні түскен сөздермен көп төмен айтылады. Кейде оларға екпін түсіп тұрғаны сезілмейтін кездері де болады. Бұдан шығатын қортынды – екпін түскен сөздердің бәрін көтеріңкі дауыспен айта бермеу керек. Тек ой екпіні түскен сөзді ғана даралай айтуға болады. Пауза сөйлеуді сөйлемге, сөйлемді синтагмаға сөзге ажыратып, ара жігін көрсету үшін қолданылады. Сонымен қатар пауза сөздерінің басын біріктіріп, бір синтагма жасай да алады. Паузаны сақтамау оқып отырған мәтіннің мазмұнын дұрыс түсінбеуге әкеліп соғады. мәселен, «ол үй емес» деген сөйлемді паузасыз айтсақ, айтып тұрғаным басқа деген ұғымды білдіреді, яғни ол сөзді сөйлемде үй сөзіне анықтауыш ретінде қолданады. Ал сол сөйлемде ол сөзінен кейін пауза жасасақ, онда айтып тұрғаным үй емес, қора немесе басқа бірдеме дегенді білдіреді. Мұнда ол бастауыш қызметін атқарады [27, 23 б.]. Паузаның қиындығы мәтінде қай жерде кідіріс жасауды білу керек. Зерттеулерге қарағанда шығарманы дауыстап оқығанда оқушылардың 50 пайызы паузаны дұрыс сақтай алмайтын көрінеді. Паузаның грамматикалық, логикалық, психологиялық түрлері болады.
Грамматикалық пауза тыныс белгілерін дұрыс сақтауға байланысты. Алайда оның сақталмайтын кездері болады. Мысалы, қыстырма сөздегі үтірді сақтамайтын ситуация да кездеседі. (Мүмкін, Әлия болар).
Логикалық екпін тіркестің мағынасын тез түсіну үшін жеке сөзді немесе бір топ сөзді бөліп оқу. Мысалы, бастауышты баса оқу керек болғанда (қуанышты хабар жер жүзін дүр сілкіндіреді). Немесе тұрлаусыз сөйлем мүшелерін бөліп көрсету қажет болса, (Еділдің теңізге құятын жерінде Астрхан қаласы бар) т.б.
Психологиялық пауза мәтенде немесе тіркесте бір бөлікті басқаларынан ерекше бөліп көрсету үшін әсіресе, эмоцияны білдіретін жерлері баса оқылады. Мысалы, 2-сыныптағы Ш.Смаханұлының «Тәкаппар», мысалында: «Мөлдір суым, мекенім, Енді қайтсем, жетемін!? Қадіріңді білемін, Неге шалқып жүргенім!?» жолдары бір өкінішті күймен оқылады.
Паузаға үйрету 1-сыныптан бастап жүргізіледі. Мұның екі жолы бар:

  1. Оқушы мұғалімге еліктеу арқылы үйренеді;

  2. арнаулы жаттығулар арқылы үйретіледі.

Көркем шығарманы мәнерлеп оқу үшін, онымен алдын ала танысып, сонан соң оқығанда авторлық идеясын жеткізе отырып, шығуға болады. Көркем шығармаларда адам психологиясы жан-жақты суреттеледі. Оны өз мәнінде тыңдаушысына жеткізу үшін, мұғалім оқитын мәтіндегі қай сөздің, сөйлемнің қандай мағынаны, қандай көңіл-күйді білдіретінімен алдын ала таныс болуға тиіс. Міне, осы сияқты жәйттерге көңіл бөліп, дайындық жұмыстарын жүргізген мұғалімдер ғана оқушыларды мәнерлеп оқуға үйрете алады.
2.2 Бастауыш сынып оқушыларын байланыстарып сөйлеу мен байланыстырып жазуға және дұрыс оқып сауатты жазуға үйретудің әдіс - тәсілдері
Педагогикалық практикадан № 64 Жүсіпбек Аймауытов атындағы мектеп-гимназияда логопед-дефектолог есебінде өткіздім. Тәжірибе барысынды мектеп-гимназияның 26 балаға логопед-дефектологтың көмегі қажет екендігі анықталған. Ол оқушылардың тізімін №64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназияның логопеді Бурабаева Гүлшат орындап, мектеп-гимназия директоры Г.Т. Сандыбаевамен бекіткен. Тізімдегі балаларға қойылған негізгі диагноздар: ФФНР, ФНР, Дислалия, Дисграфия, Дилекция. Осы балалармен танысып, логопед Г.Бурабаевамен тығыз жұмыс жүргіздік. Маған үш оқушы - Ғани Дарын (Дисграфия), Бақыт Асхат (ФНР), Есилбай Қайсар (ФФНР) бөлінді. Сонымен бірге 1«б» сынып оқушыларымен де дыбыс қою үшін жұмыс жүргіздік. Және балаларға дұрыс байланыстырып сөйлеу мақсатында да жұмыстар жүргіздік. Осы мәселе төңірегінде кеңінен тоқталайық.
Байланыстырып сөйлеу мен байланыстырып жазу – сөйлеудің аса қажетті компоненттері. Бұл термин қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген. «Связная речь» дегенді «байланыстырып сөйлеу» деп жүрміз. Алайда аталған грамматикалық термин біршама анықтауды керек етеді. Ежелгі жазу-сызу болағнмен заманда сөйлеу (речь) деген ұғым тек ауызша сөйлеуге тән қоланылған. Жазу мәдениеті қалыптаса бастағаннан кейін сөйлеу ұғымы да өзінің алғашқы тар мағынасын өзгертіп, кең мағынада (әрі сөйлеу, әрі жазу мағыналарын қамтып) қолданыла бастады. Сондықтан қазір байланыстырып сөйлеу (связная речь) деген термин сөйлеу мен жазуда бірдей грамматикалық термин ретінде қолданылады. Солай бола тұра, мұғалімдерге түсінікті болу үшін бұл ұғымды «байланыстырып сөйлеу және байланыстырып жазу» деп даралап беруді жөн көрдік [28, 78 б.].
Байланыстырып сөйлеу мен байланыстырып жазуға үйрету бастауыш мектептің 1-сыныбынан бастап жүргізіледі. Байланыстырып сөйлеу мен байланыстырып жазуға үйрету өзара ажырамас біртұтас жұмыс. Сөйлеуге де, жазуға да қойылатын талаптар бірдей және бір мезгілде орындалуды қажет ететін оқу үрдісі болып саналады. Айырмасы – сөйлетуге ауызша баяндаса, жазуда жазбаша баяндайды.
Мектеп тәжірибесінде байланыстырып жазу қазақ тілі сабақтарында жүргізіледі. Өйткені жазба жұмыстарында орфографиялық және тыныс белгілерден жіберілген қателерімен жұмыстар жүргізілуге тура келеді.
Байланыстырып жазудың метеп тәжірибесінде қолданылатын мынандай негізгі түрлері бар:

  1. сөйлемдегі сөз орындары ауыстырылып берілген оқулықтағы жаттығулар бойынша; сөздердің өзара байланысын анықтау арқылы дұрыс орналастырып, жаттығу мәтінін көшіріп жазу

  2. мәтіндегі орны ауыстырылып берілген оқулықты жаттығулар бойынша мәтіндегі сөйлемдерді ой жүйесіне қарай дұрыс орналастыру арқылы мәтін құрамын енетін жеке сөйлемдерді бір-бірімен байланыстырып, жаттығу мәтінін көшіріп жазу;

  3. мәтін мазмұнына сай берілген сұрақтарға жазбаша дәл және еркін жауап жазу;

  4. мәтінде жасалған жоспар бойынша мазмұндама жазу (5-6 сөйлем);

  5. сурет бойынша мазмұндама жазу (4-5 сөйлем);

  6. сюжетті мәтін бойынша мазмұндама жазу;

  7. оқыған, көрген-білгендері туралы шағын шығарма жазу.

Байланыстырып жазуға үйрету ең алдымен оны ұйымдастырудан басталады. Бұл жұмыс мұғалімнің тікелей көмегімен ауызша (сөйлеу арқылы) жүргізіледі. Өйткені байланыстырып сөйлеу байланыстырып жазуға қарағанда әлдеқайда жеңіл. Жазу жұмысы белгілі дәрежеде грамматикалық мағлұматтарды, жазу емелелерін, орфографиялық және пунктуациялық ережелерді білуі керек етеді; сөздерді бөлек жазу, сөйлемдегі сөздердің орны тәртібі, бас әріп пен кіші әріптермен жазу т.б. ережелерін меңгеруді талап етеді. Сондықтан байланыстырып жазу жұмысы байланыстырып сөйлеуге қарағанда біршама күрделі [29, 65 б.].
Осыған байланысты, аталған байланыстырып жазу жұмыстарының кез-келгенін байланыстырып сөйлеуден бастаған жөн. Байланыстырып сөйлеу, біріншіден, ол – барлық сынып оқушыларының түгелдей белсенді қатысуын талап ететін ұжымдық жұмыс; екіншіден, ол – мұғалімнің тікелей басшылығымен атқарылатын жұмыс. Мысалы, «Сабақ басталды. Қоңырау соғылады. Балалар орындарына отырады. Мұғалім келді» деген жаттығу мәтіні бойынша сөйлемдерді мағынасына қарай орын-орнына қойып, көшіріп жазу жұмысы тапсырылған делік. Бұл берілген тапсырманы дұрыс орындау оқушыларды байланыстырып жазуға даярлайтынын жақсы түсінген мұғалім жазу жұмысын мынадай тәртіппен ұйымдастырған болар еді:

  1. мәтінде неше сөйлем барын анықтау,

  2. сөйлемдердің теріс орналасқанын дәлелдеп түсіндіру,

  3. сөйлемдерді логикалық жүйеге келтіру – орын-орнына қойдыру,

  4. мәтіннің дұрыс жазылған нұсқасын дәптерге көшіру.

Мұғалім алдымен оқулықтағы берілген жаттығу тапсырмасын түсіндіріп, жаттығу мәтіні бойынша жазба жұмысын орындайтындарын хабарлайды. Мұндай жазба жұмысы бұдан былай «мазмұндама» деп аталатынын ескертеді. Келесі жұмыс түрі – бұрын жазып даярлаған немесе сабақ үстінде тақтаның бір жағына жазылған жаттығу мәтіндегі әрбір сөйлемді оқушылардың өздеріне тапсырып, жеке-жеке оқытып, ондағы сөйлемдердің дұрыс орналаспағанын аңғарту; бұл тұстағы ең қиын да жауапты сәт – мәтіндегі сөйлемдердің дұрыс орналаспағанын дәлелдеп түсіндіру, оған оқушылардың көзін жеткізу.
Сөйлеу барысында қолданылатын диалог жобасы мына тұрғында болуы мүмкін:
Мұғалім:

  • Мәтінде неше сөйлем бар?

Оқушы:

  • Төрт сөйлем бар.

Мұғалім:

  • «Дұрыс. Төрт сөйлем бар. Енді сол төрт сөйлемді жеке-жеке атап көрейік. Бірінші сөйлемді кім оқып береді?» деген сұрақ қояды.

Бірінші сөйлем оқылып болған соң, оқушылар кезек-кезек қалған сөйлемдерді де оқып шығады. Бұдан мұғалім оқушылардың сөйлем деген ұғымды дұрыс түсінетінін байқайды.
Мұғалімнің келесі сұрағы:

  • Балалар, жақсылап байқаңдаршы. Осы төрт сөйлемнің әрқайсысы өз орындарына жұмсалған ба? Мысалға бірінші сөйлемді алайық. Ол егер өз орнында тұрса, мәтіндегі жеке сөйленмдер мағыналық жақтан өзара байланыса алар ма еді?

Қоңырау соғылмаса, балалар орындарына отырмай, сыртта жүрсе, мұғалім келмесе, (қалай ойласыңдар?), сабақ басталар ма еді? Демек «Сабақ басталды» деген сөйлемді бірінші етіп қоюға болмайды. Қалған сөйлемдердің орын тәртібі де осындай түсініктер арқылы анықталады. Іс нәтижесінде мәтіндегі сөйлемдердің мына түрінде орналасуы анықталады: «Қоңырау соғылады. Балалар орындарына отырады. Мұғалім келеді. Сабақ басталды». Бұдан кейін дұрыс орналасқан, яғни бір-бірімен мағына жағынан тығыз байланысқан сөйлемдерден құралған мәтін дәптерге таза етіліп көшіріледі. Ондағы емілелік, каллиграфиялық қателер және сөйлемдеге қатысты белгілерінің дұрыс қойылуы тексеріледі. Аталған жазбаша жаттығу нәтижесінде 1-сынып оқушылары байланыстырып жазуда мәтіндегі сөйлемдерді мағыналық жақтан өзара байланыстырып жазудың қажет екенін түсіне бастайды. Осы сияқты сөз орындары ауыстырылып берілген сөйлемдер бойынша, сөйлемге қатысты сөздерді мағынасына қарай таңдап алу, артық-кем сөздерді болдырмау, сөздерді және грамматикалық формаларды қайталамай жазу сияқты грамматикалық және стильдік қателерді жібермеу, байланыстырып жазуды қалыптастырудың негізгі талаптары болып есептеледі [31, 21 б.].
1-сыныпта мазмұндама мен шығарма жазуға төсілдірудің үлкен мәні бар. Әдетте ата-аналар мен үлкендер арасында бірнеше сыныпта мазмұндама, шығарма жазудың мәніне түсінбеушілік те кездеседі. «Мұндай қиын жұмыстарды кішкентай балалар орындайма? Ол өте ауыр емес пе? Ол жұмысты кейінгі сыныптарда жүргізу жетпей ме?» деген пікірлер кездеседі. Сырттай қарағанда, ол пікірлердің жаны бар сияқты көрінгенмен, мәселеннің мәнісіне келгенде, аталған шығармашылық жұмыстарын орындауда кіші жастағы оқушылар ешқандай қиындыққа кездеспейтінін айыруымыз керек. Байланыстырып жазу жұмысы кіші жастағы дидактикалық түсініктілік принципіне негізделіп жүргізіледі.
«Баланы - жастан» деген халық педагогикасы да баланы жас кезінеен бастап оқу мен әдептілікке тәрбиелеу керек екенін мақұлдайды. Бүгінгі мектеп тәжірибесінде жасұрпақты шығармашылық жазбаша жұмыстарға үйретудің аса жеңіл де тиімді әдістемелері аз емес. Жазуға даярлау кезеңінде айтылғандай, байланыстырып жазу жұмыстарының барлық түрлері: жазбаша грамматикалық жаттығулар да, сұрақтарға жазбаша жауап беру де, мәтін мазмұнына жазбаша жоспар құру да алдымен оқушыға жете танымал байланыстырып сөйлеу арқылы жаттықтырылады [31, 22 б.].
Жазуға үйрену тілдің ерекшеліктеріне қарай, әр түрлі дәрежеде өтеді: фонетикалық жазу дыбыстық -әріптік талдауды шебер жүргізуді, дыбыстарды дұрыс, анық айта білуді, айтылған дыбыстарды дәл айтыра алуды талап етеді; морфологииялық жазуда сөздің грамматикалық мағыналарын түсініп, ережелерді үйрету басым болады. ал орыс тілінен енген (армия, монтер, шофер, шкаф т.б.) және жазылуы қалыптасып кеткен бірқатар сөздедің (қарындаш, картоп, бәтеңке, шәйнек т.б) жазылуын оқушылар еске ұстап, ол сөздерді сөздіктен қарап, тауып жазуға үйренеді немесе жаттығу арқылы бірте-бірте дұрыс жаза алатын болады.
Жазуға үйрету үшін қажетті жағдайлардың бастылары:

  1. Жазылатын сөздің мағынасын, мәнін анықтау. Мұғалім көшіруге ұсынған немесе оқып айту арқылы жаздыратын сөздерінің, сөйлемінің, текстік мағынасын оқушылардың анық түсінгеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жаздырғаны жөн.

  2. Сөздің айтылуына және жазылуына, грамматикалық формасына мұқият қөңіл аудару; жазғандарын саналы түрде есте ұстатуға жағдай жасау: оқы, ойлан, есіңі жазып ал, тыңда, зейін аудар, т.б.

Жіберілген қателіктермен жұмыс жазау: жазғаныңды тексер, түзет, қайта жаз осыған ұқсас мысал ойлан, т.б. оқушылардың белсенділігін көтеру және өздіктерінен жұмыс жасауға баулу.

  1. Сөйлем мен сөзді талдау жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отыру: салыстыру, тадау, жинақтау жұмыстары, «неге?» сұрағын көбірек қою.

  2. Сөйлеу әрекетінің бірде-бір жағын естен шығармау керек: дыбыстық-әріптік талда, сөз құрамына жаттығу, сөз таптары бойынша, синтаксис және байланыстарып сөйлеуге үйрету жұмыстары. Орфографиялық жаттығулардымен (мазмұндама, шығарма) кезектестіріп өткізу.

  3. Грамматикалық жаттығуларды сөздік –орфографиялық жаттығулармен кезектестіру.

Орфографиялық дағдыға төселуіне қарай, ереженің оқушы үшін мәні өзгереді. Мысалы, алғашқы кезде бала ережеге мұқтаж болса, бірте-бірте сауатты жазуға жаттықан сайын оның мәнділігі жойыла бастайды. Оқушы жазуға жағдыланған кезде оған ереженің мүлде қажеті бола қоймайды.
Орфографиялық дағды жөнінде айтылғанджар пунктуацияға да қатыты. Бірақ пунктуацияға үйрену жұмыстарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Тыныс белгілерін қою да ережелерге бағынады.
Сауатты жазуға үйрену жұмысы грамматикаға сүйенеді. Мектепте грамматиканы оқыту неғұрлым жақсы жолға қойылса, оқушылардың сауаттылығы да солғұрлым жоғары болады. олай болса, белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын грамматикалық құбылыстар саналы түрде ұғындырылып, содан кейін қортынды шығарылуы қажет. Мұнда ережені мәніне түсінбей, құр жаттап алудан сақ болғаны жөн [32, 78 б.].
Мұғалім тіл құбылыстары мен жазу ережелерін анық етіп түсіндіріп, оқушыларға сол ережелерді меңгерту тәсілдерін қарастыруға тиіс. Мысалы, қандай да болмасын сөз немесе оған жалғанған қосымшалар басқаша болмай, неге солай жазылғанына оқушы түсініп және оқыған ережесіне сүйеніп оны дәлелдей алатын болса, оның ережені саналы меңгергені. Ал ережені мүдірместен айтып бергенімен, неге солай жазылып тұрғанын дәлелдей алмаса, оқушы ережені механикалық түрде меңгерген болып шығады да, ол білгендерінің сауатты жазуға пайдасы шамалы болды. Сондықтан балалар мұғалімнің басшылығымен, тіл құбылыстарын, емле ережелерін бақылап, талдауға, оларды бір-бірімен салыстыруға, ой жүргіртуге, сипаттауға, өз беттерімен жазған жазу жұмыстарында қолдануға міндетті.
Грамматиканы оқыту барсысында оқушылар тіл құбылыстарын саналы түсінумен қатар, тілдің нақты фактілерін де білулері қажет. Мысалы, сөйлемдегі сөздерді жалғастырудың байланыстырылатынын балалар есте қалдыра алады; сөйлемдегі сөздердің жалғауларын ажыратып айтып та бере алады; сөйлемдегі сөздердің жалғауларын ажыратып айтып та бере алады. Бірақ өздері сөйлем құрауға келгенде оны қолдана алмайды. Егер олар сөйлем құрамында сөздердің арасындағы байланысты анықтау арқылы, жалғаудың қызметіне көңіл аударып дағдыланса, мұндай байланысты өздері сөйлем құрамында да сақтауға тырысады. Бұл үшін сөйлемдегі бір сөзден екінші сөзге сұрақ қойып дағдылану қажет. Мысалы, мен (кім?) мектепке (қайда?) барамын т.б.
Сауатты жазуға үйрену үшін аналогия арқылы жаза білудің де маңызы зор. Ереже, қандай да болмасын, тек жалпы ғана нұсқау немесе түсінік береді. Яғни онда нақты бір сөзді қалай жазу емес, бір топтағы сөздердің жазылуы көрсетілді. Сондықтан оқушылар бір ережені меңгеру барысында дайын текстен ұқсас материалды таба білуге немесе өздері мысал келтіре алуға тиіс. Оқушылар сол ережені оған ұқсас басқа жағдайларда қолдана алатындай дәрежеге жеткенде ғана ақыл-ой дағдысы қалыптасты деп есептетуге болады.
Дұрыс, сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына, буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетуге, әріп алмастырып алмауға бірсыпыра көмектеседі. Мұндай жаттығуллар ІІІ-ІҮ сыныптарда да жүргізіліп отырады.
Тіліміздегі жазылуы айтылуынан өзгеше құлын, жұлын, күрек, басшы т.б.с.с. сөздерді тек есту дағдысына сүйеніп, жазуға болмайды. Көбіне оларды салыстыру жолымен талдаудың жәрдемі тиеді. Сондай-ақ –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе сұрауларын етістіктің болымсыз түрімен, мен, бен, пен шылауларын септік жалғаулармен салыстырып байқаудың да маңызы күшті. Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын, айтайын деген ойдың күңгірт, екі жақты болып шығатынын балаларға ережені түсіндіргенде де, жаттығулар жүргізгенде де, олардың жазылуларындағы қателерді түзетуде де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп.
Сөйтіп, сауатты жазуға үйрету үшін анаология, салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау сияқты ой операцияларының іске асуы ең маңызды шарт болып табылады [33, 65 б.].
Әрине, сауатты жазуға үйренуде қол қозғалысы арқылы қабылау мен елестетудің алатын орны ерекше екені белгілі. Көп оқитын тіпті ережені тамаша білетін оқушы да қолдың дағдылануынсыз жазуда қатені көп жібереді және жазудың ұсқыны да тарамсыз болады. сондықтан әсіресе бастауыш сынып балалары үшін танымның есту, айту, тындау, көру және қолын қозғау арқылы қалыптасатын функцияларын жүйелі түрде үйретіп, алғашқы кездің өзінде-ақ жақсы етіп, тыңдай алып, дыбыстық құрамға ойша тәртіппен талдау жасай алып, іштерінен қайталау т.б. сияқты тәжірибелер жинақтаудың маңызы орасан зор болатынын естен шығармауға тиіспіз.
Сөйтіп, жоғарыда айтылғандарды қорта келгенде, оқушыларды сауатты жазуға үйрету үшін ескерілетін жағдайларды топтап көрсететін болсақ, олар төмендегідей:

  1. Мұғалім жазылатын сөздің немесе сөйлемнің мағынасын, мәнін оқушының түсінетіндігіне әбден көзі жеткеннен кейін барып, жаздыруға тиіс (оқушы кейде мағынасына жете түсінбегендіктен қате жібереді).

  2. Сөзді дұрыс айтуға, ұқыпты жазуға, жазғандарына ой жүгіртуге бағыт беріп, қатемен жұмыс ұйымдастырады.

  3. Үнемі талдау жасау: түбірлес сөздер табу, сөз тіркестері арқылы сөйлем құрастыру, ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру – мұның барлығы оқушының ойлауын арттырып, материалды меңгеруге жағдай жасайды.

  4. Дыбыстық талдау, сөз құрамына жаттығу, сөз табының қызметі, синтаксистік талдаулар іске асырылып, сөйлеуге үйрету жұмыстарымен байланыстырыла жүргізіледі. Арнаулы орфографиялық жаттығулар (көшіру), (диктант) тіл дамыту жаттығуларымен (мазмұндама, шығарма) кезек жүргізіледі.

  5. Сөздік жұмысты үздіксіз жүргізіліп отырылады. әрбір оқушының жазудан әлсіз жақтары болады. мұғалім ондай балалармен сөздік жұмысын жеке жүргізеді.

  6. Сауатты жазу дағдысын қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі- орфографиялық қате, сөйлеу қателерін болдырмау үшін алдын ала синтездеу, талдау жұмысы.

  7. Белгілі бір жағдайда дағдылану біраз уақыт жаттығуды қажет ететіні сияқты, сауатты жазуға жакттығу дағдысы да көп қайталауды, жаттығуды талап етеді. Сондықтан өтілгенінен біразуақыт болған материалдарды жүйелі түрде еске түсіріп отыру пайдалы.

Жазуға үйретуде уақытша нерв байланыстарын шартты рефлекс арқылы емес, операнттық рефлекс арқылы қалпыптастырудың мәні ерекше болып табылады. Мұның мәнісі балаға дайын жұмысты орындату арқылы дағдыландырудан гөрі, өздеріне тапқызу, оларды ізденіп, қиналуға мәжбір ететіндей тапсырмалардың тиімді нәтиже беретіні мәлім. Мұның барлығының да мақсаты қалыптасқан уақытша нерв байланыстарын сақтау екенін жақсы түсініп, білімін жетілдіріп, педагогикалық шеберлігін ұштап отырған мұғалім ғана жұмысын ойдағыдай ұйымдастыра алады [34, 87 б.].
Біз педагогикалық тәжірибе барысында 1 «б» сыныбына «Ашық сабақ» өткіздік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет