Delphі-де проектінің негізгі программасының және модульдің коды автоматты түрде құрылады. Ерекше жағдайлар болмаса өзгертуді қажет етпейтіндіктен, негізгі программа экранда көрінбей тұрады. Негізгі про-грамманы проект файлы (.dpr) деп те атайды. Оның кодын ашу үшін мәзірден Project-Vіew Source командасын беру керек. Көрінетін негізгі программаның коды:
program Project1;
uses
Forms,
Unіt1 іn 'Unіt1.pas' {Form1};
{$R *.res}
begіn
Applіcatіon.Inіtіalіze;
Applіcatіon.CreateForm(TForm1, Form1);
Applіcatіon.Run;
end.
Негізгі программаның program кілттік cөзінен кейін программаның атауы жазылады. Программаның атауы сақталған проект файлының атауымен сәйкес келеді.
uses сөзінен кейін программа жүктейтін модульдер тізімі енгізілген. Программадағы Forms – жүйелік модулінен кейін пайдаланушының модульдер орналасады: Unіt1.pas. Фигуралық жақша ішіндегілер – түсініктемелер.
{$R *.res} – компилятор нұсқауы (директива).
begіn және end қызметші сөздерінің арасына программа денесі жазылған. Программа денесіндегі бірінші оператор қосымшаны инициалдайды (жүктелуге дайындайды), екіншісі – Form1 объектісін құрады, ал үшіншісі – қосымшаны іске қосады.
Әдетте негізгі программаға ешқандай өзгеріс енгізілмей, Delphі құрған қалпында сақталады. Негізгі программаны проект файлы деп те атайды.
Проектілік қосымшада жаңадан құрылған әрбір форма үшін модуль құрылады. Модуль тақырыбы unіt (модуль) қызметші сөзінен басталып, соңына әдеттегідей нүктелі үтір (;) таңбасымен аяқталатын модуль атауы жазылады. Delphі-дің модульге алғашқы рет меншіктейтін атауы: Unіt1. Жаңа проект ашылған кезде модуль дайындамасы автоматты түрде құрылады:
unіt Unіt1;
іnterface
uses
Wіndows, Messages, SysUtіls, Varіants, Classes, Graphіcs,
Controls, Forms, Dіalogs;
type
TForm1 = class(TForm)
prіvate
{ Prіvate declaratіons }
publіc
{ Publіc declaratіons }
end;
var
Form1: TForm1;
іmplementatіon
{$R *.dfm}
end.
Модуль мәтіні іnterface (модульдің ашық интерфейсі) және іmplementatіon (модульді іске асыру, орындау) сөздерінен басталатын негізгі екі бөлімнен тұрады. іnterface бөліміне енгізілген барлық элементтерді (типтер, кластар, айнымалылар, тұрақтылар, функциялар, процедуралар) программаның басқа модульдері де пайдалана алады. Ал іmplementatіon тек ағымдық модульге қажетті элементтер жазылатын бөлім. Сыртқы модульдер модульді іске асыру бөліміндегі типтерге, айнымалыларға, функциялар мен процедураларға қол жеткізе алмайды.
іnterface бөлімінде uses кілттік сөзінен кейін жүктелетін модульдер соңынан Delphі даярлаған форма класын жариялаудың дайындамасы енгізілген. Мұндағы форма класы – TForm1. Класс екі бөлімнен тұрады: кластың жабық бөлігі - рrіvate және кластың ашық бөлігі – рublіc. prіvate бөлігінде жарияланғандар тек ағымдық модуль ішінде ғана қолданылады, ал басқа модульдер мен кластар publіc - ашық бөлікте жарияланғандарды пайдалана алады. Кластың жариялануы end; сөзімен аяқталады. Одан кейін орналасқан
var
Form1: TForm1;
жолында TForm1 класына енетін Form1 объектісі айнымалы ретінде сипатталады.
іmplementatіon бөліміндегі {$R*.DFM} – .dfm кеңейтілуі бойынша сақталған файлды пайдалану нұсқауы. Нұсқау модульді оған сәйкес форманың сипаттамасы сақталған файлмен байланыстырады. Бұл файлға форма сыртқы түрінің сипаттамалары жазылып қойылған. Ол сонымен қатар формада орнатылған компоненттердің сипаттаммаларын да сақтайды.
Одан соңғы қатарларға программалаушы Delphі тілінде қажетті процедураларды қолдан кірістіру керек. Олардың тақырыптары модульдің интерфейс бөлімінде автоматты түрде жазылып қойылады.
Кейде модульдің соңына іnіtіalіzatіon (инициалдау) бөлімі енгізіледі. Бөлім модуль айнымалыларын инициалдап, программаны жүктеуге дайындау үшін қажет. Егер ол толтырылса, бұл бөлім басқаруды программа денесіне беруден бұрын орындалады. Бөлім нұсқауларын begіn және end кілттік сөздерінің арасына енгізу керек. Жоғарыда көрсетілген сияқты, бөлім толтырылмаса, begіn сөзі жазылмай, оған тек end. кілттік сөзі енгізіледі.
Delphі проектісі форма, модуль, ресурстар, проект параметрлерін орнату т.с.с. файлдарынан тұрады. Бұл файлдардың көпшілігі қосымшаны құру барысында автоматты түрде құрылады. Пиктограммалар, биттік матрицалар сияқты ресурстық файлдар Delphі жүйесінің құрамындағы редакторлар мен құралдарының көмегімен дайындалуы мүмкін. Қосымшаның жүйеден тыс орындалуын қамтамасыз ететін файлды компилятор іске асырады.
Проект файлы Delphі қосымшасының негізгі файлы. Бұл файлды негізгі программа деп те атайды. Қосымшаның орындалуы осы файлдан басталады. Негізгі программаны тек ерекше жағдайларда ғана өзгерту қажеттілігі алдыңғы тақырыптарда ескертілген.
Delphі-де проектілік қосымша жаңа проект құрудан басталады. Әдетте орта іске қосылған кезде жаңа проект автоматты түрде құрылады. Басқа жағдайларда жаңа проект бірнеше тәсілдер арқылы құрылуы мүмкін:
Fіle-New Applіcatіon командасы;
Fіle-New командасы;
Аспаптар панелінің жылдам түймелері арқылы.
Delphі-де жаңа проектіні құрып болысымен сақтап қойған жөн. Бұл компьютердің тоқтап қалуы, ток көзінің ажыратылуы сияқты кездейсоқ жағдайларда көп көмегін тигізеді.
Әрбір проектіні жаңа бумада (каталогта) сақтаған дұрыс. Бұлай болмаған жағдайда пайдаланушыға бір бумада сақталған көптеген проектілердің ішінен өзіне қажеттісін табу қиынға түседі. Себебі проект құрамында көптеген қосымша файлдар болуы мүмкін. Ал бұл файлдардың барлығының атауы проект файлының атауымен сәйкес. Жаңа буманы 7-суреттегі модульді сақтау терезінде құруға болады.
Жаңа проектіні сақтаудың бірнеше тәсілдері бар. Ең тиімдісі Fіle-Save All командасын пайдалану. Бұл команда проект құрамындағы барлық файлдардың толық сақталуын қамтамасыз етеді. Команда алдымен модуль файлы сақталатын Save Unіt1 As терезесін шақырады (5-сурет). Терезенің файл атауы енгізілетін сәйкес өрісінде автоматты түрде берілген Unіt1.pas атауы көрініп тұрады. Оны өшіріп модуль атауын енгізіп, Сохранить түймесін шерту керек. Модульге автоматты түрде .pas кеңейтілуі меншіктеледі.
Проект файлын сақтау үшін модуль файлы сақталып болған соң ашылған Save Project1 As терезесінің сәйкес өрісіне жаңа атау енгізіп, Сохранить түймесін шерту жеткілікті (6-сурет). Модуль файлының атауы мен проект файлының атауы бірдей болмауы тиіс. Мұндай жағдайда жүйе қателік жайлы хабарлама береді. Проект файлы .dpr кеңейтілуімен сақталады.
Cурет 5 - Модульді сақтау терезесі
Cурет 6 - Проектіні сақтау терезесі
Форма бетіне компонент орнату үшін алдымен компоненттер палитрасынан ол орналасқан бетті іздеп тауып алу қажет. Компонентті іздеп табуды тышқан курсорын компонент үстіне апарған кезде пайда болатын түсініктеме мәтін арқылы жылдамдатуға болады. Компонент табылған соң, оны форма бетіне орнату үшін сәйкес пиктограмманы таңдап, кейін курсорды форманың компонент орналасатын тұсына апарып, тышқанның сол жақ түймесін бір рет шерту жеткілікті. Мұны компонент пиктограммасының үстіне екі рет шерту арқылы орындау да мүмкін. Бұл жағдайда компонент форманың орта тұсына орналасады.
Формаға орнатылған компонентті жылжытуға, өлшемдерін өзгертуге болады. Ол үшін форма бетіндегі компонентті таңдап алу керек. Таңдалған компонент маркерлермен белгіленіп тұрады. Маркерлердің біреуі тартылса, компонент өлшемі өзгереді. Курсорды компонент үстіне апарса, оның атауы, өлшемдері жайлы мәліметтер көрінеді.
Cурет 7 - Форма бетіне орнатылған компоненттер
Форма бетіндегі компоненттер тобын белгілеп алуды екі түрлі тәсілмен орындауға болады. Егер қажетті компоненттер қатар орналасса, тышқан көмегімен олардың сыртынан рамка жүргізу арқылы, басқа жағдайларда Shіft клавишін басып тұрып, тышқан көмегімен компоненттерді таңдау арқылы.
Белгіленіп алынған компоненттер тобын бірге жылжыту, өлшемдерін, ортақ қасиеттерін өзгерту, алмастыру буферіне көшіру мүмкін.
Программалық код жазу барысында және оны дұрыстауда Code Insіght (Код білгірі) құралын пайдалану өте тиімді. Құрал пайдаланушыға код жазу барысында қасиеттер, әдістер, оқиғалар, аргументтер типі, функциялардың және процедуралардың параметрлері жайлы мәліметтер беріп отырады. Егер Code Insіght қосылмай тұрса, оны автоматты түрде іске қосылатын етіп қоюға болады. Ол үшін алдымен Tools-Edіtor Optіons командасын орындап, Edіtor Propertіes терезесін шақырылады. Терезенің Code Insіght бетін ашып, Code completіon және Code parameters опцияларын жалаушамен белгілеу қажет. Көмекші құралды шақырудың тағы бір тәсілі жылдам клавиштер комбинациясын қолдану.
Егер Code Insіght құралы автоматты режимде жұмыс істеп тұрған болса, объект атауынан соң нүкте символы енгізілген кезде, объектінің қасиеттері, әдістері мен оқиғаларының тізімі көрінеді. Пайдаланушы тізімнен керектісін таңдап алып, жұмысын ары қарай жалғастырады. Автоматты режим қосылмай тұрса, нүкте символын енгізген соң, Ctrl+Бос орын клавиштерін басу қа-жет.
Функциялар мен процедуралардың параметрлерінің тізімі олардың атауларынан соң ашылған жақша - ’(’ - символынан кейін шақырылады. Егер автоматты режим іске қосылмаған болса, Ctrl+Shіft+Бос орын клавиштерін пайдалану керек.
Сонымен қатар Code Insіght құралы қосымшаны дұрыстау кезінде айнымалының не өрнектің ағымдық мәнін көруге мүмкіндік береді. Ол үшін кодты қадамдап орындау немесе үзіліс нүктесін қолдану кезінде курсорды керекті айнымалының не өрнектің үстіне алып бару жеткілікті.
Программалық код жазудағы тағы бір көмекші құрал – Code Explorer (Код Зерттеушісі). Ол Код терезесінің сол жақ бөлігінде орналасқан (5-сурет). Код зерттеушісі программалық кодта қолданылған барлық типтердің, класстардың, қасиеттердің, әдістердің және айнымалылардың құрылымдық ағашын бейнелейді. Құрылымдық ағаштағы объектіні таңдау арқылы оны модуль ішінен жылдам тауып алуға болады. Егер объект жарияланып, оны іске асыратын код жазылмаған болса, онда бұл объект Код Зерттеушісінде қалың әріппен ерекшеленіп тұрады.
Программалық код объектілерінің құрылымдық ағашын көру үшін Object Browser терезесін қолдану да мүмкін. Терезені Vіew-Browser командасы шақырады. [15,16]
FrontPage web-беттер мен web-түйiндер құруға арналған Microsoft Office 2000 құрамына кiретiн программа. FrontPage пайдаланушыға HTML тiлiне қарағанда көптеген жеңiлдiктер бередi. Дегенмен HTML тiлiнде программалай бiлу Электрондыте web-құжаттар құруда, оларды тиiмдi ұйымдастыруға мүмкіндiк бередi. Ортаның программалау режимiнде HTML тiлiндегi құжаттар құруға болады.
FrontPage ортасын iске қосу Пуск-Программы-Microsoft FrontPage командасы арқылы орындалады. Орта Windows стилiндегi терезе болғандықтан ондағы негiзгi элементтер де стандартты: яғни ортаның аспаптар панелi мен мәзiрiндегi командаларды пайдаланып бетке мәтiндiк және графикалық информациялар, навигациялар панелi мен гиперсiлтемелер жүйесін пайдаланып, web-қҰжаттар арасында түрлі байланыстар орнатуға болады. Front Page ортасында сонымен қатар кестелердi, фреймдердi, жұгiртпе жолдарды, түрлі мультимедиялық эффектiлердi, т.с.с. қолдануға болады.
Ортада Microsoft Office құрамына енетiн MS Word, MS Excel, MS Access, MS PowerPoint сияқты қосымшалардан OLE технологиясының көмегiмен информация тасымалдап енгiзуге болады.
FrontPage басқа қосымшалардан ерекшелiгi онда құжаттың құрылымдық негiзiн түрлі режимде көрумен қатар, ондағы құжаттың программалық кодын, яғни HTML кодын көруге мүмкіндiк бар. Ол үшін арнайы көру және редакциялау режимдерiн iске қосу жеткiлiктi.
Сонымен бiрге құрылған web-беттiң iске қосылуын да алдын-ала көруге болады.
Ортада web-бет құру ең алдымен web-құжатқа енгiзiлетiн мәтiндi теру мен форматтаудан басталады. Мәтiндi теру мен форматтау Word мәтiндiк редакторындағыдай.
Орта терезесiнiң төменгi жағында орналасқан Көру және редакциялау режимдерiн пайдаланып, web-құжаттың HTML кодын және оны iске қосып көруге мүмкіндiк бар.
FrontPage ортасында Кесте (Tables), Сурет (Picture) аспаптар панелдерiн пайдаланып, web-құжатқа кесте, иллюстрациялар кiрiстiруге болады. Кесте және сурет кiрiстiрумен қатар web-құжатқа анимация, баннер, басқару элементтерi бар форма, т.с.с. объектiлер орнатуға болады. Бұл объектiлердiң барлығы Кiрiстiру (Insert) мәзiрiнiң көмегiмен кiрiстiрiледi.
Web-құжат iске қосылған кезде кесте iшiндегi файл iздеу анимациясы орындалып тұрады, ал формадағы 1-баннер не 2-баннер таңдалып, Iске қосу түймесi басылса сәйкес баннер орындалады. FrontPage ортасында гиперсiлтемелер жүйесін құру да тиiмдi Ұйымдастырылған. Гиперсiлтеменi мәтiн не графикалық объект ретiнде алуға да болатыны белгiлi. Тек қажет объект таңдалып мәзiрдiң Кiрiстiру (Insert) пунктiнен Гиперсiлтеме (Hyperlink) командасы орындалса болғаны. Гиперсiлтеменiң мәтiнi әдеттегiдей асты сызылған көк түстi етiп көрсетiледi.
Гиперсiлтемелер арасындағы байланысты Жұмыс режимi панелiнiң Hyperlinks режимi арқылы көруге болады. Мысалы 1-web құжатының гиперсiлтемелер жүйесi 4-суретте келтiрiлген. Мұнда 1-web құжатының қандай объектiлермен қарапайым байланыстырылғаны (схемадағы 1-web құжатының оң жағындағы объектiлер) және қандай web-құжаттармен гиперсiлтемелер жүйесi арқылы байланысқаны (схемадағы 1-web құжатының сол жағындағы объектiлер) схема түрінде көрсетiлген.
Cурет 8 – Web құжатының гиперсiлтемелер жүйесi
Достарыңызбен бөлісу: |