Дипломдық ЖҰмыс 5В011100 «Информатика»


Компьютерлlк оқыту жүйесін даярлау технологиясы



бет8/15
Дата04.10.2022
өлшемі1.75 Mb.
#461928
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Битас Серикболат 1

2 Компьютерлlк оқыту жүйесін даярлау технологиясы


Компьютерлiк оқыту жүйелерiн жобалауда жасау құралдарын тиiмдi таңдау да оның сәттi жұмыс жасауының алғышарттарының бiрi.


Инструменталдық жабдықтар ретiнде компьютерлiк оқыту жүйелерiн құру барысында орындалуы тиiс мәселелердi шешуде қолданылатын программалық жүйелердi түсiнемiз. Негiзгi инструменталдық жабдықтар мен оларды қолдану кезеңдерi 1 -суретте келтiрiлген.
Информатика курсының электронды оқулығын жасауда бiз Delphi программалау ортасын қолдандық. Сондықтан осы инструменталдық жабдықтарға толығырақ тоқталып өтсек.
Wіndows терезесі арқылы Delphі-ді іске қосу командасы: Iске қосу - Программалар - Borland Delphі 7  Delphі 7. Экранда Delphі ортасының төрт терезесі көрінеді.
Delphі-дің негізгі терезесінің құрамына негізгі мәзір, аспаптар па­нелі және компоненттер палитрасы енгізілген (1-сурет). Негізгі мәзір пункттеріне Delphі­-де жұмыс істеу командалары, аспаптар панеліне жиі қолданылатын командаларды орындайтын жылдам түй­мелер орналастырылған.
Delphі 5 ортасының элементтері:
1 - Delphі 5-тің негізгі терезесі;
2 - Форма (Form1);
3 - Объект инспекторы терезесі (Object Inspector);
4 - Программалық код терезесі (Unіt1.pas).
Негізгі терезеде орналасқан негізгі мәзір Delphі ортасының жұмысын басқаруға арналған. Ол командалардан тұратын мәзір пункттерінен тұрады және тышқан не клавиатура арқылы басқарылады. Мәзір пункттерінің құрамында түрлі типтегі командалар бар. Команданың атауынан кейін үш нүкте тұрса, онда бұл команда диалогтық терезе шақырады (мысалы, Fіle-Open… командасы). Егер мәзір командасының соңында клавиштер комбинациясы жазулы тұрса, онда бұл команданы сәйкес клавиштер комбинациясын басу арқылы клавиатурадан орындау мүмкін.

Cурет 1 - Негізгі терезе


Жағдайға қарай командаларды пайдалану мүмкін болмайтын кездер кездеседі. Мысалы, ешқандай проект ашылмай тұрса онда Fіle-Save командасы орындалмайды. Орындалмайтын командалар ашық сұр түспен беріледі. [15,16]


Delphі-дің негізгі мәзірі келесі мәзір пункттерінен тұрады:

  • Fіle (Файлдармен жұмыс);

  • Edіt (Редакциялау);

  • Search (Iздеу);

  • Vіew (Информацияны көріп шығу);

  • Project (Проект параметрлері);

  • Run (Проектіні іске қосу);

  • Component (Компоненттер);

  • DataBase (Берілгендер қоры);

  • Tools (Инструменталды құралдар);

  • Help (Көмек).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет