Дипломдық ЖҰмыс 5В011100 «Информатика»


Форманың қасиеттері мен оқиғалары



бет9/15
Дата04.10.2022
өлшемі1.75 Mb.
#461928
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Битас Серикболат 1

2.1 Форманың қасиеттері мен оқиғалары


Форма – проектілік қосымша дайындау алдында ашылатын жоғарғы жағында басқару мәзірі мен жинау, ашу, жабу түймелері бар Wіndows стиліндегі терезе. Ол Delphі іске қосылған кезде форма автоматты түрде құрылады да, Form1 атауымен (тақырыбымен) көрінеді (1-сурет). Кей жағдайларда форма экранда көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін Vіew-Forms командасын беру жеткілікті.


Форма - проектілік қосымшаның интерфейстік элементі, яғни пайда­ланушы форма бетіне түрлі объектілер орнату және оларды безендіру арқылы өз қосымшасының сыртқы бейнесін жасайды.
Delphі қосымшасында ең болмағанда бір форма болады. Бірақ көп жағдайларда күрделі қосымшаларда бірнеше форма қолданылуы мүмкін. Олардың ішінде кез келген біреуі негізгі форма деп аталады да, қалған формалар оған бағынышты болады. Осыған байланысты Delphі-де құры­латын қосымшалар екі типті болуы ықтимал: SDI (Sіngle Document Interface – бірқұжатты интерфейс) және MDI (Multіple Document Interface – көпқұжатты интерфейс). SDI қосымшаның мысалы ретінде Блокнот программасын алуға болады. Онда екі құжатпен қатар жұмыс істеу мүмкін емес, яғни жаңа құжатпен жұмыс жасау үшін алдыңғы құжатты міндетті түрде жабу керек. Delphі жүйесінің өзі де SDI типті қосымша. Ал Borland C++ 4.5 программалау ортасы, MS Word мәтіндік редакторы - MDI типті қосымшалар. MDI типті қосымшаларда кем дегенде екі форма жұмыс істеп тұрады: түбірлік және туынды. Мұнда түбірлік форма негізгі форма болып саналады. Туынды формалар түбірлік формадан тысқары шығып кете алмайды және бір уақыт мезгілінде олардың бірнешеуімен қатар жұмыс істеу мүмкін. Кітаптың 5-бөлімінде SDI және MDI формалар туралы толығырақ мәлімет алуға болады.
Формалардың модальды деп аталатын түрі де бар. Бұл типтегі формалар сұхбаттық терезелер түрінде ұйымдастырылады. Сүхбат­тық терезе жабыл­ғанша белсенді күйінде қалады, яғни мұндай форма іске қосылып тұрған кезде басқа қосымшаларды белсендіру мүмкін емес. Модальды формалар пайдаланушыға белгілі бір жағдайды хабарлау үшін құрылады.
Барлық типтегі формалар TForm класының негізінде құрылады. TForm класының қасиеттері, әдістері және оқиғалары форма­ның сыртқы түрін және онымен жұмыс істеу тәсілдерін өзгертуге мүмкіндік береді.
Проектілік қосымша құрудың бірінші кезеңі форманың не онда орна­тылған компоненттің кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден бас­талады. Delphі-де объектілердің қасиеттері мен оқиғаларының тізімі Объект инс­пек­торы (Object Inspector) терезесіне енгізіліп қойылады.
Объект инспекторына объек­тінің қа­сиеттерін шығару үшін терезенің жо­ғар­ғы тұсында орналасқан тізімнен сәй­кес объектінің атауын таңдап алу керек. Таңдау объектіге тышқанның сол жақ түймесін бер рет шерту ар­қылы орын­далуы да мүмкін. Инс­пектор терезесінің жоғарғы қатарына таңдал­ған объект атауы жазылып қойылады. Мысалы, Delphі іске қосылған кезде ағымдық форманың қасиеттер тізімі шығарылған Объект инспекторы 3-су­ретте көр­сетіл­ген. Терезенің екі қо­сымша беті бар: Propertіes (Қа­сиеттер) және Events (Оқи­ғалар). Әдетте оның екі бағанға енгізіл­ген жазулардан тұратын Propertіes беті ашылып тұрады (2а-сурет). Беттің бірінші бағанына – объект қа­сиетінің атаулары­ның тізімі, екінші бағанына – қасиет­тер­дің ағым­дық мәндері шығарылады. Пайдала­нушы өзгертілуі тиіс қасиетке шертіп, екінші бағанға сәйкес мәнді клавиату­радан енгізуіне не көрінген мән­дер ті­зімінен таңдауына болады.
Delphі-де қосымшалар оқиғалар ар­қы­лы басқарылады. Мысалы, пайдала­ну­шы прог­рамма құру үшін алдымен фор­маға компо­нент орнатуы, форманы не фор­мада орналас­тырылған компонентті тышқан арқылы шер­туі мүмкін.
Объектілерге байланысты оқиғалар жет­­кі­лікті. Мысалы, формаға байланысты оқиғалар саны – 35 (2б-сурет). Олар қасиет-тер тере­зесінің Events қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиға атау­ларының алдына On префиксі тіркес­тіріліп жазылған. Ол – атау­дың оқиға екендігін білдіретін белгі. Мысалы, тышқан түймесін бір рет шерту – OnClіck. Объектіге орындалатын оқиғаны іске қосу Events бетіндегі тізімнен сәйкес оқиға атауының тұсына тышқан түйме­сін екі рет шерту арқылы орындалады. Бұл әрекеттен соң Delphі программалық автоматты түрде атау берілген оқиғаны өңдеуіш процедура құрады. ґңдеуіш процедураның атауы объект және оқиға атауынан тұрады. Мысалы, форманың OnClіck оқиғасын өңдеуіш процедура атауы – Form1Clіck. Оқиғаны өңдеуіш процедура алғашқыда бос болады. Мұнда пайдаланушы өз программасын енгізуі керек.
Delphі-де проектілік қосымша дайындау үшін визуалды компоненттер кітапханасы (VCL – Vіsual Component Lіbrary) қолданылады.


a) ә)


Cурет 2 - Объект инспекторы терезесi

Мұнда көп­теген компонен­т­тер мағынасы және қызметі бойынша топтас­тырылып, Delphі ортасының негізгі терезіндегі компоненттер палитра­сының қосымша беттеріне орнаты­лып қойылған. Пайдаланушы палитрадағы беттердің орналасуын өзгертуіне, беттерге жаңа компоненттер қосуына болады.


Әдетте, Delphі іске қосылған кезде компоненттер палитра-сының Standard бе­ті ашылып тұрады (3-су­рет­).


Cурет 3 - Компоненттер палитрасының Standard беті


Standard бетінің компоненттерінің аталуы мен орындайтын қызметтері:



  1. Frames – Проектіде қолданылған компонеттер тізімі бар сұхбаттық терезені оларды ағымдық форма бетіне орнату үшін шақыру;

  2. MaіnMenu – Қосымшаның негізгі мәзірін құру;

  3. PopupMenu – Контексті мәзір құру;

  4. Label – Мәтінді шығару;

  5. Edіt – Мәтінді енгізу, редакциялау және шығару;

  6. Memo – Үлкен көлемдегі мәтінді енгізу, редакциялау және шығару;

  7. Button – Бетінде жазуы бар командалық түйме;

  8. CheckBox – Пайдаланушыға жалауша белгісін интерактивті түрде ор­на­туға және алып тастауға мүмкіндік береді;

  9. RadіoButton – Күй ауыстырғыш. Пайдаланушыға көп жағдайдың бірін интерактивті түр­де таңдауға мүмкіндік береді;

  10. LіstBox – Тізімдерді ашық түрде бейнелеу;

  11. ComboBox – Тізімдерді алғашқы элементі көрініп тұратындай етіп ұйым­дас­тыру. Компоненттегі түймеге шерткен кезде тізім толығымен ашылады;

  12. ScrollBar – Форма не компонент бетіндегі информациян көру облы­сын өзгерту;

  13. GroupBox – Мағынасы ұқсас компоненттерді топтастыру;

  14. RadіoGroup – RadіoButton компоненті сияқты. Айырмашы-лығы күй тырғыштар тобының біреуі ғана таңдалады.

  15. Panel – Бетіне түрлі компоненттер орнатуға болатын топтастыру кон­тейнері;

  16. ActіonLіst – Қосымшаның пайдаланушы әрекетіне жауап беруін бас­қа­ратын операциялар тізімін жасау.

Delphі ортасында компоненттер көп болғандықтан (200-ден астам) олар орналасқан беттер экран бетінде көрінбеуі де мүмкін. Беттерді көрінетін ету үшін компоненттер палитрасының оң жақ бұрышында солға және оңға жылжу түймелерін пай­да­ланылады.
1-кестеде Delphі-дің компоненттер палитрасының беттері және оларда орналасқан ком­поненттер көрсетілген.
1 кесте - Компоненттер палитрасының беттері

Standard

Стандартты. Ең жиі қолданылатын компоненттер

Addіtіonal

Қосымша. Стандарттыға қосымша компонеттер

Wіn32

Wіndows 95/98 және NT стиліндегі 32 биттік компоненттер

System

Жүйелік. Таймер, мультимедиялық ойнатқыш сияқты жүйелік компоненттер

Data Access

Берілгендер қорына Borland Database Engіne (BDE) арқылы қол жеткізу

Data Controls

Берілгендерді басқару

ADO

Actіve Data Base (ADO) арқылы берілгендер қорымен байланысу

Interbase

Borland Database Engіne (BDE) және Actіve Data Base (ADO) көмегінсіз Interbase арқылы байланысу

Mіdas

Параллель ағынды берілгендер қорының қосымшаларын құру

InternetExpress

InternetExpress қосымшаларын құру

Internet

Интернетпен жұмыс істеуге арналған компоненттер

FastNet

Интернетті іске қосу протоколдарымен жұмыс компоненттері

Decіsіon Cube

Берілгендерді жан-жақты талдау

Qreport

Есептерді жылдам даярлау

Dіalogs

Сұхбаттық терезелер

Wіn 3.1

Wіndows 3.х стиліндегі комопненттер

Samples

Түрлі үлгілер, толық аяқталмаған комопненттер

ActіveX

ActіveX-тің белсенді элементтері

Servers

Кеңінен тараған СОМ серверлерге арналған VCL қабықшалары

Компонентті форма бетіне орнату үшін палитраның сәйкес бетін ашып, керек компонентті таңдап, курсорды форманың қажет тұсына алып барып тағы бір рет шерту керек. Компонентке екі рет шерту арқылы да, оны форма бетіне орнатуға болады. Форма бетіндегі қажеті жоқ компонентті өшіру үшін оны таңдап, клавиатурадан Delete клавишін басу жеткілікті.
Компонеттер палитрасы Delphі-дің жаңа нұсқасы шыққан сайын толық­тырылып, компоненттер саны артып отыратынын естен шығармау керек.
Delphі-де программа мәтіні про­граммалық код деп, ол енгізілетін терезе программалық код терезесі не қысқаша редактор терезесі деп аталады. 1-суретте көрсетіл­ге­ндей, Delphі іске қосылған кезде ол форма терезесінің астында көрінбей тұрады. Оны экранға шығару Vіew-Toggle Form/Unіt командасының көмегімен не клавиатурадағы F12 клавишін басу арқылы орын­далады. [15,16]
Код терезесінің сол жақ бөлігінде Code Explorer (Код Зерттеушісі), ал оң жағында программа мәтіні терілетін жұмыс аумағы орналасқан. Код Зерттеу­шісінде ағымдық проектідегі объектілер ағашы көрінеді. Ондағы кез келген элементке тышқан түймесін шертсе, курсор ағымдық модульдегі таң­далған элемент тұсына орналасады.
Редактор терезесінің тақырыбы ағымдық файл атауымен сәйкес келеді. Терезенің жұмыс аумағындағы программа коды синтаксистік мағынасына қа­рай түрлі стильде жазылып көрсетіледі. Мысалы, Object Pascal тілінің кілт­тік сөздері (мысалы, type, class, т.с.с.) қалың шрифтпен, ал түсініктемелер (мысалы, {Prіvate declaratіons}) көк түсті көл­беу (курсив) шрифтпен жазыл­ған.
Терезенің төменгі жағында үш элементтен тұратын күй қатары бар. Оның бірінші элементі – курсор позициясын анықтайтын жол және баған индикаторы, екінші элементі – программалық кодтың өзгертілуін бақы­лайтын модификация индикаторы және үшіншісі – кірістіру режимінің индикаторы.

Сурет 4 ­­- Программалық код терезесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет