Дипломдық ЖҰмыс 5В011100 «Информатика»



бет2/15
Дата04.10.2022
өлшемі1.75 Mb.
#461928
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Битас Серикболат 1

Кіріспе




Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда ақпаратты пайдалана және жоғары деңгейде талдай білген маман әрқашан сұраныста. Кез келген маман өз міндетін экономиканың өтпелі кезеңінде жаңа талаптарға лайықты етіп орындау үшін жаңа ақпараттық технологиялар арқылы жұмыстарын шеберлікпен жүргізе білуі қажет. Бұл жаңа ғасырдың, бүгінгі күннің талабы.
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті ел ретінде даму стратегиясы Елбасының Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап өтілгендей, қоғамымыздың басым міндеттерінің бірінің жүзеге асырылуы – халықтың компьютерлік сауаттылығын қалыптастырумен байланысты. Мемлекет барлық деңгейдегі техникалық және технологиялық білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шараларды қолдауда. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына осы жолдауы тың ойларға жетелейді. Елбасы өз Жолдауында XXI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау мәселесіне аса көңіл бөлуі еліміздің әлеуметтік экономикалық даму жолындағы тағы бір белестен асып, көздеген межеге жақындап келе жатқанымызды білдіреді .
Қазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер көмегімен ақпараттық ресурстар жасалынып жатыр. Олар тауар-ақша қатынасына кіреді және материалдық, инновациялық, энергиялық және еңбек ресурстарымен қатар индустриялық үрдістерге де белсенді қатысады. Яғни ХХІ ғасыр бүкіл дүние жүзін ақпаратты қоғамға көшірумен басталды. Оған қоғамдағы барлық білім, ғылым, экономика, басқару салаларды ақпараттандыру арқылы қол жеткізуге болатындығы белгілі.
Біздің елде осы мәселелердің маңызды екендігі және оларды шешу керектігі тұралы жалпы түсінік бар. Мұның барлығы тек техникалық құралдарды көбейтуге емес, жоғары білікті мамандарды дайындауға да байланысты. Сондықтан да қазіргі кезде әр бір маманның іс-әрекеті осы ақпараттандыруды талдай және жаңа информациялық технологияларды дұрыс пайдалана білуге көп тәуелді.
Интернеттің WWW қызметінен кеңінен пайдалану арқасында IT-технологияларды меңгеру қажеттілігімен қатар мультимедиялық электрондық оқулықтарды құру мәселесі туындады. Мұның барлығы, электрондық оқулық құрушылардың html-форматта контент дайындауды өңдеуге арналған қосымша топ тартуын талап етеді. Бұл жобаның мақсаты электронды оқыту құралын құруда бағдарламашының жұмысын автоматтандыру және оның аталған үрдісте қатысуын азайту болып табылады.
Мұндай құрылған бағдарлама әсіресе Интернетте электронды оқыту бағдарламасын құру технологиясын жетiлдiруге және көптеген пайдаланушыға білімін көтеруге көмектеседі.
Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты Қазақстан Республикасы білім жүйесінің барлық сатылары үшін мультимедиялық электрондық оқулықтар қажеттілігі туындап отыр.
ХХ-ғасырдың соңында Internet және Internet желілерінің пайда болуы, компьютерде мультимедиа құрылғыларының дамуы, ғылымда жаңа салалардың пайда болуына әкеп соқты. Ақпараттың таралуы уақыт пен ара қашықтыққа тәуелсіз болып қалды. Мұның барлығы пайдаланушының информацияны алу әдістерінің ескіруіне алып келді.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек оқытушы дәрістерін немесе дәстүрлі оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында мультимедиялық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет