7
демократияландыру процесі жүріп жатқан кезде елдегі экономикалық-
әлеуметтік ахуал да ӛзгере бастады. Осы кезеңде тарихи жағдайларға
негізделген жастар мәселесін зерттеуге арналған жұмыстар жазыла бастады.
Бұл жұмыстардың кемшілігі бола тұрғанымен әлеуметтік қарым- қатынастар
қайта жандана бастаған кездегі оқиғалар мен процестерге түсінік
беруге
тырысты. Сондай- ақ, авторлардың тақырыптың зерттеу аясын кеңейтіп,
жастардың әлеуметтік ахуалына терең үнілгенін атап ӛткен жӛн. Еліміз
тәуелсіздігін алсымен жастар мәселесімен қатар,
саяси мәселелерге жаңа
қырынан қарап зерттеу кең ӛріс алды. Жастар саясаты тақырыбы саясаттану,
педагогика, философия, тарих, әлеуметтану ғылымының түрлі салаларында
зерттеу негізі болып табылады.
Кеңес Одағында құрылған арнайы ғылыми институттар ірі зерттеушілерге
жастардың мәселелерін теориялық және тәжірибелік зерттеу жүргізу негізінде
мемлекеттік жастар саясатын құрудың негізі заңдылықтарын кӛрсетуге
мүмкіндік берді. Олардың ішінде белгілі зерттеушілер: В.Н.Боряза,
В.Т.Лисовский, И.С.Кон.
ХХ ғасырдың 80- жылдары жастар мәселесіне
әлеуметтану тұрғысынан
зерттеу жүргізуге кӛп күш жұмылдырылды. Жастардың әлеуметтік
кӛрсеткіштеріне де кӛп назар аударылды. Бұған дәлел ретінде Кеңестік
Социалистік Республикалар Одағында Ғылым Академиясының әлеуметтік
зерттеулер институтында орындаған «Әлеуметтік дамудың кӛрсеткіштері»
(Г.В.Осипов жетекшілігімен), «Ӛмір сүрудің кӛрсеткіштері» (И.Т.Левикина
жетекшілігімен) атты тақырыптардағы ғылыми жұмыстарды атауға болады.
Жастар саясатының түрлі аспектілерін оқып үйренуде кеңестік,
кейіннен
ресейлік ғалымдар ӛз үлестерін қосты. ХХ ғасырдың 70-80 жылдары КСРО-да
жастардың саяси мәселелерін оқып үйренуде белсенділік танытқаны
байқалады. Бұл кезеңде Г.Х.Шахназаров, В.Н.Топорнин, Е.М.Чекарин,
Е.М.Тяжельников, И.М.Ильинский, В.А.Сулемов, В.Г.Комаровтар кеңестік
қоғамның саяси жүйесіндегі жастардың ролі, оның ішіндегі комсомолдардың
орны,
жаңа ұрпақтың саяси мәдениеті, жастар арасындағы идиологиялық
жұмыстың ерекшеліктеріне сараптама жасады.
ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақтың ұлттық демократиялық
бағыттағы саяси- ағартушы қайраткерлері жастар мәселесіне барынша кӛңіл
бӛлген болатын.
Жастардың біліміне, кәсіби дағдылардың игеруіне,
тәрбиеге, әлеуметтік
бейімделуіне, қоғамның әлеуметтік құрылымдағы роліне, бос уақытын тиімді
ӛткізу мәселелеріне байланысты жұмыстардың орны ерекше.
Жастардың мәселелсі сол уақыттағы саяси үрдістер тұрғысынан, яғни
Коммунистік қоғам орнатуда жастарды
коммунистік рухта тәрбиелеу,
қоғамның саяси жүйесіндегі Бүкілодақтық Ленин Комсомол Жастар Одағы
жастардың саяси ұйымының ролі мәселелері қарастырылған.
Қазақстандық зерттеушілер жастар саясаты, жастар мәселелеріне
байланысты
ғылымға
айтарлықтай
үлес
қосты.
Ш.О.Омаров
пен
Н.НЗ.Нығматуллиннің диссертациялық жұмыстары негізінде 1990жылдардың
8
ортасына дейінгі мемлекеттік тәуелсіздік алудағы тарихи кезеңді қамтитын
республикадағы демократиялық жаңаруды
іске асыратын Қазақстандық
жастардың ролі мен жастар арасындағы саяси үрдістер зерттелді. Біздің
еліміздің тарихындағы ол кезеңдегі жадай қазіргі кезден ерекшеленеді және бұл
кӛрініс жас буынның саяси мінез- құлқы мен жастар арасындағы саяси
үрдістерде кӛрініс тапты.
Соңғы
жылдары
Л.Ю.Зайниева,
Ж.К.Симтиков,
Д.А.Калетаев,
Н.П.Калашникова, Ш.О.Омаров, Т.К.Божанов, В.И.Зырянов, М.Қ.Бексұлтанов,
Г.С.Абдраимова,
Е.М.Баймуханов,
Р.Т.Джаппарова,
А.У.Исаев,
Б.Б.Бюлегенова,
Ш.С.Мусатаев,
Г.Н.Шойкин,
В.А.Жексембекова,
М.О.Иманбаев,
К.И.Оспанов,
Г.Ж.Нугманова,
О.А.Курмысовтардың
диссертациялық жұмыстары орындалды. Бұл ғылыми жұмыстар мемлекеттік
әлемге оның тәжірибесін тарату, бала құқығын қорғауда мемлекеттік саясатқа,
жастар ортасында саяси – мәдениеттің қалыптасуы,
жастар мәселесінің саяси
аспектісі тақырыбына арналған. Сонымен қатар А.Н.Тесленокоеңбегінде
жастар саясатының педагогикалық аспектілері, ал А.С.Свәрсенбаев,
Г.Т.Телебаев,
А.Т.Шайкенованың
ұжымдық
монографиялары
мен
мақалаларында жастарды әлеуметтік зерттеу нәтижесі қарастырылған.
Әлеуметтік-саяси жұмыс жүргізудің теориялық және методологиялық
мәселелері Гуслякова Л.Г., Холостова Е.И., Зайнышев И.Г., Саппс М., Уэллс К.,
Фирсов М.В. және т.б. ғалымдар еңбегінде егжей-тегжейлі қарастырылған.
Отандық ғалымдарымыз Аитов Н.А., Джаманбалаева Ш.Е., Ешпанова Д. Д.,
Нысанбаев А. Н., Калибеков Д. және т.б. еңбектерінде Қазақстан жастарының
әлеуметтік-саяси бейнесі, олардың әлеуметтену жағдайы, жалпы проблемалары
қарастырылған. Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу мәселесін арнайы
зерттеу нысанына айналдырған еңбектер жоқтың қасы деуге болады.
Сондықтан да осы тақырыптың дипломдық жұмыс объектісіне айналуы
кездейсоқтық емес, бүгінгі күн тұрғысынан ӛте маңызды деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: