БЕБҚ – Батыс Еуропа – Батыс Қытай
БББЖ - Бір белдеу – бір жол
ЖЖЭБ – Жібек жолының экономикалық белдеуі
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
ХВҚ – Халықаралық валюта қоры
АИИБ - Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары
ДДСҰ - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
АӨСШК - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ХҚҚДБ - Халықаралық қайта құру және даму банкі
ТХКБ - Транскаспий Халықаралық Көлік Бағыты
ЕАДБ – Еуразиялық даму банкі
ЕАЭО - Еуразиялық Экономикалық Одақ
ЕО - Еуропалық Одақ
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ҰҚШҰ - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы
ДСҰ - Дүниежүзілік Сауда Ұйымы
ЖІӨ - жалпы ішкі өнім
ҚХР - Қытай Халық Республикасы
Кіріспе
Диплом жұмысының сипаттамасы. Зерттеу жұмысында ауқымды инфрақұрылымдық жоба болып табылатын "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" трансконтиненталды дәліздің халықаралық аренадағы рөлі зерттеледі. "Жаңа Жібек жолы" атауымен белгілі бұл жоба, Қытай және Азия, Еуропа, Африка елдеріндегі экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған Қытайдың "Бір белдеу - бір жол" бастамасының маңызды бөлігі болып табылады. Сонымен бірге, бұл бағыттың стратегиялық маңыздылығы, осы жолда орналасқан елдер үшін ықтимал тиімділіктердің талданады.
Диплом жұмысының өзектілігі. "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" трансконтиненталды дәлізі ірі инфрақұрылымдық жоба екені баршаға мәлім. Дипломдық жұмыстың өзектілігі жобаның Қытай, Еуразия және одан тыс аймақтарда экономикалық, геосаяси, экологиялық және әлеуметтік ландшафты қалыптастыру мүмкіндігін зерттеу. Сонымен бірге, зерттеу барысында жобаның дәліз бойындағы елдерге қаншалықты ықпал ететінін түсіне аламыз. Зерттеудің объектісі. "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" дәлізінің стратегиялық маңызы, дәліз дамуындағы мәселелер мен мүмкіндіктер. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу барысында келесі мақсаттар мен міндеттер қойылды:
- Батыс Еуропа - Батыс Қытай дәлізінің ықтимал экономикалық, саяси және әлеуметтік салдары туралы түсінік алу
- "Бір белдеу - бір жол" бастамасын және оның мақсаттарын түсіну
- Жобаға байланысты мәселелер мен мүмкіндіктерді анықтау
- Инфрақұрылымдық инвестицияларға, экономикалық дамуға және халықаралық қатынастарға қатысты саяси шешімдерді негіздеу.
Достарыңызбен бөлісу: |