Зерттеудің практикалық маңызы. Дипломдық жұмыс Жаңа Жібек жолы бағытындағы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" трансконтиненталды дәлізінің дамуы мен салдары туралы түсінік береді.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Зерттеу Жаңа Жібек жолы аясында "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" трансконтиненталды дәлізінің кешенді талдауын, оның ішінде оның тарихи байланысын, геосаяси және экономикалық факторларын, стратегиялық маңыздылығын қамтиды. Зерттеу барысында көптеген ғылыми, тарихи әдебиеттер және қоса алғанда практикалық конференциялардың ақпараттары алынды. Бұл тақырыпты зерттеу қазақ, орыс, ағылшын, қытай деректеріне сүйеніп жүргізілді. Оның ішінде: Xinhua - қытайлық күнделікті газеті, europe-china.kz - интернет порталы 人民日报 бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері басшылыққа алынды. Сонымен қатар, диплом жұмыс тақырыбының заманауилығына байланысты негізгі дерек көздері диссертациялар мен ғылыми мақалалардан алынды. Зерттеу әртүрлі тілдегі мәліметтерді қарастыра отырып, талдау жасау мен салыстыру арқылы жүргізілді. Хронологиялық шеңбері. Зерттеу аясы 2005 жылы жоба ұсынылғаннан бастап, дәл бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Жұмыс құрылымы кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиет тізімі мен қосымшаларды қамтиды. Кіріспе бөлімінде жұмыстың өзектілігі мен зерттеу нысаны анықталып, негізгі мақсаттар мен міндеттер қойылды. Сонымен қатар, практикалық маңызы мен ғылыми зерттелу дәрежесі сияқты аспектілерге тоқталдық. Бірінші бөлімінде Батыс Еуропа - Батыс Қытай трансконтиненталды дәлізіне шолу, қазіргі кезге дейінгі жобаға байланысты теориялар мен үлгілерді көрсетіп, "Бір белдеу - бір жол" бағдарламасымен байланысы жайлы айтылады. Екінші бөлімде жобаның болашақ дамуындағы мәселе мен мүмкіндіктер, дәліздегі экономикалық, саяси және қауіпсіздік мәселелері жайлы айтылады. Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысында қарастырылған зерттеулер тұжырымдалып, трансконтиненталды дәліздің дамуының перспективалары, сондай-ақ жобаға қатысты саяси-экономикалық мәселелердің болашақтағы жағдайына болжам жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |