4) Тақырып. « Кең – байтақ Қазақстаным»
«Кең –байтақ Қазақстаным» атты мәтінді түсініп оқы.
I деңгей
1.Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан 1991 жылдан бастап орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!
2. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.
1. Ер жігіттің аты жақсы болса, бір бақыт,
Алған жары жақсы болса, мың бақыт.
2. Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің;
Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің.
II деңгей
1. Мәтін бойынша сұрақ құрастыр
2. Төмендегі сөздерді оқыныз.Түсіндірме сөздікті, пайдаланып,сөздердің мағынасын табыңыз
Ескертпе, бірік,қуат, сақ.
3. Нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.
Қазақ елінің рәміздеріне ... жатады
а/ Байрақ, жалау, жалауша
ә/ Таңба, белгі, мөр
б/ Ту, елтаңба, әнұран
2. Қазақ елі туының түсі ...
а/ қызыл
ә/ сары
б/ көк
3. Күнге табыну ... дүниеге келген
а/ батыста
ә/ солтүстікте
б/ шығыста
III деңгей
1.Кең –байтақ Қазақстаным» тақырыбында оқушылардың білімін тексеруге эссе жазылады.
5) Тақырып. «Табиғат тамашасы»
I деңгей
1.Мәтінді түсініп оқы
1. Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
2. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.
1. ...ің атым .................
2. ...дің отбасымыз тату-тәтті.
II деңгей
1) Мәтін бойынша сұраққа жауап беріңіз.
1. Адамның дені сау болу үшін не керек?
2. Бүгінде жер бетінде қандай мәселе өзекті мәселеге айналды?
3. Дүниежүзілік проблема қандай?
4. Табиғатты сақтау үшін біз қандай үлес қосуымыз керек?
2) Сөздердің антонимдерін табыңыз:
1. Жақсы ...
2. Ұзын ...
3. Аққұба ...
4.Жалқау ...
5.Ақылды ...
III деңгей
1.Мәтінге жоспар құру.
2.Мәтінді мазмұндау.
Достарыңызбен бөлісу: |