Дипломдық жұмыс Қазақ тіліндегі омоним, синоним, антоним аффикстерді оқытудың амал-тәсілдер


Синоним аффикстерін оқытудың амал-тәсілдері



бет22/41
Дата28.05.2022
өлшемі296.95 Kb.
#458746
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
диплом-Жупар

2.2. Синоним аффикстерін оқытудың амал-тәсілдері
Орыс мектепбінде синонимдерді оқыту 5-сыныпта 1 сағат берілсе, 6,7-сыныптарда тек қайталау барысында оқытылады. Әрине, бұл аздық етеді, осының нәтижесі жоғарыда көрсетілген статистикалық кестеде аңғарылады. Біздің пайымдауымызша, 5-сыныпта синонимді оқытуға тағы да 1 сағат қосу керек секілді. Себебі оқушы тілін дамыту, сөздік қорын байыту мақсатында, және мемлекеттік тілді еркін меңгеріп, түсіну үшін де қажет. Синонимдерді оқыту барысында ең тиімді тәсіл бұл – деңгейлеп оқыту тәсілі. Мұның себебі деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушы алған білімді тез игереді.
Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы – оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрінің, әдістер мен амалдардың,оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі Ж.Қараев технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың өтілген лексикалық тақырыптардан алған білімдерді және біліктерін пысықтауға арналған.
Деңгейлік тапсырмалар 7-9 сыныптар модульдері бойынша тақырыптарды қамтиды. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен жұмыс істеуге баулиды, ой еңбегімен айналысуына көздейді.
Деңгейлік тапсырмаларды өздігінен жаңа сабақты меңгерту, тақырыпты пысықтау, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың сөздік қорын байытуға,тілін дамытуға бағыттайды.
Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәнінде бағдарлама бойынша синонимдер 7-сыныпта қайталау сабағының құрамында келеді. Сол бойынша берілген деңгейлік тапсырмалар легі төмендегідей.

1) Кіріспе бөлімінде «Қазақ тілі –мемлекеттік тіл» лексикалық тақырыбын өткенде оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.


I деңгей
1. «Қазақ тілі» атты өлеңді мәнерлеп оқу ,төл дыбыстарды орфоэпиялық нормаға сай айту.
Қазақ тілі
Күш кеміді, айбынды ту құлады;
Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,


Күндей күшті күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың


Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,


Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен тілім!
(М.Жұмабаев)

II деңгей


1. «Қазақ тілі» атты өлеңді оқып,өлеңнің негізгі идеясын ашу.
2.Мына сөздерді сөз құрамына талда.
Бесікте,тілің,тілмен,ақылы,айтылады./түбір,I-II- жақ,жекеше,көпше т.б/
3. 1. Нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз.
Қазақ елінің рәміздеріне ...... жатады
а/ Байрақ, жалау, жалауша
ә/ Таңба, белгі, мөр
б/ Ту, елтаңба, әнұран
2. Қазақ елі туының түсі .....
а/ қызыл
ә/ сары
б/ көк
3. Зеңгір көк ..... белгісі
а/ адалдықтың, тазалықтың, аспанның
ә/ қуаныштың, жеңістің
б/ жамандықтың, бейбітшіліктің
4. Күнге табыну ...... дүниеге келген
а/ батыста
ә/ солтүстікте
б/ шығыста
5. Күн бейнесі ...... белгісі
а/ татулықтың
ә/ байлық пен берекенің
б/ достықтың

III деңгей


1. «Қазақ тілі» атты өлеңнің мазмұнын айт.
2. Берілген сөздермен сөйлем құрастыр.
Туған тілім,тіл байлығы, мақтанышым, құдыретті, үлгі-өнеге.
***


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет