5-тапсырма. Синонимдік қатар құрыңыз.
Тіл табысу –
Мазақ қылу –
Қателесу –
Әдемі –
Еңбекқор –
Жалқау –
Алғыр –
Тәрбиелі –
Үлкен –
6-тапсырма. Берілген тұрақты сөз тіркестерінің мағыналарын түсініп, синоним сөздерімен байланыстырып жазыңыз.
Үлгі:
Тұрақты тіркестер: Синонимдер:
Қас пен көздің арасында – Лезде, тез, дереу,
жылдам
Көзді ашып-жұмғанша –
Көз жазды –
Көңілі жарым адам –
Көзінен таса қылмады –
Төбесі көкке жетті –
Көрпеңе қарай көсіл –
Көрсеқызар –
Көш жүре түзеледі –
Ала көз болу –
Көз шырымын алу –
Алдынан кесе-көлденең өтпеу –
Буыны қатты –
7-тапсырма. Жағдаяттарды орындаңыз.
Қазір біз үш топқа бөлінеміз.
1-топ:
Мекемеңіздегі бір қызметкер сайысқа қатысып, президент жүлдесіне ие болды. Қуанышына ортақтасып, құттықтау сөз дайындаңыз.
2-топ:
Облысқа еңбегі сіңген мерейтой иесін сіз облыс әкімі ретінде қалай қарсы алып, қандай лебіз білдірер едіңіз?
3-топ:
Өзіңізбен бірге қызмет ететін әріптесіңізді Наурыз мерекесімен құттықтау хат керек. Хатты қай сөзден бастайсыз?
Құрметті, қадірлі, аяулы, ардақты, аса құрметті, аса қадірлі досым, жолдас, ханым, жоғары мәртебелі... .
Құттықтауда қолданылатын тұрақты сөз орамдарын жаттап алыңыз:
Қадірлі, құрметті – уважаемый
Қымбатты – дорогой
Сүйікті – любимая
Аяулы – милая
Аса қадірлі – глубоко уважаемый
Лауазымыңыздың жоғарылауымен – с повышением должности
Шығармашылық табыс тілеймін – желаю творческих успехов
Жүзіңізден күлкі кетпесін – пусть не сходить с Вашего лица радость
Еңбек жолында биіктерден көрініңіз – покоряйте вершины на трудовом пути
Мерейтойыңызбен – с юбелеем
Салтанатты тұсаукесер – презентация
Ұлықтау – инногурация
Қайда жүрсең де, аман бол! – где бы ты ни был, будь здоров!
Барлық ізгі тілектерді қабыл алыңыз – примите наилучшие пожелания
Денсаулығыңыз мықты болсын – желаем крепкого здоровья
Ұзақ өмір тілейміз – желаем долгих лет жизни
Мол бақыт, табыс, жемісті еңбек тілейміз – желаем счастья, успехов, плодотворного труда.
Достарыңызбен бөлісу: |