12) Тақырып: Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі.
I деңгей.
1.Мәтінді түсініп оқы.
Қазақ тілі –қазақ халқының ана тілі.Сонымен бірге Қазақстанда туып-өскен кейбір халық өкілдері ішінде қазақ тілін ана тілім деп есептейтіндер де бар.
Қазақ халқын құраған рулар мен тайпалар тарихта өте ертеден –біздің жыл санауымыздан бұрын-ақ мәлім болған.Содан бері бұл тіл халқымыздың қатынас құралы болып келе жатыр.
2.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жазыңыз.
Халы..,елім..зде,өкілд..к,үйрен..п,қаза..ша,қара..ай,қ..лын,түлк..,
әд..л,мейір..мді,ұрпа..,м..лдір.
II деңгей.
1.Мәтін бойынша сұхбат құр.
2.Сын есімдерді сәйкес келетін зат есімдермен тіркестір.
Ұлттық-.........................жігіт
Қалалық-.......................киім
Мерекелік-....................дастархан
III деңгей.
1.Мәтінді мазмұндап,негізгі ойын анықта.
2.Туған жер,Отан,тіл туралы 8 -мақал-мәтелді есіңе түсіріп, жазбаша жаз.
13)Тақырып: Сөздіктердің түрлері.
I деңгей.
1.Мәтінді түсініп оқы.
Сөздіктің түрі көп.Олардың мақсаттары мен міндеттері әр түрлі.
Орфографиялық сөздікте сөздердің дұрыс жазылуы көрсетіледі.Орфоэпиялық сөздік дұрыс айтылуын ,дұрыс оқылуын үйретеді.
Түсіндірме сөздік сөздердің мағыналары мен тіліміздің байлығын ұғындырады.Екі тілді адарма сөздік басқа тілді үйретеді және оның сөздік құрамын меңгертеді.
Сөздіктер -әрбір оқушының ,әрбір сауатты адамның білім алуы,дамуы күнделікті керекті құрал.
2.Есептік сан есімдерді жазбаша түрде дәптеріңе жаз.
40,86,92,2012,192,605,120,555,3225,800.
II деңгей.
1.Мәтін бойынша сұрақ құрастыр.
2.Берілген сөздерден туынды етістік жасап,сөйлем құра.
Тіс,оқы,арқа,кел.
III деңгей.
1.Мәтінді мазмұндап,негізгі ойын анықта
2.Етістікті өткен шақ және келер шақ есімше түрінде жұптап,жекеше түрде тәуелде.
Күт,шыда,сыйла,жібер,аш,жаса.
Тақырып: Қазақ тілі сабағында .
I деңгей.
1.Мәтінді түсініп оқы.
Біз биыл 7 –сыныпта оқып жүрміз.Біздің мектепте қазақ тілінен басқа орыс,ағылшын тілдерін оқытады.Қазақ тілі сабағы аптасына төрт рет болады.Қазақ тілі сабағы өте қызықты өтеді.Біз сабақта мәтінді оқып,мазмұнын айтамыз.Мәтін бойынша бір-бірімізге сұрақ қойып,жауап береміз.Ауызша тақырыптарға диалог құрастырамыз.Диктант,мазмұндама,шығарма жазамыз.Сабақта көбінесе ауызша сөйлеуге тырысамыз.Сурет бойынша әңгіме құрастырамыз.
2.Етістіктерді келер шақ есімше тұлғасында ,I жақта жаз.
Үлгі:шақыр+ар-мын.
Шақыр,тоқта,ки,аяқта,аудар ,қуан,біл.
II деңгей.
1.Өлеңді мәнерлеп оқып,мазмұнын түсіндір.Кім болғың келеді? Не істегің келеді? деген сұрақтарға өлеңнің мәтіні бойынша жауап бер.
Ғалым болу арманым
Ғалым болғым келеді
Жер байлығын ақтарған.
Жалын болғым келеді
Гүл жасайтын тастардан.
Асқақтаған күй болып,
Шалқып тұрғым келеді.
Жарқыраған күн болып,
Балқып тұрғым келеді.
Артқа тастап ғасырды,
Тасып кеткім келеді.
Алатаудай асылды
Ашып кеткім келеді.
/Х.Талғаров/
2.Өнер ,ана,батырлық туралы 8 мақал-мәтелді дәптеріңе жаз.
III деңгей.
1.Мәтінді мазмұндап,негізгі ойын анықта
2.Етістікті тіркестерді қалау рай тұлғасында жазыңыз.
Үлгі: Айтып келдім-айтқым келеді.
Айтып келдім, күлкісі келді, біліп отырмыз, жақсы оқы, қолыңды көтеріп отыр, ән айтып бер.
Жоғарыда берілген тапсырмалар әрі модульдік технологияға сай жасалған, сонымен қатар оқушыларға синоним туралы қайталап, білімдерін пысықтауға емес, танымдық мақсатты да жүзеге асыруға көмектеседі.
5-сынып бойынша тек 1 сағатты қамтитын синонимдер тақырыбында тек синонимнің ережесі, синонимдік қатар, доминант сөздердің мағыналары ашылған. Жоғарыда айтып өткендей, бұл сыныпқа тағы бір қосымша сағат қажет, себебі синонимнің жасалу жолдарын түсіндіру, сөздік қорды байыту мақсатында 1 сағат өте аз.
Синонимдер оқытудың амал-тәсілдері өте көп, тіпті қарапайым тәсіл арқылы да оқытуға болады. Синонимдерді оқытуда дәстүрлі әдіс-тәсілдер де өз орнын жоған емес. Мәселен, мына тапсырмалар физика-математикалық бағытта тереңдетіліп оқытатын орыс сыныптарына өте тиімді:
Достарыңызбен бөлісу: |