1. Қан құйлы қырғын – қиян-кескі ұрыс, қантөгіс, соғыс,
2. Қуғын-сүргін – жер аудару, өз елінен, жерінен қуу
3. Тоталитарлық жүйе – мемлекеттің қоғамға және жеке адамға толықтай, тұтас бақылау орнатуымен сипатталатын саяси жүйенің бір түрі. Оған тән ерекше белгілер: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барынша бұзылуы; барлық деңгейдегі биліктің жоғарыдан тағайындалуы;
4. Біртуар - жеке, дара, біреу
5. Тосыннан – кенеттен, оқыстан, кездейсоқ
13-тапсырма. Ғ. Қараштың өлеңін оқып шығып, синонимдік қатармен танысыңыз, оларды қатыстыра отырып, сөйлемдер құраңыз.
«Аждаһа алты басты жаудан қорқам,
Бүлдірген ел арасын даудан қорқам,
Күлімдеп кіріп, ішкі сырыңды алып,
Құрылған аяқ асты аудан қорқам,
Асығыс істей салған сөзден қорқам,
Қандар тасқан қара күштен қорқам»
Жау – дұшпан – қас
Қорқу – зәресі ұшу – зәресі көзіне көру – жүрегі ұшу
Күлімдеу – жымию – езу тарту
Аяқ асты – күтпеген жерден – кенеттен
14-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, бөлімдерге тақырып қойыңыз.
Қазақтың тұңғыш заңгері
Бақытжан Бейсәліұлы Қаратаев - 1860 жылы 10 мамырда Қаратөбе ауданы Ақбақай ауылында дүниеге келген. Қазақтың тұңғыш заңгері, көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы-демократ, Қазақстанның ірі тарихи тұлғаларының бірі Бақытжан Қаратаевтың ел тарихында алар орны үлкен. Сұлтан тұқымынан тараған, атасы - өз заманында патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісті басқарған Қаратай сұлтан Нұралыұлы. Кіші жүздің ханы Әбілқайыр Бақытжанның арғы атасы болып келеді.
Алғаш Орынбор қаласының гимназиясын «өте жақсы» деген дәрежемен бітірген, кейін Санкт Петербург университетінің заң факультетіне түсіп, 1890 жылы алтын медальмен бітіреді. Петербургте, Кутаисида, Орынборда тергеуші болып істейді. 1897 жылдан Оралда, Қаратөбеде, Жымпитыда адвокат болады. Заңгер Бақытжан Қаратаев - 1907 жылы ақпанның 20-сында шақырылған ІІ Мемлекеттік думаға Орал облысынан депутат болып сайланып, І және ІІ Мемлекеттік Думаға сайланған қазақ депутаттарының арасынан патша үкіметінің қазақ жерінде жүргізіп отырған аграрлық саясатының отарлық астарын ашық сынға алып, сөз сөйлеген жалғыз депутат.
Бақытжан Қаратаев – езілген халықтың құқын қорғауда көп еңбек сіңірген заңгер, большевиктердің қазақ халқына қарсы ұйымдастырған нәубетіне, аштан қырылуына қарсы батыл үн көтерген қайраткер. Дегенмен, Кеңес үкіметі органдары тарапынан Б.Қаратаевтың саяси қызметінен шеттетілгені де тарихи шындық.
Достарыңызбен бөлісу: |