8-тапсырма. Ойды жалғастырыңыз.
Қымбатты /қадірлі, аяулы, ардақты/............................!
Сізді туған күніңізбен /ердің жасы елуге келген, асқаралы алпысқа толған, қырықтың қырқасына шыққан, орда бұзар отызға толған мерейтойыңызбен/ құттықтаймын.
Құрметті /қымбатты/.............................!
Сендерді бүгінгі отау тігіп, шаңырақ көтерген үйлену тойларыңмен құттықтаймын.
Қымбатты /қадірлі, аяулы, ардақты/............................!
Сізді келе жатқан аналар күнімен құттықтаймын.
9-тапсырма. Ақынның монологын зейін қойып оқыңыздар, төмендегі берілген тапсырманы орындаңыз.
Туған жер
«Жыланды - менің ата-бабамның қонысы, өзімнің кіндік қаным тамған жер. Осы жерде дүниеге келгенмен, балалық шағым Сайқұдық елді мекенінде өтті. Ата-бабамыз су тапшы болғандықтан, мына жыландай иретіліп жатқан сайды қолмен қазып тереңдетіп, 6 шақырым жерге канал қазып, Өлеңті өзені тасығанда су құйып алып, су қайтқанда сағаны бөгеп, жаз бойы келесі жылға дейін сол суды 10 пайдаланады екен. Небір қиыншылық заманды өткеріп, бабаларымыз осы жерді мекендепті. Ашаршылық жылдары тастап кетіп отырған. Бұл жерде 1921-1947 жылдар аралығында ешбір жан болмаған. 1947 жылдан бастап, Азынабай Тайпаққа ел қоныстанып, бүгінде туған өңірім төрт түлік малға толып, гүлденуде. Неге екенін білмеймін, осы кіндік қаным тамған Жыланды қайда жүрсем де ойымнан кетпейді. Ел байлығын еселеп арттырып, жерлестерім аман-сау жүріңіздер!»
Бірінші бағанда берілген сөз тіркестерінің синонимдік қатарын екінші бағаннан табыңыз.
1. ата-бабамның қонысы
|
1.ауыз суы жетпеген
|
2. кіндік қаным тамған жер
|
2.дүниеге келген жерім
|
3. су тапшы болғандықтан
|
3.атамекен
|
4. ашаршылық жылдары
|
4.туған жер
|
5. еселеп арттырып
|
5.нәубет
|
6. туған өңірім
|
6.көбейтіп, молайтып
|
Достарыңызбен бөлісу: |