Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Тақырыбы : «Петропавл қаласында орналасқан «Уралнефтепродукт»


Атмосфералық тоқтың бірінші және екінші көрінуінің сарапталуы



бет4/5
Дата22.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#152919
түріДиплом
1   2   3   4   5

4.1. Атмосфералық тоқтың бірінші және екінші көрінуінің сарапталуы.

Мұнай өнімдерінің мұнай базасындағы сақталу кезіндегі өрттің негізгі көздері- найзағайдың тікелей соққысы, статикалық тоқтың айырылуы, механикалық ұшқындардың шығуы, пирафорлық шөгінділердің өздігінен жануы және қосу, қалыптастыру аппараттарының ұшқындарының пайда болуы.

Газ аумағындағы найзағайдан пайда болатын өрттің 80% маусым, шілде айларында мұнай базаларында болады.

Сұйық қоймаларды найзағайдан қорғап қалу үшін найзағайды қабылдайтын орнытқыштар орнатады. Бірақ найзағай қабылдағыштарды орнатқан кезде сұйық қоймадағы жанғыш қоспа металдың еріп кетем дегенге дейін жанып кетуін ескеру керек. Жер астындағы сұйық қоймалдар(В-1 Г класында) найзағайдан бөлек тұратын жайтартқышпен қорғалады. Ол аймаұұа биіктігі 5 м параллепипед кеңістігі кіреді.

Мұнай өнімдері толтырылған сұйық қоймаларда өрт найзағайдың тікелей соққысынан емес, атмосфералық тоқтың екінші соққысынан пайда болады.

Қорытынды: Теміржол эстакадасындағы атмосфералық тоқтан өртті болдырмау жолдарының бәрі – мұнай өнімдерін найзағай кезінде төгіп- құюды тоқтату.

4.2. Статистикалық тоқтын қауіпін болдырмауды бағалау

Сұйық қоймаға мұнай өнімдерін құйған сәтте оларды араластыру кезінде статикалық тоқтың жоғары көтерілуі өте қауіпті. Сол себептен мұнай өнімдерінің сұйық қоймаға толтыру кезінде толтырудың жылдамдығын шектеу керек. Мұнай өнімдерінің толу деңгейін өлшеу , олардың сынамасын алу сұйықтың ішіндегі зарядтардың жайылуынан кейін белгілі уақытта өткізеді.



Мысалы: Сұйық қоймадағы сұйықтың тоқтық қарысуы 10 Омм, болған жағдайда жұмыста сұйықты айдаудан 20 мин.кейін өткізу керек.
Қорытынды: Сұйықтың толтыру құбырынан өтіп келе жатқан кезде оның электроөткізгіштігін азайту үшін релакциялық ыдыс пайдалану керек, олардың ішінде темір пластиналар болғаны дұрыс. Теміржол эстакадасында төменгі құрылыс, әсіресе төменгі құрылу статистикалық тоқтың зарядтарының пайда болуын төмендетеді.

Жоғарғы құрылуда шлангтық үшін цистернаның түбіне түсіреді. Электростанциялық потенциалға мұнай өнімдерінің тасымалдануы үлкен әсер етеді. Оның ішінде жүру жылдамдығы және құбыр, сол себептен сұйықтық жылдамдығын шектеу керек.



4.2.1. сурет. Жанармайдың жүру кезіндегі потенциалды өзгеруі:

1- болат құбыры

2-қорғасын құбыры

3-резенке құбыры



Қорытынды: статикалық тоқтың зарядтарын болдырмау үшін барлық технологиялық құрылымдарды жерге қосу керек. Резеңке төгу-құю темір шлангтары жерге темір троспен , я болмаса өткізбемен байланыстырылуы қажет.

4.3. Механикалық ұшқылардың болдырмауын бағалаулар.

Механикалық соққылардың ұшқынын және цистерналардың қажалуын болдырмау үшін, қуылысты жәй және соққысыз қуу керек. Эсткада аумағында цистерналарды тоқтату үшін ағаш төсеу пайдаланылады. Цистерналардың құю-төгу құралдарын қосқан кезде және басқа операциялар болған кезде соққыны болдырмау керек.

Қолмен жұмыс жасайтын кезде механикалық ұшқындардың болмауынын алдын алу қажет. Мысалы, сұйықтың тиеу және түсіру кезінде , ремонт және сұйық қоймадан сынама алу кезінде.

Мұнай өнімдерінің қаппақтан қолдап сынама алу кезінде және оның биіктігін қолдап өлшеген кезде сұйық қойманың қақпағында жарылыстар иә болмаса өрт болып тұрады: сынама алу үшін иә болмаса биіктігін өлшеу үшін, адам сынама алу ыдысымен өлшеу лентасымен баспалдақпен көтеріліп сұйық қойманың үстінде болу керек. Өлшеу люкті жабу немесе ашу кезінде механикалық ұшқындар пайда болуы мүмкін. Ал өлшеу лентасын түсіру немесе көтеру кезінде шнура статикалық тоқ болуы мүмкін,ол өрттің себебі болады.



4.4. Пирофлық қосындылардың жасалуының қауіптілігінің бағалануы.

Темір сульфитінің өздігінен жануы- қоймалардың өртенуінің бір себебі сульфидтер сұйық қоймалардың ішінде мұнай өнімдерінің темір құрылғылармен байланысқан кезде болады. Сол себепті өрт сұйық қойманың ішіндегі жарылыстан басталады. Қақпақтың жарылғанының кейін темір сульфидтің қышқылдануы тез жүреді де, ол өрттің себебі болады.

Мұнай өндіру заводтарының бірінде күкірт темірінің өздігінен өртенуі жиі болады. Ол мына себептерден болған: күндіз, ыстық күнде қызған жанармайдың температурасы 500С -800С ға дейін болған.

Темірдің күкірт қоспалары оттек күкіртімен бос күкірттің сұйық қоймаларында болаттан жасалған қабырғалармен байланысқан кезде пайда болады. Ең тез өздігінен жанатын қышқылданған темір сульфиді. Ол ауадағы оттек кепке сұйық қойманың қақпағымен біріккен кезде, температура көтеріліп, көк түтін пайда болады да отқа айналады. Осы себептен шөгінділердің ыстығы 600-7000С дейін көтеріледі. Осы жағдайда газ толтырылған қойманың тұтануы болады.

Темір сульфидтің өздігінен жану себебін анықтау нәтижесінде келесі сақтану ережелері жасалған. Ол ережелер сұйық қойманы сульфидпен тазарту кезінде және мұнай өнімдері сақталатын сұйық қоймаларды дайындау кезінде пайдаланылады.

4.5. Тоқ құралдарындағы ұшқынның пайда болу қауіпін бағалау.

Мұнай базаларының техникалық алға жылжуы сұйық қоймалардың көлемінің, құбырлардың диаметірінің, айдау жылдамдығын және технологиялық процестердің қосымша операциялардың үлкею жолымен келеді. Еңбек өндірісін жоғарлату мақсатында және қауіпті қол жұмысын болдырмау мақсатында технологиялық процестерді механизациялау және автоматизациялау қаралған. Ол ҚНжЕ 2.11.03-93 «Мұнай және мұнай өнімдерінің қоймалары. Өртке қарсы нормалар" тарауында қаралған. Мысалы: Электрондық ысырмаларды қашықтықтан басқарумен ашып жабады.

Мұнай базаларында технологиялық процестерді механизациялау және автоматтандыру сұйық қойма паркінде тоқ құрылымдарының көп болуына байланысты. Егер берілген өрт қауіпсіздік шаралары толық іске аспаса, ол жанғыш ортаның көбеюіне және өрт көзінің пайда болуына себеп болады.

1992 жылы мамыр айында сұйық қойманың мұнай айдау паркінде екі жарылыс болған жараылыс алдында кезекші бригада тоқтың ысырмаларын диспечерлік орыннан өлшеу құрылымы арқылы басқарған. Жарылыс нәтижесінде ЖБӨҚ (жабдықтарды бақылау өлшеу құрылғылары) будкасы бұзылған, құдықтың жабдығы және 0,5 км радиусында орналасқан ғимараттардың терезелері сынған. Жарылыстан кейін мұнай өртенген. Сұйық қоймадағы алты механикалық және гидравликалық клапандар еріп кеткен, бірақ от сұйық қоймалардың ішіне кірмеген. Өрт өз уақытында сөндірілген.

Өрттің салдары мұнай айдау кезіндегі көлемінің көбеюі және мұнай базасының технологиялық сызбасындағы өзгерістерге байланысты. Демалу аппаратынан жанармай буынаң үлкен көлемде шығу себебінен өрт шыққын. Осындай жағдай болдырмау мақсатында кезекші будкілерді және оператор бөлмелерін жарылыс болу қауіпі бар аумақтан алыс алып кету мақсатында жасалу керек.

5 бөлім. Мұнай базасының аймағындағы мұнай өнімдерінің жайылу қауіпінің сарапталуы.

Мұнай өнімдеріне күнделікті тасу және сақтау жағдайында жоғарға ағу қасиеті тән. Сол себептен ыдыстан және құбырдан шыққаннан кейін жінішке қабатпен қоршаған ортаға жайылады. Қарапайым есептеудің көрсетуінде жер бетіндегі сұйық қойманың бұзылу кезінде жайылудың және кірленудің көлемі өте үлкен болады.( қабаттың 10 см қалпындағы – 1 га мұнайөнімінің әрбір 1000 тоннасына)

Тез жанғыш сұйықтықтың жан-жақа жайылуы өрттің тез болуына әсер етеді. Оның көлемі жайылудың көлеміне тең, ал өрт көптеген адам өліміне және оңдау жүргізетін адамдардың жарақаттарына әкеледі. Өрт қауіпсіздігі өте зор. Себебі өрт жағдайында жөндеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік болмайды.өрттен болатын шығынның көлемі өп болады.Жанатын және жанбайтын сұйық қоймалардан лақтырылған және аққан мұнай өнімдері өрт кезеңіндегі ең қауіпті жағдайға жетеді. Бұл жағдайлар өрттің тез таралуына көмектеседі және өрт сөндірушілерге үлкен қауіп тудырады.

Қауіпті апаттың сыртқа таралуын мұнай өнімдері сұйық қойма паркінде жайылған кезде құбырларды бұзады және технологиялық тәртіптің барысын өзгертеді. Сұйық қойманы тазарту және жуу кезінде жұмыстар дұрыс жүргізілмесе, ол өрт қауіпіне әкеледі.

Егер мұнай өнімдерінен адамдардың жауапкершілігі өзінен және технологиялық дұрыс өткізбеуінен сұйықтық шығып кетсе, ол қоршаған ортаны ластайды. Осындай жағдайды болдырмау үшін сұйық қоймадағы механикалық мықтылықты сақтау керек.

Қайнаған болаттан жасалған СТ-3 сұйық қоймалары тез бұзылады, егер кері қызу болса және дәнекерленген тегістерде қуаттың концентраттары болса. Қысқы кезде сұйық қойманың корпусы оның түбімен қосылған жері топырақпен қымталуы керек. Бұзылған сұйық қоймалардан және құбырлардан мұнай өнімдері ағып кетпеу үшін канализацияларға тез ағып кету жағдайын жасау қажжет.

Қазақстан Республикасы ҚНжЕ 2.11.03-93 «Мұнай және мұнай өнімдерінің қоймасы. Өртке қарсы қоймалардың нормасына» сәйкес ір жер бетіндегі сұйық қоймалар құм үйшігімен және қабырғалармен қоршалуы қажет. Әр қоршаудың биіктігі төгілетін сұйықтың көлемімен биіктігінен 0,2 метр жоғары болу шар, бірақ 10000 м3 көлемі бар қойма 1 метрден жоғары болмауы керек.

Сұйық қойманың қабырғасынан қоршаған қабырғаға дейінгі ара қашықтық 3 метрден аз болмау қажет. Сол кезде сұйық қойманың көлемі 10000 м3 болады.

Осы берілген нормативтік талаптарға сай сұйық қойманың сыйымдылығы мына теңдікке келу керек:

Мұнда:
Vmax- сұйық қойманың көлемі;

һогр-сыртқы қоршаудың биіктігі;

hогр-сыртқы қоршаудың төгілген сұйықтықтан жоғары тұруы

Fобв-жердің көлемі;

Fi-әр сұйық қойманың көлемі;

n-сұйық қойманың саны.

Көтерілулердің биіктігін және сұйық қойманың көлемін есептейік:





Көтерме жасау мына нормаларға сәйкес өткізіледі:

Fф=4000м2 > Fтр=3670м2

һобв=1.5м >hобв= 1,4м.

Тәжірибенің көрсетуі бойынша бірден басталған өрт тез өшеді және кейде тез жайылып кетеді. Бір технологиялық аппараттан екінші аппаратқа өтеді, сыртқа шығады және көрші өндірістік құрылымдарға , құрылыс ғимараттарға шауып үлкен өртке айналып, адамдардың өліміне әкеледі.

Біздің елімізде болған өрттердің саны көп емес. Ол өрттің ортақ санының 0,2% дейін жетеді. Сол себептен өрттің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізу қажет. Өрт тез жайылады, егер технологиялық процесте басталған өртке жағдай болса.

Өрттің тез жайылу себептері жанғыш заттардың және материалдардың болуы, технологиялық құрылымдардың бірімен бірі байланысып тұруы.
6 бөлім. Мұнай құю терминалындағы жабдықтар мен өрт пен жарылысқа қарсы құрылғыларды орнатудағы өрт қауіпсіздігіне арналған профилактикалық іс шаралардың жоспары.

6.1.1. Бірінші және екінші атмосфералық тоқтың пайда болуынан сұйық қоймалардағы қорғаныс шараларының бағалануы.

Тікелей және электростатикалық пен электромагниттік атмосфера тоқтарының құбылыстары сұйық қойма мен сұйық қойма паркіндегі өрт пен жарылыстың пайда болуының бірден бір себебі болып есептелінеді. Көп жағдайда атмосфералық тоқтың пайда болуы ең күшті тұтанудың көзі болып табылады. Егер олардан қорғану шараларын жұргізбесе іұтегі және сырттағы жанғыш заттар өртеніп кетеді.

Сұйық қойманың беті металл қақпақпен жабық болған жағдайда,тікелей найзағай түссе сұйық қойманың қабырғалары қызып ,өздігінен жанатын қоспалар немес сұйық қоймалар жанады.

Металл қақпақтар тек қақпақ қалыңдығы 4 миллиметрден төмен болған жағдайда ғана еруі мүмкін. Максимум қызу 1-2 секундтан кейін ғана пайда болады. Суретте найзағайдан жарақаттанған жердің максимум қызуы көрсетілген. Бұл сурет найзағай түскен кезде аппарат қабырғаларының мықтылығын сақтап қалу үшін және сұйық қоймаларға найзағай түскен кездегі өрт қауіпсіздігін бағалау үшін өте қолайлы.


С
урет 6.1.1.

20000*С қызуы бар найзағай каналы байланысқа түскен кезде кез-келген жанғыш заттарды тұтандырып жібере алады және дәл осы жағдай өрттің пайда болусалдарына алып келеді.

Сонын ішінде өртке қауіпті және найзағайдың тікелей түсуін өзіне тура қабылдайтындар қатарына темір бетоннан жасалынған сұйық қоймалар жатады.

Қақпақтарының жұқалығы 4 мм ден төмен болатын сұйық қоймаларды және демалу қақпақтарын,жеке, көлемі 200 м ден төмен болатын сұйық қоймаларды найзағай сәулесінің тікелей түсуінен сақтау үшін оларды жертөлелерде, яғни жер астында сақтау керек.

Темір қақпақтардың өздігінен жануы оның қалыңдығы 8 мм дейін болған жағдайда болуы мүмкін. Сондықтан көптеген жағдайда оларға найзағай қабылдауыш құралдар орнатып отырады. Олар олардың өздігінен тұтануын

сақтап тұрады. Найзағай қабылдауыш демалатын қақпақтары бар сұйық қоймаларғада көп жағдайда орнатылады. Олар сұйық қоймадан шығатынбу-әуә жанғыш қоспанын жанып кетуін сақтап отырады.

ПУЭ ге сәйкес сұйық қойма парктері, төгу эстакадалар, сорғы және басқада өртке және жарылысқа қарсы мұнай базасының орнатпалары жарылысқа қауіпті аумақ болып есептеледі. Олар В-1Г класына кіреді және найзағай қабылдауыш орнатуға тиім екінші категориялы гимарат пен құрылғылар тобына да кіреді.

Найзағайға қарсы құрал таңдаған кезде оның биіктігін, көршілес ғимараттар арасындағы орналасуын және көптеген қосымша факторлар назарға алынады..

1жыл ішінде 3000 м көлемі бар найзағайдан қорғалмаған сұйық қоймаға түсетін найзағайдың түсуін орташа есеппен алатын болсақ , онда бізде мынандай есеп шығар еді:

N=(S+6hx)(L+6hx) . n . 10-6 =(15,194+6 . 12)(15,194+6 . 12) . 1 . 10-6=0,0076


Мұнда:

S-қорғауға алынған нысанның көлемі;

L-қорғауға алынған нысанның ұзындығы;

h-нсыанның ең үлкен ұзындығы.


400 м көлемі бар сұйық қойманға бір жыл көлемінде түсетін найзағайдын түсуін есептеп көрейік:
N=(S+6hx)(L+6hx) . n . 10-6 =(7,97+6 . 8,5)(7,97+6 . 8,5) . 1 . 10-6=0,0035

№1 қорғауға алынбаған сорғыға бір жыл көлемінде түсетін найзағайдың түсуін есептеп көрейік:


N=(S+6hx)(L+6hx) . n . 10-6 =(8+6 . 5)(12+6 . 5) . 1 . 10-6=0,0016
№2 қорғауға алынбаған сорғыға бір жыл көлемінде түсетін найзағайдың түсуін есептеп көрейік:
N=(S+6hx)(L+6hx) . n . 10-6 =(10+6 . 5)(12+6 . 5) . 1 . 10-6=0,00168
Екінші категориялы ғимараттар найзағайдың тікелей түсуінен қорғалған болу керек. Найзағайдан сақталу түрі N көрсеткіші бойынша көрсетіледі. А түріндегі аумақ N>1 болған кезде қабылданады да Б түріндегі аумақ N< 1 болған кезде қабылданады.

N ең төменгі түр болғандықтан ол барлық найзағайдан қорғалуға тиісті Б түріндегі Б түріне қолданылуы керек.

Міндетті түрде найзағай қабылдауыштың биіктігін өлшеп отыру керек. Барлық қоймалар найзағайдың тура түсуінен қорғанған жағдайд болу міндетті.

3000 м3 көлемі бар сұйық қоймалар
Б түріндегі найзағайдан қорғайтын аумақтағы ғимараттардың қоғаныс биіктігі мен қорғаныс аумақтарының биіктігі:
h=(Rx+1,63 . hx)/1,5=(7,597+1,63 . 11,32)/1,5=17,36 м
h0=0,92 . h=0,92 . 17,36=15,97 м
R0=1,5 . h=1,5 . 17,36=26,04 м

Найзағай қабылдауыш құрал сұйық қойманың станционарлық қақпағында орналастырылған болғандықтан, оның көлемі мынаған тең болады:

Һм=һ-һх=17.36-11.32=6.04 м
3000 м3 көлемі бар сұйық қоймада орналасқан найзағай қабылдағыштың ұзындығы нормаға сәйкес болады. Себебі олар есеп бойынша сәйкестендіріліп жасалынған.

6.1.2. сурет. Сұйық қойманың қақпағында орнатылған жалғыш найзағай қабылдағыш құралдың қорғаныс аумағының схемасы.



400 м3 көлемі бар сұйық қоймалар.
Найзағайбұрып жібергіш құралдың қажетті ұзындығын анықтайық:
h=(Rx+1,63 . hx)/1,5=(3,985+1,63 . 8,25)/1,5=11,62 м

h0=0,92 . h=0,92 . 11,62=10,69 м

R0=1,5 . h=1,5 . 11,62=17,43 м

hм=h – hx=11,62 – 8,25=3,37 м


400 м3 көлемі бар сұйық қоймада орналасқан найзағай қабылдағыштың ұзындығы нормаға сәйкес болады. Себебі олар есеп бойынша жасалынған сейкестіктен көбірек.

Қорытынды: найзағайдан қорғайтын құрылғыларды есептеп есебін шығарған уақытта, біз сұйық қоймалардың сенімді сақталып қорғаныста тұрғанын байқадық. Олар Б зонасындағы найзағай бұрып жібергіш құралдың көмегімен қорғалып тұр.

6.1.2.Мұнай өнімдерін қайта ауыстырып құятын №1 сорғыш станциясындағы жасалынған найзағайдан қорғайтын құралдың тәжірибесі.

«Инструкции по проектированию и устроиству молнезащиты знадий и сооружении» негізіндегі талабына сәйкес сорғы арқылы қайта ауыстырып құятын мұнай өнімдері В-1А класындағы жарылысқа қауіпі бар аумаққа қіреді. Олар II категориялы найзағайдан қорғау аумағына алынған. Себебі сорғыш 10 с/ж найзағай түсетін аумаққа кіреді. Сорғыш аумағы жоспар бойынша 8х12х5 м құрайды.

Найзағай бұрып жібергіштің N қорғаныс аумағы келесі формуламен анықталады:

N=(S+6һх)(L+6hx) n 10=(8+6 5)(12+6 5) 1 10=0.0016


N=0.0016<1 аумағындағы найзағай бұрып жібергіш Б типінде болу керек.

Найзағай бұрып жібергіштің қажетті биіктігі таңдау бойынша анықталады. Ол кезде S/2=2.5

Формула бойынша анықтайық:

Rcx=Rx=1.5(h-hx/0.92)=1.599-5/0.92)=5.35м

Ro=1.5 h=1.5 9=13.5 м
Ho=0.92 h=0.92 9=8.28 м
Rcx=5.35м >S/2=2.5 м болғандықтан, онда найзағай бұрып жібергіштің биіктігі дұрыс алынған.

Сорғы құралының қақпағына найзағай қабылдағышты 6.2.1 суретте көрсетілгендей етіп саламыз.



6.2.1. №1 сорғының қақпағында орнатылған еселенген найзағай қабылдағыштың сақталу зонасындағы схемасы.


6.1.3.Теміржол эстакадасындағы найзағай қорғаныш пен автоцистерналарға құятын цистерналардың найзағай қорғанышының сараптамасы.

ПУЭ теміржол эстакадасының талабына сәйкес ашық түсті мұнай өнімдері В-1Г класының зонасында орналасқандықтан жарылысқа қауіпті аумақ болып есептеледі. Оларға нормативті қорғаныс аумақтары да қарастырылған темір жол эстакадасының биіктігі 72 м,ал темір жол жолдарының жалпақтығы 5 м.



  1. Найзағайдана болуы мүмкін шығындардың сақталу аумағын анықтайық:

N=(S+6h x) (L+6h x) n 10 = (45+6 6) (72+6 6) n 10 =0.0048

N=0.0048 < 1 болған жағдайда найзағай бұрып жібергіштің қорғанысы Б типінде болу керек.




  1. Найзағайдың бұрып жібергіштік қажетті биіктігін анықтайық.

H=(Rx+1.85h x) /1.7= (23+1.85 6)/1.7=20.08м


Найзағайдан қорғайтын конустың төбесі

Ho=0.92h=0.92 20.8=18.45 м

Найзағай бұрып жібергіштің аумағының радиусы мынаған тең:

Ro= 1.7 20.8=34.1 м


Теміржол эстакадасының ортасында биіктігі 21 м болатын жалғыз найзағай бұрып жібергіш орнатады.

Автоцистерналарға құюға арналған эстакадалар



  1. Найзағайдан болуы мүмкін шығындардың сақталу аумағын анықтайық:

N=(S+6h x) (L+6h x) n 10 = (27+6 5,5) (36+6 5,5) n 10 =0,00394


N=0.00394 < 1 болған жағдайда найзағай бұрып жібергіштің қорғанысы Б типінде болу керек.


  1. Найзағай бұрып жібергіштің қажетті биіктігін анықтайық

H=(Rx+1.85h x) /1.7= (14+1,85 5,5) /1.7=14,3м


Найзағайдан қорғайтын конустың төбесі

Ho=0.92h=0.92 14,3=13,16 м

Найзағай бұрып жібергіштің аумағының радиусы мынаған тең:


Ro= 1.7 14,3=24.31 м
Теміржол эстакадасының ортасында биіктігі 15 м болатын жалғыз найзағай бұрып жібергіш орнатады.

6.2. Жанғыш ортаны жою

Мұнай базасында жанғыш ортаны жою үшін газды қалыпта сақтап отыратын системалар қажет. Олар сұйық қоймада өрт болған жағдайда өрттін алдын алады немесе олардың жануын тоқтатып атмосфераға лақтырып жіберіп отырады. Құбыр өткізгіштің системасына негізгі коллектор мен өткізгіш құбырлар кіреді. Олар сұйық қоймалрды негізгі коллектормен байланыстырп отырады. Әрбір құбыр өткізгіште өрттін алдын алып отыратын құрылғылар орнатылып отырады.




6.3. Үлкен және кіші дем кезінде туындайтын жағдайларды азайту.

Үлкен және кіші дем кезінде туындайтын жоғалты\уларды болдырмау үшін ісініп кетпейтін қақпақтарды пайдалану қажет. Олар тарелкелердің ісініп кетпеуін және буларды атмосфераға пайдао\лы шығуын к\қамтамассыз етеді.

НКДМ қақпағы келесі негізгі тараптардан және бөліктерден тұрады: тәрелке, келте құбыры мен ерді байланыстырып тұратын төменнен бөлектенген фторопластық қабықшамен,мембранамен төменгі және жоғарғы бөліктерінің еренемен арасындағы қысылған дискілермен және реттеуіш жүргектен. Дөңгелектер және тәрелкелер баумен байланыстырылған. Шатырында саңылау орналастырылған. Оған надмембранааралық камера арқылы атмосферадан хабар кеп тұрады. Мембраналармен жанармай бағаналарының 0,4-,06 мм жұқалығымен кезіп алынған маталарынан жасайды. Олар икемділігін -501*С температурада сақтап тұрады. Бекітпелердің ауытқуын бодырмау үшінпружина мен демпфер орнатылған. Сыртқы қапталында ашылмалы өртке қарсы тосқауылдар қойылған. Жайлылық және қызмет көрсету үшін қақпақ бүйіріндегі мок қақпағымен жабдықталған.

Қақпақ былай жұмыс жасайды. Сұйық қоймада вакум пайда болғанда мембрананың камерада да дәл сондай вакум пайда болады. Вакумның ең маңызды есебіне жеткен уақытта тораптың массасы мен тәрелке атмосфералық қысымның төменгі қабатының мембранасы мен тәрелкенің жоғарғы бөлігіне теңестіріледі.

Вакуумның есеп негізінің көтерілген жағдайында тәрелкелер жоғарыға көшіріледі және газ сұйық қойма мен атмосфераны бір-бірімен байланыстырады. Вакумның көлемін қысқартқан жағдайда есеп тәрелкесі ерге түсіріледі және қақпақты жабады.

Сұйық қоймада қысым жасалынған кезде мембранааралық камерада да дәл сондай қысым көтеріңкі қысыммен пайда болады және тәрелкені ерге жақындататын күш пайда болып, ол ауа кіргізбейтін бекітпелерді жақсарта отырып кеңейтіледі. Мембранааралық камера қысымы бір мезгілде мембрананы жұп дискімен жоғарыға көтеруге талпынады. Өртке қарсы бөгеттердің қақпақтары шығынның көбеюі арқылы өседі және мембранааралық камераның қысымын қосымша күш жасап алады. Олар тәрелкені көтеруге жүктеледі. Күз және қыс айларында қатып қалу қауіпіне байланысты өртке қарсы бөгеттердің құндақтарын шешіп тастайды. Ол арнайы астарлармен ауыстыруға қажет. Олар мембрана асты камерасының тіреуіші жұмыс кезінде қысымда болған жағдайында сақтап тұрады.



6.4. Аппараттар мен құрылғыларды бұзылудан сақтап қалу.

Демалу құрылғыларының жұмыс жасау тәртібінің ортақ қысым себебінен буынудан сақтау үшін оның мықтылығының қысымы 15 МПа болуы қажет.

Поршен сорапының жұмыс жасау кезіндегі қысымның көтерілуінен сақталу үшін әр сорапқа суландыру мүшелерін орнықтыру қажетр. Олардың үстіне қақпақтар орналастырылу керек. Қақпақтар қысымның МПа дәрежесіне жеткен кезде оның жұмысын өзіне қарай қалыптастырады.

Қыс кезінде жағымсыз қысым жағдайында құбырларды мұзданудан және тығындалудан сақтау үшін жер беті құбырларын жылы сақтап , қаптау қажет.

Жұмыс кезінде поршен сорғыларын гидравликалық аққыдан сақтау үшін әр сорапқа қоршау сызықтарын орнату керек. Олардың үстіне қақпақтарда орналастырған дұрыс. Олар сараптаудың жұмысын өзіне қарай орналастырады.

Сораптарды теңселуден сақтау үшін оларды ауыр іргетасқа орналастырады. Және оларды әрдайым қадағалауда ұстап жұмыс істемей қалған уақытта себебін анықтап отырған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет